Архивтегі фото

"Көрудің өзі ауыр": Елордалық дәрігер ауруханаларда не болып жатқанын айтты

1552
Нұр-Сұлтан дәрігерлері күн сайын коронавирус жұқтырған науқастардың қиналып жатқанын көретінін жеткізіп, халықт санитарлық талаптарды сақтауға шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір — Sputnik. Жақында ковидтік стационар ретінде қайта бейінделген №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының аға медбикесі Шәкизада Жүсіпова жұрт дәрігерлердің айтқанын құлағына ілмейтінін, қарапайым ғана алдын алу талаптарын орындамайтынын айтып қынжылды.

Нұр-Сұлтандағы бұл аурухана қазір балаларды қабылдамайды, бірақ "жедел жәрдем" қызметі КВИ жұқтырған ауыр және өте ауыр науқастарды жиі жеткізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Жұрт індеттен құтылдық деп ойлайды. Бірақ толық құтылған жоқпыз. Күн сайын пациенттердің қиналып жатқанын көреміз. ИВЛ аппаратымен әрең дем алып жатқанын көрудің өзі ауыр. Халыққа енді қалай түсіндіру керек екенін білмейміз. Күнделікті көргенімізді жұртқа жеткізу оңай емес", - дейді медбике.

Бұл ауруханада КВИ-мен ауыратын 270 адам ем қабылдап жатыр. Жансақтау бөлімдеріне жағдайы өте мүшкіл науқастар жатқызылады.

Оқи отырыңыз: Шымкентте инфекциялық ауруханада түсірілген жантүршігерлік видео желіде тарады 

"Пациенттердің ауырғанын жан-тәнімізбен сезінеміз. Себебі ең алдымен, өзгелердің сауығып кетуін тілейтін адамбыз. Дәрігерлердің басты мақсаты – пациентті аяққа тұрғызып, отбасына сау күйде оралуына жәрдем ету. Ауруханадан емделіп шыққанда олардың жүздеріндегі қуанышқа қаншалықты қуана қарайтынымызды білесіз бе?!" - дейді Шәкизада Жүсіпова.

Бірақ, медбикенің айтуынша, бұл қуаныш ұзаққа созылмайды. Себебі емделіп шыққан адамның орнына өзге науқас жатқызылады.

"Егер әрбір адам медицина қызметкерлерінің жұмысын көрсе, жағдайдан хабардар болар еді. Мәселе мынада, жұрт дәрігерлердің айтқанын құлағына ілмейді, қарапайым ғана алдын алу талаптарын орындамайды. Санитарлық нормаларды сақтаса пациент өзін де, өзгелерді де қорғар еді", - дейді ол.

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласында 1 255 пациент КВИ ауруханаларында жатыр. Оның ішінде 104 науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл реанимациялық төсек жүктемесінің 53%-ін құрайды. ИВЛ аппараттарында 24 адам өз өмірімен күресуде. Елордада коронавирусты науқастарды емдеуге 15 стационар жұмылдырылды.

Науқастар арасында 60 жастан асқан жас санаты басым (77%) – 80 пациент.

Айта кету керек, ауыр жағдайдағы науқастардың арасында 104 адамның бірнеше ауруы бар. Пациенттердің 70%-і емдеуге жатқызылғаннан кейін үш тәулік ішінде реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне ауыстырылды.

Жағдайды тұрақтандыру және COVID-19-ды жеңу үшін қала тұрғындарын жаппай вакцинациялау жүргізілуде. Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша вакцинация пункттерінің саны үш есеге артып, 100-ге дейін жетті.

Бұдан басқа, вакцинация пункттері "Mega Silk Way", "Khan Shatyr" СОО-да ашылған. Жақын арада олар "Keruen", "Abu-Dabi Plaza" СОО-да ашылады. Ал жұмыс кестесі сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін.

1552
Архивтегі фото

Нұр-Сұлтанда өзінен 10-15 жас үлкен әйелдермен көңіл қосқан жігіт ұсталды фото

5243
(Жаңартылды 18:29 12.05.2021)
Қазіргі кезде тәртіп сақшылары алаяқтың әрекетінен зардап шеккен 8 адамды анықтады. Күдікті өз кінәсін мойындап отыр 

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр — Sputnik. Астаналық полицейлер өзінен үлкен әйелдерді алдап жүрген алаяқты ұстады. 34 жастағы ер адамның фотосы жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Полиция әйелдерді алдап келген ер адамның фотосын жариялады
© Photo : Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі
Полиция әйелдерді алдап келген ер адамның фотосын жариялады

Нұр-Сұлтан полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, күдікті әлеуметтік желілер арқылы көбінесе 40-50 жастағы әйелдермен танысқан. Оларға шын аты-жөнін айтпаған. Біреуге "Алмас" десе, басқасымен "Алматпын" деп танысыпты. Барлығына банктің қауіпсіздік қызметінде немесе мемлекеттік қызметте жұмыс істейтінін айтқан.

"Ал әйелдердің сеніміне кіргеннен кейін ақшаға жоғары жалақысы бар қызметке орналастыруға ұсыныс жасаған. Тіпті біреуінің атынан кредитке телефон алыпты. Ақшасын кешіктірмей төлеп тұрамын деген уәдесін орындамаған", - дейді полицейлер.  

Алаяққа алданған тағы бір әйел құндыз тонын бере салыпты. "Алмас" оны химиялық тазартуға апарып тастаймын деген. Бірақ ақшаға айырбастап, қашып кеткен.

Қазіргі кезде тәртіп сақшылары алаяқтың әрекетінен зардап шеккен 8 адамды анықтады. Күдікті өз кінәсін мойындап отыр.

Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ер адамның осы іспетті басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті фотода көрсетілген адамның әрекетінен зардап шеккендерді 61-30-68, 71-64-90, 71-65-58. 8-775-601-11-00 немесе 102-ке хабарласуды сұрайды.

5243
Ордендер мен медальдар

Дәрігерлер коронавирустан емделіп жатқан ардагерді мерекемен құттықтады видео

100
(Жаңартылды 17:59 09.05.2021)
Иван Михайлович аурухана дәрігерлерінің көрсеткен құрметіне риза болып, қуаныштан көзіне жас алды

НҰР-СҰЛТАН, 9 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтанда дәрігерлер инфекциялық стационарда коронавирустан емделіп жатқан соғыс ардагерін Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Иван Михайлович Ботев ауруханаға 27 сәуірде ауыр жағдайда түсті. 5 мамырда денсаулығының нашарлауына байланысты жансақтау бөліміне ауыстырылды.

Дәл бүгін ардагердің отбасы жанында болмаса да ақхалаттылар оны назардан тыс қалдырмай, арнайы құттықтады.

"Ардагерімізді құттықтаусыз қалдыра алмадық. Олардың ерлігін есте сақтау – біздің парызымыз. Бір өкініштісі, науқас 9 мамыр мерекесін аурухана қабырғасында атап өтуге мәжбүр. Сондықтан біз оған мерекелік көңіл-күй сыйлағымыз келді. Әрбір науқастың тезірек емделіп, отбасына оралуын күні-түні тілейміз. Қарамағымыздағы ардагеріміздің де тезірек жазылып шығуын тілейміз. Қартайған шағын бала-шағасының қасында өткізуі керек!" – деді көпсалалы медицина орталығы басшысының жұқпалы аурулар қызметі жөніндегі орынбасары Татьяна Цечоева.

Иван Михайлович аурухана қызметкерлерінің көрсеткен құрметіне риза болып, қуаныштан көзіне жас алды.

Тағы оқыңыз: "Басымды көтерсем, жанымда адам еті жатыр": алматылық ардагер қан майданды еске алды

Иван Михайлович Ботев 1925 жылы 20 қыркүйекте Кемерово облысында дүниеге келген.

1943 жылы 13 қаңтарда Кеңес армиясы қатарына шақырылды. Соғыс жылдарында 1-ші Беларусь майданындағы шайқастарға қатысты.

Соғыс аяқталғаннан кейін, 1945-1971 жылдар аралығында әскер қатарында,  қатардағы жауынгерден ракеталық күштер штабының бастығына дейін көтеріліп қызмет етті. Полковник шенімен зейнетке шыққан.

Ардагер II дәрежелі Отан соғысы орденімен, "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін" медалімен, одан бөлек 18 мерейтойлық медальмен марапатталған.

Қазір науқас инвазивті емес тыныс алдырту аппаратына қосылған және толық сауығып шыққанға дейін стационарда жатады.

100
Кілт сөздер:
коронавирус, видео, соғыс ардагері, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда соғыс ардагерлеріне 1 млн теңгеден төленеді
Алматылықтар Ұлы Отан соғысының батырларын біле ме – видео
Ыстық ауа райы

36 градус ыстық және жел: ертең ауа райы қандай болады

1134
(Жаңартылды 21:17 15.05.2021)
Қазақстанның бес облысында дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Синоптиктер республиканың басым бөлігінде ауа райы ашық болады деп болжайды. Бес облыста дабылды ескерту жарияланды.

Дабылды ескерту

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түстен кейін 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында секундына 25 метрге дейін жел күшейеді.

Павлодар облысында кей жерлерде найзағай ойнап, секундына 20 метрге дейін жел күшейеді.

Қостанай облысында 35 градусқа дейін қатты ыстық болады деп болжануда.

Жексенбіде Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі, жел секундына 15-20 метрге жетеді.

Мегаполистегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде плюс 10-12, күндіз 27-29 градус ыстық. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашын болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 7-9 градус, күндіз 19-21 градус ыстық.

Шымкентте күн ашық. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді, ауа температурасы түнде плюс 14-16, күндіз 27-29 градус ыстық болады.

1134
Кілт сөздер:
Қазгидромет, ауа райы