Пожилая женщина смотрит на табло с курсом валют

Нұр-Сұлтанда 91 жастағы әжей коронавирустан жазылып шықты

224
Дәрігерлер алдымен әжейдің остеохондрозы бар деп ойлаған. Бірақ көп ұзамай науқасты жөтел қысып, артынша буындары ауырған

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым – Sputnik. Елорданың 91 жастағы тұрғыны Ирина Хлебникова маусым айының басында "коронавирус" диагнозымен №3 көпбейінді қалалық ауруханаға шұғыл жатқызылған. Ұзақ емделген соң әжей аяғынан тұрып, үйіне қайтты, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Ирина Хлебникованың туыстары 8 маусым күні мойын ауруына байланысты учаскелік дәрігерді шақырған еді. Алдымен олар әжейдің остеохондрозы бар деп ойлаған. Бірақ көп ұзамай безгегі ұстап, жөтел қысып, артынша буындары ауырған.

Жедел жәрдем бригадасы коронавирусқа талдау жасап, ол оң нәтиже көрсеткен. Осыдан кейін Ирина Хлебникова шұғыл түрде №3 көпбейінді қалалық ауруханаға жатқызылды.

"Ауруханада алынған анализ нәтижесі өте нашар болды. Мен өзім реаниматолог ретінде әжемнің ағзасында қандай өзгерістер болып жатқанын түсіндім. Әжем ауруханада ұзақ уақыт бойы оттегі арқылы емделді. Егде жасына байланысты созылмалы аурулары да болды", - дейді науқастың немересі Инесса Хлебникова.

Жалпы хирургия бөлімінің дәрігері Виталий Калиннің айтуынша, стационар дәрігерлері егде жастағы науқасты емдеу үшін мүмкін болғанның бәрін жасаған.

"Емдеу жолын белгілеу үшін түрлі сала мамандары жұмылдырылды. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында мақсатымызға жеттік. Әжей тірі, дені сау, қазір үйінде", — деп атап өтті дәрігер.

Ал әже бригаданың фельдшерлерінен бастап аурухана әкімшілігіне дейін атсалысқандардың бәріне алғысын білдірді.

Айта кету керек, стационар дәрігерлері қала тұрғындарын жаппай вакциналауға қатысуға шақырады. Бұл КВИ-ден қорғанудың жалғыз және тиімді әдісі.

224
Архивтегі фото

Нұр-Сұлтанда вакцина салдырғандар арасында үлестірілетін жүлделер саны артты

22
Енді 28 шілдеден 6 тамызға дейін (қоса алғанда) вакцина салдырғандардың арасында тағы үш iPhone12 ойнатылады

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтанда вакцина салдырғандар арасында ойнатылатын жүлделер саны артты, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Тағы екі iPhone12 және басқа да бағалы сыйлықтардың төртінші ұтыс ойыны 31 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі (Facebook, YouTube) парақшаларында тікелей эфирде өтеді.

"Төртінші ұтыс ойынына 24 шілде мен 30 шілде аралығында вакциналанғандар қатысады. Бұл ұтыс ойынына медициналық мекемелердегі, СОО/СҮ-дегі вакциналаудың барлық пункті қатысады. Ұтыс ойынына қатысу автоматты, құжат толтырып, тіркелудің қажеті жоқ", - делінген хабарламада.

Енді 28 шілдеден 6 тамызға дейін (қоса алғанда) вакцина салдырғандардың арасында тағы үш iPhone12 ойнатылады. Аталған ұтыс ойынына "Абу Даби Плаза", "Керуен", "Сарыарқа" сауда ойын-сауық орталықтарында және оларға бекітілген БМСК ұйымдарында – №2, 9 және 14 қалалық емханаларда вакцина алған адамдар қатысады. Бұл ұтыс ойынының тікелей эфирі 7 тамызда өтеді.

IPhone12 және басқа да құнды сыйлықтардың ұтыс ойынын әкімдік апта сайын жаздың соңына дейін өткізеді.

Birge платформасында  ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы рандомайзер сервисі орнатылған, ол жүлде иелерін вакцина салдырғандардың ID нөмірі арқылы таңдайды. Оны әзірлеуге IT-қауымдастық та қатысты. Вакциналанғандар бойынша сервис денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктірілген.

Елордада екі бөлмелі пәтер ұтысқа тігілді

Айта кетейік, елордада вакцина алғандар арасында екі бөлмелі пәтер де ойнатылады. Осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін алған 18 жастан асқан қала тұрғындарының елордада жылжымайтын мүлікті ұтып алу мүмкіндігі бар. Бұл ұтыс ойынына вакциналаудың барлық пункті қатысады: медициналық мекемелер, СОО-лар және сауда үйлері. Айта кету керек, ұтыс ойындары демеушілердің көмегімен өткізіледі.

Сондай-ақ "MEGA Silk Way" СОО вакциналау пунктінде вакцинаның  бірінші компонентін алғандар арасында автокөлік ұтыс ойыны өтеді.

Елордада өткізілетін ұтыс ойындары азаматтарды екпе алуға ынталандыру, осылайша өз денсаулығын да, жақын және айналасындағы адамдардың денсаулығын сақтау үшін ұйымдастырылады. Себебі, басты мақсат — ұжымдық иммунитетті дамыту және карантинге дейінгі режимге оралу. Ұжымдық иммунитеттің үлесі 60%-тен асуы керек.

22
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина
Ashyq мобильді қосымшасы

Елорда тұрғындары базарға Ashyq арқылы кіргізіледі

2628
Бүгінде Ashyq жобасына "Әсем", "Әлем" сауда орталықтары, "Эталон" құрылыс базары қосылды

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтанның жабық базарлары "Ashyq" жобасына қосылып жатыр.

Бұл коронавирустың таралу қаупін азайтуға, осылайша адамдарды қорғауға және базарлардың қызметін жалғастыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Адамдарды "Ashyq" қосымшасы арқылы кіргізетін нысандардың арасында  "Әсем", "Әлем" сауда орталықтары, "Эталон" құрылыс базары бар. Сондай-ақ "Шапағат", "Сарыарқа" және өзге де сауда орындары жобаға дайындалып жатыр.

"Біз кешеден бері "Ashyq" бағдарламасы бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Жұртшылық арнайы орнатылған тәртіп бойынша кіреді. Кіреберісте жиналып тұрмайды. Бүгіннің өзінде келушілер арасында 2 "сары",1 "қызыл" статусы бар адамдар анықталды. Өз тәжірибемізде мұндай үлкен нысанда да осы жүйе бойынша жұмыс істеуге болатынын көрсеткіміз келеді. Базар қызметкерлері де, келушілер де өзін қауіпсіз сезінуі үшін осы жүйені орнатқанын қалаймыз", — деді "Әсем" СО директоры Нұрлан Нұрмағанбетов.

Тағы оқыңыз: Цой карантинді бұзғандардың тізімін жариялауға не түрткі болғанын айтты

Бүгінде елордада "Ashyq" жобасына 2 200-ден астам кәсіпкерлік субъектісі тіркелген.

"Ashyq" мобильді қосымшасының арқасында 18 тұрғын "қызыл"статусы (ПТР сынамасы оң нәтиже көрсетті) бола тұра қоғамдық орындарға барғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.

Ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес, осы жылдың 2 тамызынан бастап "Ashyq" жобасына қатыспайтын кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі тоқтатылады. Бірақ бұл талап орталық мемлекеттік органдарға, әкімдіктерге, құқық қорғау органдарына, денсаулық сақтау ұйымдарына, БАҚ-қа, азық-түлік дүкендеріне, дәріханаларға және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарына қатысты емес.

2628
Кілт сөздер:
базар, Нұр-Сұлтан
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Аэропорт.  Ashyq

Ashyq-тан көк түс алынып тасталуы мүмкін

0
Елімізде вакцина алған адамдар көбейген соң Ashyq қосымшасынан "көк" мәртебесін алып тастау мүмкіндігі қарастырылады

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Ashyq қосымшасынан көк түс алынып тасталуы мүмкін, деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгінде Ashyq бағдарламасында ПТР-тест тапсырмаған және науқаспен байланыста болмаған адамдар көк түспен белгіленеді. Олар вакцина алған "жасылдармен" бірге кәсіпкерлік нысандарға емін-еркін кіре алады.

"Ashyq бағдарламасынан көк түсті алып тастауға әлі ерте деп ойлаймыз. Вакцинаның бірінші компонентін 5 миллион адам салдырды. Демек, қалған 8 миллион адам көк түспен жүр. "Қызыл" мен "сары" мәртебемен жүргендер де бар ", - деді Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, бүгінде Ashyq бағдарламасына жасыл түс бойынша өзгеріс енгізіліп жатыр. Алдағы уақытта вакцинаның бір компонентін алған адамдар да "жасылдар" болып белгіленіп отырады.

"Осылайша, біз адамдарды екпе алуға ынталандырамыз. Сондай-ақ көк түсті біртіндеп азайтамыз. Сондықтан әзірше көк түсті Ashyq-тан алмаймыз. Алайда вакцина алған адамдардың саны көбейгеннен кейін Ashyq-тан көк түсті мүлдем алып тастаймыз деп ойлаймын", - дейді Есмағамбетова.

Оқи отырыңыз: Мектептер Ashyq жобасына қосылуы мүмкін

 

0