Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанның қақ ортасында болған төбелес видеоға түсірілді

© Sputnik / Табылды КадырбековДрака, архивное фото
Драка, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2021
Жазылу
Жанжалдың себебі белгілі болды. Көлік жүргізушілері бір-біріне жол бермей, ерсі ишарат білдірген. Оның арты жанжалға ұласқан

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір — Sputnik. Нұр-Сұлтанда "Газель" мен "Мерседес" жүргізушілері қаланың қақ ортасында төбелесіп қалды. Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео тарап кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Видеода "Газель" көлігінен шыққан екі жігіттің бір адамға жабылып жатқанын көруге болады. Бірақ "Мерседестің" жүргізушісі екеуін тоқтата білді. Ал екінші видеода жүк көлігінің жолаушысы жүгіріп келіп, оны шықшыттан ұрып құлатады. Осы кезде "Газель" жүргізушісі келіп, төбелесті тоқтатады. Басқа көлік жүргізушілері де араша түседі. Төбелес Бөгенбай батыр мен Сарыарқа даңғылының қиылысында болған.

Министрлік Ресейде қазақстандықтар қатысқан жаппай төбелес туралы ақпарат берді

Астаналық полицейлер әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде тәртіп бұзушылықты тіркеуге алып, төбелеске қатысқандардың бәрін анықтады. Жанжалдың себебі де белгілі болды. Көлік жүргізушілері бір-біріне жол бермей, ерсі ишарат көрсеткен. Оның арты жанжалға ұласқан.  

"Қазіргі кезде "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті көлік жүргізушілерін қоғамдық тәртіпті бұзбауға және жол қозғалысына кедергі жасамауға шақырады", - дейді полицейлер.

Айта кетейік,  бұзақылық әрекеті үшін 2 000 айлық есептiк көрсеткiшке (5 834 000 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салынады, я болмаса, сол мөлшерде түзеу жүмыстары не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға жібереді. Оған да келіспесе, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жаңалықтар
0