Жаппай төбелес, архивтегі сурет

Нұр-Сұлтанда жаппай төбелес болды видео жарияланды

6334
Оқиға орнына патрульдік полицейлер барды. Барлық қатысушылар Есіл аудандық полиция бөліміне жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде — Sputnik. Елордада түнгі клуб маңында жаппай төбелес болды, деп хабарлады астаналық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Сағат таңғы 5.15-те полиция департаменті жедел басқару орталығының бейнекамерасына түнгі клуб маңындағы төбелес түсіп қалды. Оқиға Қабанбай батыр даңғылындағы "BaoBao" клубының жанында болған. Ол жерге патрульдік полицейлер барды. Барлық қатысушылар Есіл аудандық полиция бөліміне жеткізілді", - делінген полиция ақпаратында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sputnik Казахстан (@sputniknewskz)

Жігіттер бір-бірімен сөзге келіп қалып, кейін төбелеске ұласып кеткені анықталды. 

Ұсталғандардың бәрі алкогольдік ішімдік ішкен.

Қоғамдық тәртіп бұзушыларға қатысты 440-бапқа сәйкес ("қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу") әкімшілік өндіріс қозғалды. Төбелес фактісі бойынша қылмыстық кодекстің 293-бабы ("бұзақылық") бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр. 

Мекеме иесі де карантин режимін бұзғаны үшін әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 425-бабына сәйкес ("халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу") жауапқа тартылады.

6334
Кілт сөздер:
видео, жаппай төбелес, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Өскеменде әкімдік қызметкерінің басы дауға қалды – видео
Бассейнде қыздарға тиіскен: Алматы облысында демалыс аймағында төбелес шықты
"Кірпіш алып жүгірді": Нұр-Сұлтандағы төбелес видеоға түсіп қалды
Қызылорда облысында жаппай төбелес видеоға түсіп қалды – полиция түсініктеме берді
Ақтауда жаппай төбелес болды – видео
Есіл өзеніндегі көпір

Нұр-Сұлтанда TikTok-қа түспек болған жас жігіттерді полиция ұстап әкетті видео

103
Үш жігіт таңғы сағат бесте Қабанбай батыр даңғылында орналасқан көпірдің аркасына мініп алған

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтанда TikTok-қа видео түсірмек болған жас жігіттер "Қараөткел" көпірінің аркасына шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, оқиға 26 шілде күні болған. Үш жігіт таңғы сағат бесте Қабанбай батыр даңғылында орналасқан көпірдің аркасына мініп алған. Осы уақытта оларды ешкім байқамайды деп ойлаған. Бірақ TikTok "жұлдыздарының" әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sputnik Казахстан (@sputniknewskz)

Оқиға орнына бірден полиция экипажы аттанды. Тәртіп бұзғандар 19 және 21 жаста. Оларға айыппұл салынған жоқ. Полиция ондай әрекеттің қаншалықты қауіпті және тиісті жазаның бар екенін түсіндірді. Осыдан кейін үшеуі де босатылды.

Ал жас жігіттер көпірдің аркасына не үшін шыққанын түсіндірді. Олар TikTok-қа видео түсіргісі келген. Бірақ жоспары іске аспай қалды.

Айта кетейік, экстремалдар "Қараөткел" көпірінің аркасына жиі шығып тұрады. Мәселен, шілденің басында үш жасөспірім үстінде күнге қыздырынып жатқан. Оларды альпинистік құрал-жабдықтармен түсіруге тура келді.

103
Елорда тұрғындары

Нұр-Сұлтанда бас санитар дәрігердің қаулысы күшіне енді қалада не өзгерді

3248
(Жаңартылды 16:26 26.07.2021)
Мейрамханалар мен дәмханалар дүйсенбі-жұма күндері таңғы жетіден күндізгі он екіге дейін ғана жұмыс істейді

НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде – Sputnik. Бүгін, 26 шілдеде елорданың бас санитар дәрігерінің карантинді қатаңдату туралы жаңа қаулысы күшіне енді.

Соған сәйкес, қалада қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты қысқарды, деп хабарлайды әкімдік сайты.

Мейрамханалар мен дәмханалар

Енді мейрамханалар, дәмханалар, кофеханалар, соның ішінде далада орналасқандар дүйсенбі-жұма күндері таңғы сағат 7-ден 12:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады.

Бұл ретте "Ashyq" жобасына қосылған мекемелер дүйсенбі-жұма аралығында сағат 07.00-ден 17.00-ге дейін істесе, сенбі-жексенбі жабық болады. Тамақты жеткізу және өзімен бірге алып кету штаттық режимде жүргізіледі.

Сол сияқты асханалардың жұмыс істеу уақыты да өзгерді. Оларға клиенттерді дүйсенбі-жұма күндері таңғы 7-ден 17:00-ге дейін ғана қабылдауға рұқсат етіледі.

Шаштараз, сұлулық салондары

Сұлулық салондары, шаштараз, "барбер шоп" дүйсенбі-жұма күндері сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істей алады. Ал сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады. Клиенттерді қабылдау қатаң түрде алдын-ала жазылу арқылы жүргізілуі керек.

Фитнес, сауна, СПА, караоке

Бұған қоса, қалада бірқатар кәсіпкерлік нысанының жұмыс режимі қысқартылды.

"Ashyq" жобасына қатысатын фитнес-орталықтар, спорт нысандары, бассейндер, сауналар, СПА-орталықтар сенбі және жексенбі күндері жабылады. Ал дүйсенбі-жұма күндері сағат 07:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді.

Тағы оқыңыз: Цой карантинді бұзғандардың тізімін жариялауға не түрткі болғанын айтты

"Ashyq" жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін караоке жұмысын ұйымдастыру күшейтілген санитарлық-профилактикалық шараларды сақтай отырып, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады. Ал дүйсенбі-жұма аралығында сағат 12.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істей алады.

Қала әкімдігі карантинді қатаңдату тұрақсыз эпидемиологиялық жағдаймен байланысты мәжбүрлі шара екенін атап өтті.

Қаулы Қазақстан аумағында коронавирустың пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасына сәйкес қабылданды.

3248
Кілт сөздер:
коронавирус, карантин, Нұр-Сұлтан
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
4 өңірде карантин күшейтіледі – комиссия шешім қабылдады
Қарағанды ​​облысында да карантин күшейтіледі
Елордада карантин тәртібін бұзғандарға 159 миллион теңге айыппұл салынды
Алматыда карантин күшейтілді – Бекшин себебін түсіндірді
Бокс, Олимпиада

Қазақстан үшін сәтті салмақтағы боксшы алғашқы жекпе-жекте ұтылды

14
(Жаңартылды 15:13 27.07.2021)
Бұған дейін Серік Теміржанов, Закир Сафиуллин мен Сәкен Бибосынов алғашқы жекпе-жектерін сәтті өткізген болатын. Бүгін Василий Левит те рингке шығады

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Токио Олимпиадасына 69 салмақ дәрежесі бойынша жолдама алған Абылайхан Жүсіпов алғашқы жекпе-жекте ұтылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстандық боксшы бірден екінші айналымнан бастады. Оған қарсы америкалық Деланте Джонсон шықты. Бірінші раундта бес төрешінің үшеуі Жүсіповқа жоғары ұпай қойды. Ал екінші раунда америкалық боксшы басым болды. Үшінші раунда бір төреші ғана Абылайханның дайындығын жоғары бағалады. Осылайша, жерлесіміз 1:4 есебімен ұтылып қалды. 

Бұған дейін Серік Теміржанов (57 келі), Закир Сафиуллин (63 келі) мен Сәкен Бибосынов (52 келі) алғашқы жекпе-жектерін сәтті өткізген болатын. Бүгін Василий Левит (91 келі) те рингке шығады. Одан бөлек, Әбілхан Аманқұл (75 келі), Бекзат Нұрдәулетов (81 келі) пен Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) бар. Ал әйелдер арасындағы бокста ел намысын жалғыз Надежда Рябец (75 келі) қана қорғайды.

Айта кетері, 2004 жылдан бері Қазақстан үшін бокста 69 келі салмақ дәрежесі сәтті болған. Боксшыларымыз төрт Олимпиадада қатарынан алтын медаль иеленген. Мәселен, Рио Олимпиадасында Данияр Елеусінов, оған дейін Серік Сәпиев Лондонда чемпион атанған болатын. Оның алдында Бақыт Сәрсекбаев пен Бақтияр Артаев та дәл осы салмақта топ жарды. Боксшылармыз екі рет Вэл Баркер кубогын да иеленді.

14
Кілт сөздер:
олимпиада, жекпе-жек, бокс
Тақырып:
Токио Олимпиадасы
Тақырып бойынша
Зал шулап кетті: Левит төрешілердің шешіміне аң-таң болды – видео
Олимпиада жүлдегері Елдос Сметовке Алматы әуежайында тосын сый жасалды – видео
Олимпиада ойындары өтіп жатқан Токиоға жойқын тайфун жақындап келеді
Алға, Қазақстан: әртістер Токиодағы Олимпиада құрамасына ән арнады –  видео
Олимпиада ойындары бас стадионының көрінісі – видео