Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда демалыс күндері қоғамдық көлік қалай жүреді

© Sputnik / Владислав ВодневҚалалық көлік
Қалалық көлік - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2021
Жазылу
Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, жексенбі күндері елордада қоғамдық көлік тоқтатылады

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Жексенбі, 4 шілдеде елордада қоғамдық көлік жүрмейді.

"Жексенбі, 4 шілдеде қалалық және қала маңына қатынайтын бағдарлар жүрмейді. Дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі", - деп хабарлады CTS көлік компаниясы.

Ал 5,6 шілде және жұмыс күндері автобустар штаттық режимде қатынайды.

CTS жолаушыларға автобусқа бетпердесіз кіруге болмайтынын тағы бір мәрте ескертті.

Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді: көлік картасымен немесе QR-код сканерлеу/көлік кодын енгізу арқылы.

Тағы оқыңыз: Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады

Айта кетсек, 6 шілде қазақстандықтар астана күнін тойлайды. Үкімет қаулысымен 3 шілде, сенбі күнгі демалыс 5 шілде, дүйсенбіге ауыстырылды. Осылайша аптасына бес күн жұмыс істейтіндер қатарынан үш күн – 4, 5 және 6 шілде демалады. Ал аптасына алты күн істейтіндер үшін 4 және 6 шілде – демалыс.

Жаңалықтар
0