Елорда тынысы

Вакцина салдырғандар арасында екі бөлмелі пәтер ұтысқа тігіледі – Алтай Көлгінов

© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өтуЖенщина открывает дверь
Женщина открывает дверь - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2021
Жазылу
Пәтер ұтыс ойынына осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін алатын 18 жастан асқан қала тұрғындары қатыса алады

НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтанда жаңадан вакцина салдырғандар арасында екі бөлмелі пәтер ұтысы өтеді. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әкімнің айтуынша, ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін қала халқының 60%-тен астамы вакциналануы қажет.

"Санитар дәрігерлер қосымша карантиндік шектеулер туралы жаңа қаулы дайындап жатыр: қауіп-қатер тобы үшін вакциналау міндетті, вакциналанбаған қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеу режиміне көшіру талап етіледі", - деді Көлгінов.

Әкімдік қала тұрғындарын ынталандыру үшін бағалы сыйлықтардың ұтыс ойынын енгізіп жатыр. Ал жаңадан вакциналанғандар арасында екі бөлмелі пәтер ойнатылады (инвесторлар есебінен). Ұтыс ойынына қала емханаларында немесе СОО/СҮ пункттерінде екпе алған қала тұрғындарының бәрі қатыса алады.

"Ал пәтер ұтыс ойынына осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін алатын 18 жастан асқан қала тұрғындары қатыса алады. Қыркүйек айының басында нәтижесін жариялаймыз. Конкурстың әділ өтуі және вакцинацияланғандарды толығымен қамту үшін (көрсетілген кезеңде) IT-қоғамдастықты жұмылдырамыз", - деп атап өтті қала басшысы.

Нұр-Сұлтанда вакцина салдырғандар арасында автокөлік ұтысы өтеді

Айта кетейік, бұған дейін "MEGA Silk Way" СОО вакциналанғандар арасында автокөлік ұтыс ойыны өтетінін хабарлаған. Сол сияқты СОО/СҮ пункттерінде вакциналанғандар арасында компьютерлік және тұрмыстық техникалар, iPhone смартфоны ойнатылады.

Жаңалықтар
0