Елорда тынысы

Нұр-Сұлтан жолында бұрын-соңды болмаған жаңа технология қолданылды

© Sputnik / Абзал КалиевЛюди в масках на пешеходном переходе
Люди в масках на пешеходном переходе - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2021
Жазылу
"Премиум" тұрғын үй кешені аумағындағы жаяу жүргіншілер өткелі жол белгісімен және таңбалар проекциясымен біріктірілді 

НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында Жетісу саябағы мен Сарайшық көшесі аумағындағы жолайрықта жаяу жүргіншілер жолын проекциялық жарықтандыру жобасы іске қосылды.

© Photo : Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтыНұр-Сұлтан жолында жаңа технология қолданылды
Нұр-Сұлтан жолында бұрын-соңды болмаған жаңа технология қолданылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2021
Нұр-Сұлтан жолында жаңа технология қолданылды

"Премиум" тұрғын үй кешені орналасқан бұл учаскеде көлік қозғалысы ерекше қарқынды. Аталған орын жаяу жүргіншілердің жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағдарламасы аясында таңдалды.

"Мұнда жаяу жүргіншілер өткелі жол белгісімен және таңбалар проекциясымен біріктірілген. Бұл орын түнгі уақытта төрт жарықдиодты проектордың көмегімен жарықтандырылады", - деп жазды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Кез келген ауа райында автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер жолдағы ақ-сары түс пен жол белгілерін анық көре алады.  

Бұл технология елімізде алғаш болып Нұр-Сұлтан қаласында қолданысқа енгізіліп отыр.

Жаңалықтар
0