НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір — Sputnik. Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Президент тұрғындарға вакцина салуды уақытылы және жаппай ұйымдастыру, эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстап, халықтың денсаулығын сақтау жөнінде қала әкіміне тапсырма берді.
Мемлекет басшысына қаладағы халық санының артуына байланысты білім беру ошақтарын салу арқылы үш ауысымдық мектептердің мәселесін шешу, кезекте тұрған азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бойынша ақпарат берілді.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Алтай Көлгіновке қаланы газдандыру мәселесін шешуді, инвестиция тартуды, Жұмыспен қамту жол картасын тиімді жүзеге асыруды, шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуді тапсырды.
НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік пәтерлер саны артқанын, сол сияқты Алматы ауданында бірқатар мектептің құрылысы жүргізіліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Елорда аудандарын "Нұр-Сұлтан - жайлы қала" мастер-жоспары аясында дамытып жатырмыз. Аудандар полиорталық қағидатына сай дамуда, яғни қажетті әлеуметтік нысандар жаяу қашықтықта орналасқан", — деп жазды қала әкімі Instagram парақшасында.
Көлгінов бүгін жеңілдікпен берілетін бірқатар қолжетімді тұрғын үй құрылысының барысымен танысты. Әлеуметтік тұрғын үй Алматы ауданында орналасқан. Тұрғын үй кешенінің бірінші қабаттарында оңалту орталықтары, балабақшалар, балаларға арналған үйірмелер және тағы басқа әлеуметтік нысандар ашылады.
Әкімнің айтуынша, Алматы ауданында бірқатар мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл бір мезгілде жаңа ТК тұрғындарының оқушы орындарына деген қажеттілігін жабуға мүмкіндік береді.
Оқи отырыңыз: "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды
"Үйлердің сапасына, абаттандыруға ерекше назар аударуды, құрылыс қарқынын төмендетпеуді тапсырдым. Сапасыз жұмыс қабылданбайды", - деді ол.
Көлгінов мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жеңілдікпен берілетін қолжетімді тұрғын үй көлемін ұлғайту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өттіз. Биыл көрсеткішті 10 мың әлеуметтік пәтерге дейін көтеру жоспарланған. Көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 9 есеге артады.
2019 жылы 2900 әлеуметтік пәтер салынып, пайдалануға берілсе, өткен жылы 7 мыңнан астам пәтер салынды.
НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір — Sputnik. Қазақстандықтар Нұр-Сұлтандағы LRT бағаналарын "бұзып" жатқаны жайлы видеоны талқылап жатыр.
"Міне, LRT-ны бұзып жатыр. Соған қарағанда құрылысты жалғастырмайтын секілді", - дейді ер адам.
Алайда кадрда тіректердің бұзылып жатқаны көрінбейді.CTS көлік компаниясының баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне LRT бұзылмайтынын, видеода күнделікті жұмыс көрініс тапқанын мәлімдеді.
"Қаржыландыру мәселесі шешілген соң жұмыс басталады", - деп нақтылады компания.
2019 жылдың жазында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтандағы жеңіл рельсті көлік жобасына жауапты тұлғаларды өткір сынға алды. Елорда әкімінің экс-орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен "Астана LRT" компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданға халықаралық іздеу жарияланды.
Астана LRT: сақалды құрылыс тағдыры – фото
Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов пандемия кезінде LRT құрылысы туралы мәселе кейінге қалдырылғанын айтты. Себебі "Қазақстандағы екінші деңгейлі банктерден ғана емес, халықаралық банктерден де сыртқа қарыз тарту қажет болды".
Қазір елорда билігі жобаны аяқтау үшін халықаралық инвесторлар іздеуді жалғастырып жатыр. БАҚ-та жазғандай, жеңіл рельсті көлік жобасын аяқтау үшін 1,5 миллиард доллар қажет.