Аялдамадағы адамдар

Нұр-Сұлтанда жексенбіде қоғамдық көлік жүрмейді

56
Қазақстанның астанасы біраз уақыттан бері коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта тұр. Соған байланысты демалыс күндері карантин күшейтілді

АЛМАТЫ, 2 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында 4 сәуірде қоғамық көлік жүрмейді, деп хабарлады City Transportation Systems.

"Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, 4 сәуірде елордада қалалық және қала маңындағы маршруттардың қозғалысы бір күнге тоқтатылады. Дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі", – делінген хабарламада.

Қоғамдық көлік операторы автобустарда бетперде тағу қажет екенін еске салды. Сондай-ақ, жолақысын қолма-қол ақшамен төлеуге болмайды.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласы 10 наурыздан бастап коронавирус инфекциясының таралуы бойынша "қызыл" аймақта тұр. 30 наурыздан бастап карантин күшейтілді.

Сауда, ойын-сауық орталықтарының қызмет уақыты жұмыс күндері 17.00-ге дейін қысқарады. Демалыс күндері олардың жұмысына тыйым салынған.

Оқи отырыңыз: Тоқаев кредит төлеу мерзімін кейінге қалдыруды тапсырды

9, 11 (12) сынып оқушыларынан басқа білім алушылар мен студенттер қашықтан оқиды.

Қоғамдық тамақтану объектілеріне демалыс күндері жұмыс істеуге тыйым салынады, жеткізу қызметіне рұқсат берілген

56
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, карантин, қоғамдық көлік
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (788)
Тақырып бойынша
Қазіргі жағдайымыз жақсы емес – Тоқаев
Елордада мейрамхана мен дәмхана жұмысына шектеу енгізілді
Карантин кезінде 40 келіге арықтаған жігіт құпиясын бөлісті
Малдан қауіпті ауру табылған: Қазақстанның батысында карантин енгізілді
Нұр-Сұлтанда карантин күшейтілді – жаңа қаулыда не айтылған
Кілт

Нұр-Сұлтанда көп балалы отбасыларға арналған баспанаға құжат қабылданады

48
Құжаттар арнайы сайт арқылы электронды форматта тапсырылады. Өтінім тапсыру мерзімі – 21-28 сәуір аралығы

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір - Sputnik. Тұрғын үй орталығы 21 сәуірден бастап көп балалы отбасыларға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін баспанаға құжат қабылдау басталатынын жариялады.

Осы санат бойынша кезекте тұрған көпбалалы отбасылар тұрғын үй бағдарламасына қатыса алады.

Барлығы 94 пәтер бөлінді, оның ішінде:

  • 89 үш бөлмелі пәтер (74,6-76,1 шаршы метр);
  • 5 төрт бөлмелі пәтер (97 шаршы метр).

Тұрғын үй түрі: сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй.

Орналасқан жері: Қордай көшесі 79 және Қордай көшесі 79а.

Құжаттарды қабылдау күні: 2021 жылдың 21 сәуірі сағат 00:00-ден бастап 2021 жылдың 28 сәуірі сағат 23:59-ға дейін.

Құжат қабылдау qatysu.zhilfond.kz порталы арқылы тек электронды түрде жүргізіледі.

Оқи отырыңыз: "Мемлекет 50 процентін өтейді": вице-министр ауылда салынатын коттедждер жайлы айтты

Тұрғын үй қоры хабарлағандай іріктеу "Көп балалы отбасы" санаты бойынша елордада баспана кезегінде тұрғандар арасында өтеді. Іріктеу барысында отбасы құрамы мен тұрғын үй кезегіне қою күніне мәні беріледі.  

Бағдарламаға 2006-2021 жылдар аралығында тұрғын үй кезегінде тұрған адамдар қатыса алады. Ал өтінім тапсырғандардан кезекте басқаларынан ұзақ тұрғандарға басымдық беріледі.

Қалай тапсыруға болады

  • ЭЦҚ кілті;
  • барлық отбасы мүшелеріне жылжымайтын мүліктің жоқтығы немесе бары жайлы анықтаманың сканерленген нұсқасы;
  • балалардың туу туралы куәлігі/отбасы мүшелерінің жеке куәлігінің сканерленген нұсқасы (болған жағдайда);
  • некені қию/бұзу/ әкелікті анықтау туралы/, өлім туралы ф-4 анықтаманың сканерленген нұсқасы (болған жағдайда);
  • жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың сканерленген нұсқасы (болған жағдайда);
  • мүгедектік туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы (болған жағдайда);
  • созылмалы аурудың толық атауын, жеке бөлмеге және белгілі бір қабатқа мұқтаждығын көрсете отырып созылмалы аурудың медициналық қорытындысының сканерленген нұсқасы (болған жағдайда);

Өтініштерді қарау нәтижесі zhilfond.kz және zhil-astana.kz сайтары мен тұрғын үй орталығының әлеуметтік желілерінде жарияланады.

48
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, пәтер, баспана
Тақырып бойынша
"Алматы жастары" бағдарламасына құжат қабылдау басталды
Жас мамандарға арналған 5%-тік ипотека: маңызды 10 сұрақтың жауабы
Баспана бағасы қашан арзандайды – министрлік жауап берді
"Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды
Төбелес, архивтегі фото

Нұр-Сұлтанның қақ ортасында болған төбелес видеоға түсірілді

2509
(Жаңартылды 13:49 16.04.2021)
Жанжалдың себебі белгілі болды. Көлік жүргізушілері бір-біріне жол бермей, ерсі ишарат білдірген. Оның арты жанжалға ұласқан

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір — Sputnik. Нұр-Сұлтанда "Газель" мен "Мерседес" жүргізушілері қаланың қақ ортасында төбелесіп қалды. Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео тарап кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Видеода "Газель" көлігінен шыққан екі жігіттің бір адамға жабылып жатқанын көруге болады. Бірақ "Мерседестің" жүргізушісі екеуін тоқтата білді. Ал екінші видеода жүк көлігінің жолаушысы жүгіріп келіп, оны шықшыттан ұрып құлатады. Осы кезде "Газель" жүргізушісі келіп, төбелесті тоқтатады. Басқа көлік жүргізушілері де араша түседі. Төбелес Бөгенбай батыр мен Сарыарқа даңғылының қиылысында болған.

Министрлік Ресейде қазақстандықтар қатысқан жаппай төбелес туралы ақпарат берді

Астаналық полицейлер әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде тәртіп бұзушылықты тіркеуге алып, төбелеске қатысқандардың бәрін анықтады. Жанжалдың себебі де белгілі болды. Көлік жүргізушілері бір-біріне жол бермей, ерсі ишарат көрсеткен. Оның арты жанжалға ұласқан.  

"Қазіргі кезде "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті көлік жүргізушілерін қоғамдық тәртіпті бұзбауға және жол қозғалысына кедергі жасамауға шақырады", - дейді полицейлер.

Айта кетейік,  бұзақылық әрекеті үшін 2 000 айлық есептiк көрсеткiшке (5 834 000 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салынады, я болмаса, сол мөлшерде түзеу жүмыстары не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға жібереді. Оған да келіспесе, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

2509
Әскери оқу-жаттығу

Жағдай шиеленісіп барады: Ресей мен Украина қатынасы қалай өрбиді

0
Британдық және америкалық радиоэлектронды барлау ұшақтары мен кемеге қарсы ұшақтар Қара теңіздің бейтарап аумағында тынымсыз ұшып жүр

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір – Sputnik. Соңғы күні Солтүстікатлантикалық альянс шығыс Еуропада күрт белсенділік танытып жатыр. Бұл Киевтің Донбаспен шекараға қосымша бөлімшелер мен техника жеткізуіне қатысты жауапты әрекет екені ешкімге жасырын емес, деп жазады РИА Новости.

Донбастағы жағдайдың кезекті рет өршуіне байланысты НАТО елдерінің авиациясы бұл аймақта жиі төбе көрсетіп жүр. Түйісу орнында RQ-4 Global Hawk барлаушы дрондары тұрақты күзетте тұр. Олар ДХР мен ЛХР әскерінің қорғанысқа даярлығын назардан тыс қалдырмауда. Ұшқышсыз ұшу аппараттары түсірген суреттер сол мезетте киевтік әскери қолбасшылардың үстеліне жететініне еш күмән жоқ.

Украина қарулы күштері де әуе барлауын күшейтті. Сарбаздар Түркиядан сатып алған Bayraktar TB2 соққы жасаушы дрондарын байқаған. УҚК-де мұндай алты дрон бар. Қосымша ұшқышсыз ұшу аппараттарын жеткізу туралы келісімшарт жақында Украина президенті Владимир Зеленскийдің Түркияға сапары кезінде жасалғаны мәлім болды.

Сонымен қатар, батыс авиациясы Қырым жағалауына күн сайын мониторинг жүргізіп отыр. Британдық және америкалық Boeing RC135W және Lockheed P-3COrion радиоэлектронды барлау ұшағы мен P-8APoseidon кемеге қарсы ұшағы Қара теңіздің бейтарап аумағында тынымсыз ұшып жүр. Олардың басты міндеті – Қара теңіз флоты кемелерінің әрекетін қадағалау және түбекте орналасқан әскери топтың әуе шабуылынан қорғаныс жүйелерінің позицияларын анықтау.

НАТО өңірдегі әскери-теңіз қатысуын да күшейтіп жатыр. Сәуірдің соңына дейін АҚШ ӘТК-нің екі зымыран эсминеці Қара теңізге шығуы керек. Пентагонның ресми мәлімдемесі бойынша, кемелерді бағыттау қалыпты сипатқи ие. Алайда Кремль жағдайды назарда ұстап отыр. Себебі бұл эсминецтер елуден астам "Томагавк" қанатты зымыранын тасымалдайды.

"Америка Құрама Штаттарының әскери белсенділігіне, соның ішінде Қара теңізге кеме кіргізуіне келсек, бұл тұрақты болып жатыр. Қазір бұл әсіресе агрессивті қарқында орындалуда", – дейді Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров.

Тағы бір қызық жағдай: АҚШ ӘӘК әскери-көлік авиациясының ұшақтары Киевке қандай жүк жеткізіп жатыр?

Мамандар FlightRadar интернет сервисінің көрсеткішіне назар аударып, АҚШ, Германия мен Балтық маңы елдерінен ұшып шыққан америкалық С-17 мен С-30 Борисполь әуежайына тоқтап, жүк түсіріп, кері қайтып жатқанын анықтады.

Әскери сарапшы Алексей Леонковтың пікірінше, Вашингтон Украинаға радиоэлектронды күрес кешендерін жеткізіп жатыр. Бұл жақын уақытта УҚК шабуыл жасайды дегенді білдіреді. Ресей де қол қусырып отырмайтыны анық.

"Егер жағдай ушығатын болса, онда біз өзіміздің және қай жерде жүрсе де, өз азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлығын жасаймыз. Мұндай өршуге Киев пен оның Батыстағы кураторлары толық жауапты болады. Сондай-ақ біз Қырымнан, Қара теңіздегі жағалаудан аулақ болу туралы АҚШ-қа ескертеміз", – деді СІМ басшысының орынбасары Сергей Рябков.

Батыс елдерінің ресейлік шекара маңында белсенділігінің артуына тағы бір себеп – НАТО әскерлерінің мамырдың ортасында өтетін ең ауқымды Defender Europe 2021 оқу-жаттығуына дайындығы.

Өткен жылмен салыстырғанда 2021 жылғы әскери шара кезінде Шығыс емес, Оңтүстік Еуропаға көп көңіл бөлінеді. Маневрлер Черногория, Косово және Албанияда жоспарланған. Болгария мен Румынияда әуедегі шабуылдан қорғаныс жүйелері мен "жер – жер" тобындағы зымырандардың жаттығуы өтеді. Ал Венгрия тыл қызметін атқарады. Маневрлерге украин әскери қызметшілері де қатысады.

Еуропадағы АҚШ Құрлық әскерінің ресми сайтында жарияланған баспасөз релизіне сәйкес, оқу-жаттығулар "АҚШ, НАТО бойынша одақтастар мен серіктестері арасындағы стратегиялық және жедел дайындық пен өзара әрекеттесуді күшейтуге бағытталған". Бұл маневрлер үшінші мемлекеттер үшін ешқандай қауіп төндірмейтіні жазылған. Алайда Defender Europe 2021 антиресейлік бағытта өрбитіні айдан анық.

Сондықтан Ресей мен Белоруссия қыркүйекте "Батыс-2021" маневрлерін өткізеді. Белоруссияның қорғаныс министрі Виктор Хренин атап өткендей, "бірлескен оқу-жаттығулар жоғары урбанизацияланған елді мекендерде шабуылдау бөлімшелерінің бірлескен іс-қимылдарының жаңа әдістерін сынауға мүмкіндік береді" деп санайды.

0
Кілт сөздер:
Украина, Ресей