Нұр-Сұлтан

Нұр-Сұлтан жағалауында тағы бір демалыс орны ашылады

81
Ол Қабанбай батыр даңғылында Есіл өзенінің жағалауындағы көпірдің астында орналасады

НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтанда тағы бір көпір асты кеңістігі абаттандырылады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Қабанбай батыр даңғылында Есіл өзенінің жағалауындағы көпірдің астында (Самал шағын ауданы жағынан) көлеңкелі қалқалар, балалар алаңы, демалуға арналған аймақ, қойылымдар/концерттер мен шығармашылық эксперименттерге арналған импровизацияланған сахна, тамақтану орындарын ашу жоспарланып отыр.

"Өткен жылы елордада алғаш рет көпірлер астындағы орындар абаттандырылды. Бұл орындар жұртшылықты бірден өзіне баурап алды. Міне, биыл бұл жобамызды кеңейту туралы шешім қабылданды. Енді тағы бір көпірдің астында серуендеуге арналған орын ашылады. Осылайша бір кездері бос жатқан аумақ тағы бір қоғамдық орынға айналады", - дейді Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Ұранхаев.

В Нур-Султане благоустроят еще одно подмостовое пространство
© Photo : astana.gov.kz
Нұр-Сұлтанда тағы бір көпір асты кеңістігі абаттандырылады

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы қалада екі көпір асты кеңістігі ашылған болатын. Олардың бірі — Сарайшық көпірінің астында. Бұл аумақ түрлі спортқа бөлініп, көше тренажерлері, әткеншектер, workout аймағы және т.б. орнатылды.

Екіншісі — Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы көпірдің астында орналасқан. Онда стритбол алаңы, үстел теннисіне арналған аумақ және workout-аймақ орналасқан. Сондай-ақ, жастардың өтініші бойынша скейт-аймақ ашылды.

Жаңа қоғамдық кеңістікті ашудың негізгі идеясы — спортпен айналысу үшін қолайлы атмосфера құру. Басымдық — бұқаралық спортты дамыту.

Бұл көпірдің асты танымал отандық және шетелдік спортшылардың суреттерімен безендірілген. Мысалы, баскетболшы Әлжан Жармұхамедов, кәсіби теннисші Зарина Дияс, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин, баскетболшылар Джеймс Леброн, Коби Брайант және т.б.

81
Архивтегі фото

Нұр-Сұлтанда өзінен 10-15 жас үлкен әйелдермен көңіл қосқан жігіт ұсталды фото

5244
(Жаңартылды 18:29 12.05.2021)
Қазіргі кезде тәртіп сақшылары алаяқтың әрекетінен зардап шеккен 8 адамды анықтады. Күдікті өз кінәсін мойындап отыр 

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр — Sputnik. Астаналық полицейлер өзінен үлкен әйелдерді алдап жүрген алаяқты ұстады. 34 жастағы ер адамның фотосы жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Полиция әйелдерді алдап келген ер адамның фотосын жариялады
© Photo : Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі
Полиция әйелдерді алдап келген ер адамның фотосын жариялады

Нұр-Сұлтан полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, күдікті әлеуметтік желілер арқылы көбінесе 40-50 жастағы әйелдермен танысқан. Оларға шын аты-жөнін айтпаған. Біреуге "Алмас" десе, басқасымен "Алматпын" деп танысыпты. Барлығына банктің қауіпсіздік қызметінде немесе мемлекеттік қызметте жұмыс істейтінін айтқан.

"Ал әйелдердің сеніміне кіргеннен кейін ақшаға жоғары жалақысы бар қызметке орналастыруға ұсыныс жасаған. Тіпті біреуінің атынан кредитке телефон алыпты. Ақшасын кешіктірмей төлеп тұрамын деген уәдесін орындамаған", - дейді полицейлер.  

Алаяққа алданған тағы бір әйел құндыз тонын бере салыпты. "Алмас" оны химиялық тазартуға апарып тастаймын деген. Бірақ ақшаға айырбастап, қашып кеткен.

Қазіргі кезде тәртіп сақшылары алаяқтың әрекетінен зардап шеккен 8 адамды анықтады. Күдікті өз кінәсін мойындап отыр.

Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ер адамның осы іспетті басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті фотода көрсетілген адамның әрекетінен зардап шеккендерді 61-30-68, 71-64-90, 71-65-58. 8-775-601-11-00 немесе 102-ке хабарласуды сұрайды.

5244
Ордендер мен медальдар

Дәрігерлер коронавирустан емделіп жатқан ардагерді мерекемен құттықтады видео

100
(Жаңартылды 17:59 09.05.2021)
Иван Михайлович аурухана дәрігерлерінің көрсеткен құрметіне риза болып, қуаныштан көзіне жас алды

НҰР-СҰЛТАН, 9 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтанда дәрігерлер инфекциялық стационарда коронавирустан емделіп жатқан соғыс ардагерін Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Иван Михайлович Ботев ауруханаға 27 сәуірде ауыр жағдайда түсті. 5 мамырда денсаулығының нашарлауына байланысты жансақтау бөліміне ауыстырылды.

Дәл бүгін ардагердің отбасы жанында болмаса да ақхалаттылар оны назардан тыс қалдырмай, арнайы құттықтады.

"Ардагерімізді құттықтаусыз қалдыра алмадық. Олардың ерлігін есте сақтау – біздің парызымыз. Бір өкініштісі, науқас 9 мамыр мерекесін аурухана қабырғасында атап өтуге мәжбүр. Сондықтан біз оған мерекелік көңіл-күй сыйлағымыз келді. Әрбір науқастың тезірек емделіп, отбасына оралуын күні-түні тілейміз. Қарамағымыздағы ардагеріміздің де тезірек жазылып шығуын тілейміз. Қартайған шағын бала-шағасының қасында өткізуі керек!" – деді көпсалалы медицина орталығы басшысының жұқпалы аурулар қызметі жөніндегі орынбасары Татьяна Цечоева.

Иван Михайлович аурухана қызметкерлерінің көрсеткен құрметіне риза болып, қуаныштан көзіне жас алды.

Тағы оқыңыз: "Басымды көтерсем, жанымда адам еті жатыр": алматылық ардагер қан майданды еске алды

Иван Михайлович Ботев 1925 жылы 20 қыркүйекте Кемерово облысында дүниеге келген.

1943 жылы 13 қаңтарда Кеңес армиясы қатарына шақырылды. Соғыс жылдарында 1-ші Беларусь майданындағы шайқастарға қатысты.

Соғыс аяқталғаннан кейін, 1945-1971 жылдар аралығында әскер қатарында,  қатардағы жауынгерден ракеталық күштер штабының бастығына дейін көтеріліп қызмет етті. Полковник шенімен зейнетке шыққан.

Ардагер II дәрежелі Отан соғысы орденімен, "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін" медалімен, одан бөлек 18 мерейтойлық медальмен марапатталған.

Қазір науқас инвазивті емес тыныс алдырту аппаратына қосылған және толық сауығып шыққанға дейін стационарда жатады.

100
Кілт сөздер:
коронавирус, видео, соғыс ардагері, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда соғыс ардагерлеріне 1 млн теңгеден төленеді
Алматылықтар Ұлы Отан соғысының батырларын біле ме – видео
Ыстық ауа райы

36 градус ыстық және жел: ертең ауа райы қандай болады

1146
(Жаңартылды 21:17 15.05.2021)
Қазақстанның бес облысында дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Синоптиктер республиканың басым бөлігінде ауа райы ашық болады деп болжайды. Бес облыста дабылды ескерту жарияланды.

Дабылды ескерту

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түстен кейін 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында секундына 25 метрге дейін жел күшейеді.

Павлодар облысында кей жерлерде найзағай ойнап, секундына 20 метрге дейін жел күшейеді.

Қостанай облысында 35 градусқа дейін қатты ыстық болады деп болжануда.

Жексенбіде Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі, жел секундына 15-20 метрге жетеді.

Мегаполистегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде плюс 10-12, күндіз 27-29 градус ыстық. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашын болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 7-9 градус, күндіз 19-21 градус ыстық.

Шымкентте күн ашық. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді, ауа температурасы түнде плюс 14-16, күндіз 27-29 градус ыстық болады.

1146
Кілт сөздер:
Қазгидромет, ауа райы