Лифт кабинасы

Нұр-Сұлтанда үйлердің бірінде ішінде 2 адам болған лифт құлады

418
Қазіргі уақытта бұл оқиғаға қатысты тексеріс жүріп жатыр. Нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады

АЛМАТЫ, 10 шілде — Sputnik. Елордадағы тұрғын үйлердің бірінде жолаушылармен бірге лифт құлады. Бұл туралы астаналық полиция департаменті хабарлады.

Төтенше оқиға 9 шілде күні Қабанбай батыр даңғылындағы үйде болған.

"31 жастағы ер адам мен 16 жастағы қарындасы лифтпен көтеріліп келе жатқан. Жеделсаты құлап, қабаттар арасында кенет тоқтады", - деді полицияда.

Тұрғындар ауруханаға барудан бас тартты. Зардап шеккендер жоқ. 

Қазіргі уақытта бұл оқиғаға қатысты тексеріс жүріп жатыр. Нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады. 

Еске сала кетсек, мамыр айында 18 қабатты "Магистральный" тұрғын үй кешенінде ішінде жолаушылары бар лифт паркингке құлады. 450 келі жүк көтеретін лифтіге 13 адам (9 ересек, 4 бала) мінген.

418
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, лифт
Тақырып бойынша
Алматыда жөтеліп тұрған ер адам лифт батырмаларына әдейі түкіріп кетті – видео
Алматыда лифт батырмаларына әдейі түкіріп кеткен ер адам өз әрекетін түсіндірді
Нұр-Сұлтан полицейлері лифт ішінде түсірілген видеоның кейіпкерін тапты
Орал тұрғыны сауда үйінде лифт шахтасына құлап кетті
Әлемдегі ең биік лифт – таңғажайып суреттер
Дезинсекция, архивтегі фото

"Халықты уламаңдар!": елорда әкімдігі желіде тараған видеоға түсініктеме берді

4973
Нұр-Сұлтан әкімдігі видеодағы арнайы киім киген адамдар маса мен шыбын-шіркейді улау жұмыстарын жүргізгенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны түсірген видео таралып жатыр. Онда қорғаныс құралдарын киген адамдар жекеменшік үйлердің маңында жүр. Қала әкімдігі осы оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлады Stopfake.kz сайты.

Видео авторы қорғаныс құралдарын киіп жүрген адамдарды түсірген. Олар цистерналарды көлікке тиеп жатыр.

"Өздерің қорғанып, халықты улап жүрсіңдер! Халық жаулары! Түнде жасырынып келді. Сендер халықты қырып жатқан айуансыңдар! Қазақты қырып жатырсыңдар! Өздерің қазақсыңдар!", - дейді видео авторы.

Ер адам көршілерді де көмекке шақырған. Одан кейін көлікпен келген жұмысшылардан қорғаныс құралын шешуді талап етті. "Неге күндіз істемейсіңдер?", - деп сұрағанда жас жігіттер ол уақытта масаның болмайтынын айтқан. Бірақ ер адам сенбейді. Бірнеше минуттан кейін жұмысшылар көлікке мініп, кетіп қалады.    

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі осы оқиғаға қатысты түсініктеме берді

"Маса мен шыбын-шіркейді улау жұмыстары видеоға түсірілген. Дезинсекциялық жұмыстарды "Столичная дезинфекция" ЖШС қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасымен бірлесіп жүргізіп жатыр. Зиянкестерді жою жұмыстары кезінде дезинсекторлар адамдар, жануарлар мен өсімдіктер үшін мүлдем қауіпсіз ерітіндіні қолданады. Жұмыс түнгі уақытта және таңертең жүргізіледі", – дейді әкімдік мамандары.  

Елорда әкімдігі жалған ақпарат таратқандар заң алдында жауап беретінін еске салды.

4973
Шығыс тұрғын үй кешені

Елордалық кәсіпкер 9 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

158
Құрылыс компаниясының басшысына алаяқтық жасаған деген айып тағылды. Ол "Шығыс" тұрғын үй кешенінде құрылысы біте қоймаған нысанның пәтерлерін кепілге қойып, ЖШС-мен келісімшарт жасасқан

НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Елордада тұрғын үй кешендерінің құрылысымен айналысқан кәсіпкер Сергей Котляров 9 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық сотының отырысында прокурор осындай жаза тағайындауды сұрады, деп хабарлады Хабар 24.

Сергей Котляров алаяқтық жасаған және ірі көлемде материалдық шығын келтірген деп айыпталып жатыр.

Мемлекеттік айыптаушы ұсынған нұсқа бойынша, ол "Шығыс" тұрғын үй кешенінде құрылысы біте қоймаған нысанның пәтерлерін кепілге қойып, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірімен келісімшарт жасасқан. Алайда айыпталушы өз кінәсін мойындамай отыр. Сот процесі әлі де жалғасады.

"Қазақстан Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-тармағының 2-тармақшасына сай 1958 жылы туған Сергей Котляровты қылмыстық құқық бұзушылыққа барғаны үшін кінәлі деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын. Мүлкін тәркілемей, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орта қауіпсіздік мекемесінде өтеуін ұсынамын. Құрылыс саласы және үлескерлерден ақша жинау қызметімен айналысуға 5 жыл мерзімге тыйым салынсын. Үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы тоқтатылып, дереу тұтқындалсын", - деді прокурор Дархан Қалқаманов.

158
мектеп формасы

Кәсіпкерлер министр Аймағамбетовтің шешіміне наразылық білдірді

19
(Жаңартылды 10:55 04.08.2021)
Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты білім министрлігі жаңа оқу жылында балаларға классикалық стильдегі киім киюге рұқсат бермек

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Жаңа оқу жылында мектеп формасына талап қойылмайды. Оқушылар классикалық үлгідегі киіммен мектепке бара алады. Алайда кәсіпкерлер министрдің осы бір шешіміне үзілді-кесілді қарсы, деп хабарлайды КТК арнасы.

Күні кеше білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылында балаларға тағы классикалық стильдегі киім киюге рұқсат берілетінін мәлімдеді. Негізгі себеп – елдегі эпидемиологиялық жағдай. Министрдің айтуынша, қазіргі кезде дүкендер белгілі бір уақытта, ал кейбір қалаларда жұмыс күндері ғана істейді. Егер ата-аналар балаларға мектеп формасын сатып алу үшін сауда орталықтары мен дүкендерге жаппай баратын болса, онда ұзын-сонар кезектер болып, Covid-19 жұқтыру қаупі күшейеді. Оған қоса, уақытша экономикалық қиындықтарға байланысты мектеп формасы кейбір отбасылардың қалтасына салмақ салуы мүмкін. Пандемиядан кейін оқушылар қайтадан мектеп формасын киюге міндетті болады.

Алайда мектеп формасын шығаратын кәсіпкерлер министрдің шешімімен келіспей отыр. Себебі олар жарты жыл бұрын дайындық жұмыстарына кіріскен. Ал министр мырза формаға қатысты жаңалықты енді ғана жариялады. Кәсіпкерлер болса, қажетті материалды сатып алып, форма үлгілерін де жасап қойған.

"Былтыр ол жеңіл өнеркәсіптің бір бөлігін жойып жіберді. Биыл қалғанын құртуға шешім қабылдапты. Келесі жылы не болатынын ешкім білмейді. Біз 20-шы жылдан әрең дегенде шықтық. Ал келесі жылы ол формамен не істейміз? Бұның барлығы – миллиондаған шығын. Биыл біз және басқа әріптестеріміз қалдықтарды сатса, келесі жылы жаңа маталарды сатып алу қажет. Бірақ қандай мата аламыз? Кімге? Не үшін? Министр тағы бес минут қалғанда ештеңе керек емес деп айтып жүрмей ме?", - дейді кәсіпкер Сергей Сокирко.

Ал ата-аналар арасында министрліктің шешіміне қатысты екіұдай пікір бар. Біреулер қолдаса, енді біреулер жаңа форманы таңдап жүр.

Оқи отырыңыз: Мектеп формасы міндетті бола ма – Аймағамбетов мәлімдеме жасады

 

19
Кілт сөздер:
Асхат Аймағамбетов, жеке кәсіпкерлер