Елорда тынысы

Елорда мектептері дәстүрлі форматқа оралуға дайындалып жатыр

© Sputnik / Владислав ВодневМектеп, оқушылар
Мектеп, оқушылар - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.06.2021
Жазылу
Білім ошақтары бұрынғы режимде жұмысын жандандыруы үшін барлық мектептің мұғалімдері коронавирусқа қарсы вакцина салғызуы қажет

НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтан мектептері дәстүрлі оқыту форматына оралуға дайындалып жатыр. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Біз мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бұған дайындалып жатырмыз. Ол үшін бүкіл педагогикалық құрам вакцина алуы қажет. Қазір мұғалімдердің 60%-тен астамы вакцина салғызды, бұл жұмыс белсенді жалғасуда. Дәрігерлермен ақылдасып жатырмыз, жастарға да вакцина егілуі мүмкін", - деді әкім брифингте.

Қазір Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина 18 жасқа толған және одан асқан адамдарға егіледі. Алайда Алтай Көлгінов жасөспірімдерге екпе егетін елдердің тәжірибесін мысалға келтірді.

Тегін тамақ ішеді: Вакцина алған студенттер мен оқытушыларға бірнеше жеңілдік жасалады

"Әзірге біздің талап 18+, бірақ Еуропада, Израильде одан кішілерге де вакцина салып жатыр. Бұл уақыт еншісіндегі мәселе. Алайда, ең алдымен,  қазір біз барлық педагогті вакциналауға тиіспіз, сол кезде мектептерді ашуға дайын боламыз", - деді Көлгінов.

Еске салсақ, президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа оқу жылының басынан дәстүрлі форматқа оралуды тапсырды.

Жаңалықтар
0