Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда вакцина салғызғандар 20 айфонның ұтысына қатысады

© REUTERS / Stephen LamМужчина держит iPhone X
Мужчина держит iPhone X  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.06.2021
Жазылу
Ұялы телефонның ұтысына көктемде екпе салғызған Нұр-Сұлтан тұрғындары да қатыса алады

НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым — Sputnik. Вакцина салғызған  астаналықтар арасында 20 iPhone ұтысы өтеді.

Елорда әкімдігі ұсынған ақпарат бойынша, смартфон ұтысы демеушілердің есебінен ұйымдастырылады.

"Аптасына екі iPhone12 ойнатылады. Бұл ұтыс ойынына медициналық мекемелерде, сауда үйлері мен сауда және ойын-сауық орталықтарында және тағы басқа орындарда орналасқан барлық вакциналау пункті қатысады. Сонымен қатар автоматты ұтысқа біраз бұрын екпе салғызғандар да қатысады. Оған қатысу үшін сауалнаманы толтыру немесе нөмір алудың қажеті жоқ", - деді әкімдіктегілер.

Жеңімпаз Birge платформасына қосылған сервис арқылы анықталады. iPhone12 ұтысына вакцинаны алған барлық адам қатысады. Вакциналанғандар туралы ақпарат Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтерімен біріктіріледі. Сервис екпе алған адамның ID-нөмірін ғана көре алады.

"Сервис жеңімпазды кездейсоқ анықтайды. Ол үшін Facebook пен Instagram әлеуметтік желісінде тікелей эфир ұйымдастырылады. IPhone12 алғашқы ұтысы 8 шілдеде өтеді. Алғашқы ұтысқа 6 шілдеге дейін екпе алғандардың бәрі қатыса алады. 7 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында вакциналанғандар базасы дайындалады", - деді елорда әкімдігі.

Сонымен қатар 25 маусым мен 31 тамыз аралығында вакциналанғандар арасында екі бөлмелі пәтердің ұтыс ойыны өтеді. Бұл акцияға медициналық мекемелерде, сауда үйлері мен сауда және ойын-сауық орталықтарында орналасқан барлық вакциналау пункті қатысады.

Сондай-ақ бұған дейін "MEGA Silk Way" СОО осы сауда және ойын-сауық орталығындағы егу пунктінде вакцинаның бірінші компонентін алғандар арасында автокөлік ұтысы өтетінін жариялаған болатын.

Тегін тамақ ішеді: Вакцина алған студенттер мен оқытушыларға бірнеше жеңілдік жасалады

Сонымен қатар "Азия Парк", Mega Silk Way, "Сарыарқа", "Абу-Даби Плаза", "Керуен", "Евразия" СОО және басқа да сауда үйлерінде тұрмыстық және компьютерлік техника түрінде ұтыстар өткізіліп, жеңілдік купондары беріліп жатыр.

Айта кетейік, түрлі ұтыстар мен акциялар астаналықтар арасындағы вакциналау қарқынын үдетуге ықпал етті. Вакцина салғызғандар саны өткен аптадағы көрсеткіштен кемінде бес есе артты. Қазір тәулігіне жеті мыңға жуық адам екпе алып жатыр. Барлығы 218 мың адам вакцинаның бірінші компонентін салғызған.

Жаңалықтар
0