Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда тағы да карантин күшейтіледі

© Sputnik / Владислав ВодневБилборд в Нур-Султане
Билборд в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2021
Жазылу
Өткен тәулікте елордада коронавирусты жұқтырудың 800-ден астам жағдайы тіркелді. Эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты карантин үшінші рет күшейтіледі

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде — Sputnik. Елордада карантиндік талаптардың сақталуын анықтайтын мониторингтік топтардың жұмысы күшейтіліп, тәулік бойғы режимге ауыстырылды, деп хабарлайды 

Sputnik Қазақстан астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Егер мейрамхана мен дәмханаларда және басқа да мекемелерде іс-шаралар өткізілсе, нысан жұмысы тоқтатылатыны ескертіліп отыр.

4 шілдеден бастап Ashyq жобасы бойынша жұмыс істейтін тамақтану орындарының (мейрамханалар, дәмханалар) уақыты 22:00-ге дейін (жабық жерлерде), сыртта жұмыс істейтін тамақтану орындарының уақыты 00:00-ге дейін қысқарады.

Сондай-ақ, жексенбі күндері қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады. Бұл күні автобустар дезинфекцияланады.

Ashyq жобасын қолданбайтын фитнес-орталықтардың (йога орталықтары, т.б.) жұмысы тоқтатылады. Ал Ashyq жобасы бойынша істейтін фитнес-орталықтар (йога орталықтары, т.б.) дүйсенбі-жұма күндері жұмыс істейді, демалыс күндері жабық болады.

"Қалада мұндай қатаң карантиндік шаралар қолданбай үшін ұжымдық иммунитетті дамыту қажет. Оның үлесі 60%-тен асуы тиіс. Қазір қалада вакцинаның бірінші компонентін 229 мыңнан астам адам алды. Медицина қызметкерлерінің 90%-тен астамы, ал коммуналдық қызметкерлердің 70 проценттен астамы коронавирусқа қарсы егілді", - делінген хабарламада.

Қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенованың елорда күніне арналған бұқаралық іс-шараларға тыйым салу туралы қаулысы 2 шілдеден бастап күшіне енген болатын. Жабық мекемелердегі іс-шаралардың бәріне тыйым салынады (Ashyq жобасының тәртібі бойынша театрлардың 20%-тен аспайтын толуын есепке алмағанда).

Сондай-ақ саябақ аумағында орналасқан ашық ауадағы аттракциондардың барлық түрінің жұмысына рұқсат берілмей отыр.

Жаңалықтар
0