Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ көшеде қарумен жүр – фото

© Sputnik / Владислав ВодневНұр-Сұлтан қаласындағы оқу-жаттығу
Нұр-Сұлтан қаласындағы оқу-жаттығу - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2021
Жазылу
Арнайы киім киген қарулы адамдар "террористік жағдай кезінде шұғыл әрекет ету бойынша міндеттерді орындау" дағдыларын жетілдіріп жатыр. Астаналықтардан оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауды сұрады

Бұған дейін елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб жоспарлы оқу-жаттығу жауынгерлік оқу-жаттығуға барынша жақын әрі түрлі күрделі элементтер қолданыла отырып өткізілетінін хабарлады.

Фотодан іс-шараға қатысып жатқан мемлекеттік орган қызметшілерінің оқу-жаттығу аясында қойылған міндеттерді қалай орындап жатқанын көруге болады.

© Sputnik / Владислав ВодневНұр-Сұлтандағы терроризмге қарсы оқу-жаттығу
Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ көшеде қарумен жүр – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2021
Нұр-Сұлтандағы терроризмге қарсы оқу-жаттығу

"Іс-шараның негізгі мақсаты – террористік әрекет кезінде шұғыл әрекет ету мен терроризм актісі салдарын азайту және жою бойынша міндеттерді орындау болып табылады. Сондай-ақ штаб күштері мен құралдарының практикалық дағдыларын дамыту көзделеді", – делінген хабарламада.

Терроризмге қарсы оқу-жаттығулар Қабанбай батыр даңғылында орналасқан "Алау" мұз сарайының аумағында сағат 8.00-ден 11.00-ге дейін өтті.

© Sputnik / Владислав ВодневОқу-жаттығу оқиғалары жауынгерлік жағдайларға барынша жақындатылған
Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ көшеде қарумен жүр – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2021
Оқу-жаттығу оқиғалары жауынгерлік жағдайларға барынша жақындатылған

Соған байланысты осы аудандағы автокөлік қозғалысын шектеу бойынша шаралар қабылданды.

Оқи отырыңыз: Ақтауда тас жолға ұшақ қонды – видео

Штаб азаматтарды оқу-жаттығу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және жұмылдырылған мемлекеттік орган қызметшілерінің заңды талаптарын орындауға шақырды.

Жаңалықтар
0