Елорда тынысы

Нұр-Сұлтан әуежайы жөндеуге жабылады: ұшақтар қайда қонады

© Sputnik / Абзал КалиевНұрсұлтан Назарбаев әуежайы
Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2021
Жазылу
Әуе айлағының басшылығы ұшу-қону жолағын жаңартуды, сонымен қатар жаңа жолақ салуды жоспарлап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы 2022 жылы ұшу-қону жолағын жаңарту үшін жабылады. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстанға әуежайдың баспасөз қызметі растады.

"Біз келесі жылы ұшу-қону жолағын жаңартуды жоспарлап отырмыз. Қазір жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге келісімшарт бекітеміз", - деді "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ атқарушы директоры Дәулет Хамзин.

Жөндеу форматы, мерзімі мен жұмсалатын қаржы сметаны әзірлеу кезінде белгілі болады.

"Екінші ұшу-қону жолағын салуға қатысты – бұл біздің ұзақмерзімді жоспарымыз. Оны іске асыру нарықтағы жағдайға, пандемиядан кейін нарықтың тез немесе баяу қалпына келуіне, сондай-ақ әуежайды дамытудың бас жоспарында бекітілген жобалардың жүзеге асуына байланысты болады", - деді ол.

Жөндеу жұмыстары кезінде әуежай толығымен жабылып-жабылмайтыны және ұшақтар қайда бағытталатыны әзірге нақтыланған жоқ.

Жаңалықтар
0