Елорда, архивтегі фото

Нұр-Сұлтанда мұғалімдер саябағы ашылады

52
(Жаңартылды 08:12 16.07.2021)
Саябақтағы әр орындыққа мұғалімнің аты-жөні мен шағын өмірбаяны жазылған тақтайша орнатылады

НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтанда мұғалімдер саябағы ашылады. Жаңа қоғамдық кеңістік Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшесі қиылысында орналасқан Беласар көпірінің маңында Ақбұлақ өзенінің бойында абаттандырылып жатыр, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

1,2 гектар аумақтағы елорданың мұғалімдер саябағында жатуға арналған аспалы торлар (гамак) мен жарық беретін орындықтар орнатылады, түрлі инсталляцияларға арналған орын, балалар алаңы, мастер-класс өткізуге арналған кеңістік болады.

Парк USTAZ ALANY появится на правобережье столицы
Елордада мұғалімдер саябағы ашылады

Қолданыстағы саябақты қайта құру және Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ға жақын екенін ескере отырып, демалуға арналған тыныш орындар, серуендеу және оқу орындарын құру жоспарлануда.

"USTAZ ALANY" паркі мұғалімдерге арналған. Оның айрықша ерекшелігі – шағын сәулет нысандарында. Мәселен, әр орындыққа мұғалімнің аты-жөні мен шағын өмірбаяны жазылған тақтайша орнатылады. Сонымен қатар педагогтарға ерен еңбегі үшін алғыс ретінде грифель қабырғасы мен "Bilim japyraqtary" инсталляциясын орнату жоспарланып отыр. Елордада қала тұрғындарының таза ауада демалатын орындары көбейіп келеді", - деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Ұранхаев.

Официальный интернет-ресурс акимата города Нур-Султан
Елордада мұғалімдер саябағы ашылады

Саябақ аумағында алмасып оқу үшін кітап қораптарын орнату жоспарланып отыр.

Сонымен қатар саябақтың орталық бөлігінде таза ауада шеберлік сабақтарын өткізуге арналған орын ашылады. Елорданың дизайн-кодына сәйкес жарықтандырылған әткеншек орындықтары мен биікше орнатылған шамдар (торшер) аллеяны әсемдей түседі. Көгалдандыруға да ерекше көңіл бөлінбек. Ал саябақтың орталық бөлігіне емен отырғызу жоспарланып отыр.

"Бұл саябақ Ақбұлақ өзенінің жанында орналасқандықтан теңіз кейпіндегі балалар алаңқайы орнатылады. Бұдан бөлек ерекше шатырлары бар алаң ашылады",- деді урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкен.

Саябақтың жағасына сарғыш рең беретін жарық пен жаяу серуендеу үшін әдемі көңіл-күй сыйлайтын гирляндалар орнату жоспарлануда. "Адамға ыңғайлы қала" идеясын іске асыру аясында кедергісіз орта құрылады.

Естеріңізге сала кетейік, биыл "Нұр-Сұлтан – жайлы қала" мастер-жоспары аясында 190-ға жуық аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандыру жоспарланып отыр.

Өткен жылы 210 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылған болатын.

52
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда құтқарушылар саябағы ашылды
Архивтегі фото

Нұр-Сұлтанда вакцина салдырғандар арасында үлестірілетін жүлделер саны артты

25
Енді 28 шілдеден 6 тамызға дейін (қоса алғанда) вакцина салдырғандардың арасында тағы үш iPhone12 ойнатылады

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтанда вакцина салдырғандар арасында ойнатылатын жүлделер саны артты, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Тағы екі iPhone12 және басқа да бағалы сыйлықтардың төртінші ұтыс ойыны 31 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі (Facebook, YouTube) парақшаларында тікелей эфирде өтеді.

"Төртінші ұтыс ойынына 24 шілде мен 30 шілде аралығында вакциналанғандар қатысады. Бұл ұтыс ойынына медициналық мекемелердегі, СОО/СҮ-дегі вакциналаудың барлық пункті қатысады. Ұтыс ойынына қатысу автоматты, құжат толтырып, тіркелудің қажеті жоқ", - делінген хабарламада.

Енді 28 шілдеден 6 тамызға дейін (қоса алғанда) вакцина салдырғандардың арасында тағы үш iPhone12 ойнатылады. Аталған ұтыс ойынына "Абу Даби Плаза", "Керуен", "Сарыарқа" сауда ойын-сауық орталықтарында және оларға бекітілген БМСК ұйымдарында – №2, 9 және 14 қалалық емханаларда вакцина алған адамдар қатысады. Бұл ұтыс ойынының тікелей эфирі 7 тамызда өтеді.

IPhone12 және басқа да құнды сыйлықтардың ұтыс ойынын әкімдік апта сайын жаздың соңына дейін өткізеді.

Birge платформасында  ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы рандомайзер сервисі орнатылған, ол жүлде иелерін вакцина салдырғандардың ID нөмірі арқылы таңдайды. Оны әзірлеуге IT-қауымдастық та қатысты. Вакциналанғандар бойынша сервис денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктірілген.

Елордада екі бөлмелі пәтер ұтысқа тігілді

Айта кетейік, елордада вакцина алғандар арасында екі бөлмелі пәтер де ойнатылады. Осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін алған 18 жастан асқан қала тұрғындарының елордада жылжымайтын мүлікті ұтып алу мүмкіндігі бар. Бұл ұтыс ойынына вакциналаудың барлық пункті қатысады: медициналық мекемелер, СОО-лар және сауда үйлері. Айта кету керек, ұтыс ойындары демеушілердің көмегімен өткізіледі.

Сондай-ақ "MEGA Silk Way" СОО вакциналау пунктінде вакцинаның  бірінші компонентін алғандар арасында автокөлік ұтыс ойыны өтеді.

Елордада өткізілетін ұтыс ойындары азаматтарды екпе алуға ынталандыру, осылайша өз денсаулығын да, жақын және айналасындағы адамдардың денсаулығын сақтау үшін ұйымдастырылады. Себебі, басты мақсат — ұжымдық иммунитетті дамыту және карантинге дейінгі режимге оралу. Ұжымдық иммунитеттің үлесі 60%-тен асуы керек.

25
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина
Ashyq мобильді қосымшасы

Елорда тұрғындары базарға Ashyq арқылы кіргізіледі

3224
Бүгінде Ashyq жобасына "Әсем", "Әлем" сауда орталықтары, "Эталон" құрылыс базары қосылды

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтанның жабық базарлары "Ashyq" жобасына қосылып жатыр.

Бұл коронавирустың таралу қаупін азайтуға, осылайша адамдарды қорғауға және базарлардың қызметін жалғастыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Адамдарды "Ashyq" қосымшасы арқылы кіргізетін нысандардың арасында  "Әсем", "Әлем" сауда орталықтары, "Эталон" құрылыс базары бар. Сондай-ақ "Шапағат", "Сарыарқа" және өзге де сауда орындары жобаға дайындалып жатыр.

"Біз кешеден бері "Ashyq" бағдарламасы бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Жұртшылық арнайы орнатылған тәртіп бойынша кіреді. Кіреберісте жиналып тұрмайды. Бүгіннің өзінде келушілер арасында 2 "сары",1 "қызыл" статусы бар адамдар анықталды. Өз тәжірибемізде мұндай үлкен нысанда да осы жүйе бойынша жұмыс істеуге болатынын көрсеткіміз келеді. Базар қызметкерлері де, келушілер де өзін қауіпсіз сезінуі үшін осы жүйені орнатқанын қалаймыз", — деді "Әсем" СО директоры Нұрлан Нұрмағанбетов.

Тағы оқыңыз: Цой карантинді бұзғандардың тізімін жариялауға не түрткі болғанын айтты

Бүгінде елордада "Ashyq" жобасына 2 200-ден астам кәсіпкерлік субъектісі тіркелген.

"Ashyq" мобильді қосымшасының арқасында 18 тұрғын "қызыл"статусы (ПТР сынамасы оң нәтиже көрсетті) бола тұра қоғамдық орындарға барғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.

Ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес, осы жылдың 2 тамызынан бастап "Ashyq" жобасына қатыспайтын кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі тоқтатылады. Бірақ бұл талап орталық мемлекеттік органдарға, әкімдіктерге, құқық қорғау органдарына, денсаулық сақтау ұйымдарына, БАҚ-қа, азық-түлік дүкендеріне, дәріханаларға және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарына қатысты емес.

3224
Кілт сөздер:
базар, Нұр-Сұлтан
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
5 марта 2007 г., американский солдат во время патрулирования Международных сил содействия безопасности (ISAF) под руководством НАТО в провинции Фарах в Афганистане. Война в Афганистане, начавшаяся после терактов 11 сентября, унесла жизни десятков тысяч афганцев и около 2400 американских солдат

Америка Ирактағы әскери миссиясын аяқтады

0
2017 жылы ДАИШ-тың жеңілгені туралы хабарланғанына қарамастан Иракта теракті тоқтамады. Өткен аптада Бағдад базарларының бірінде автобус жарылды

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. АҚШ Таяу Шығыстан алыстап барады. Ауғанстандағы әскерін шығарды, Ирактағы әскери миссиясы да аяқталып жатыр. Ресми тұлғалар терроризмді жеңдік деп мәлімдегенмен, шынайы картина мүлде басқа екені көрініп тұр, деп жазды РИА Новости.

"АҚШ үшін Таяу Шығыста Ирактың маңызы зор және менің карьерам басталған шақтан бері біз оның тыныс-тіршілігіне етене араласып келеміз", - деді АҚШ президенті Джо Байден Ақ үйде Ирак премьер-министр Мұстафа әл-Каземимен кездесу барысында. 2003 жылы америкалықтар Иракқа кірген шақта қазіргі президент сенатор қызметін атқарған болатын.

Ирактағы соғыс қимылдарының аяқталғаны туралы Ақ үй алғаш рет 2010 жылы мәлімдеді. Байден ол кезде вице-президент қызметінде болды. Алайда араға төрт жыл салып ДАИШ-қа* қарсы "Мызғымас батылдық" операциясы басталды.

Енді Джо Байден елдегі әскери миссияның аяқталғаны туралы ресми түрде мәлімдеді. "Енді біздің Ирактағы рөліміз оқу-жаттығуларды жалғастыру, ирактық қауіпсіздік күштеріне қолдау көрсету аясында болады", - деп түсіндірді президент.

Басқа ешқандай мәлімет айтылған жоқ. Джо Байден тіпті желтоқсанға дейін Иракта қандай әскер қалатыны туралы сұраған журналистердің сұрақтарына да жауап бермеді. "Бұл сол уақыттағы жағдайға байланысты болады", - деді Ақ үй спикері Джен Псаки.

Пентагондағылар АҚШ "Таяу Шығыс проблемаларын елемеуді доғарып, оларды шешудің басқа жолдарын іздеу керек екенін" айтуда. Елде аз әскер қалады. Соңғы мәлімет бойынша қазір Иракта 2,5 мың америкалық сарбаз бар. Өткен жылдың соңында президент Дональд Трамп әскер санын қысқартқан болатын. Америкалық жалғыз база Айн-әл-Асад Бағдадтан солтүстікке қарай 160 километр қашықтықта орналасқан.

2017 жылы ДАИШ-тың жеңілгені туралы хабарға қарамастан терактілер жалғасып жатыр. Өткен аптада исламшылдар Бағдад базарларының бірінде автобус жарылысын өз мойнына алды. Кемінде 30 адам мерт болды.

Америкалықтарға Иран қолдау көрсетіп отырған содырлар шабуыл жасап жатыр. Наурызда Айн-әл-Асад зымыран соққысына тап болып, бір адам көз жұмды. Мамырда базаға жарылғыш заты бар пилотсыз ұшатын аппарат қауіп төндірсе, шілдеде қайтадан зымырандар шабуылдап, үш адам жараланды.

Мұстафа әл-Каземи Вашингтонмен татулықты ұстанатын премьер-министр. Сондықтан ол Иранмен байланысты топтардың жолын кесуге тырысты. Алайда жақында ғана америкалық авиацияның Сириямен шекарадағы ирандық құрылымдарға жасаған соққыларын Ирак егемендігіне қол сұғушылық деп бағалады.

Ал АҚШ премьердің елді қалпына келтірудегі орасан зор еңбегін жоғары бағалады. Маусымда Бағдадқа Иордания королі ІІ Абдулла мен Мысыр президенті Абдель Фаттах әл-Сиси келді. Бұл 1990 жылдан бері елге келген алғашқы мысырлық көшбасшы.

АҚШ COVAX халықаралық бағдарламасы аясында Иракқа 500 мың доза Pfizer вакцинасын жеткізуге келісті. Байденнің айтуынша алдағы екі аптада препарат Иракқа жетеді. Қазір елде ауру жұқтырғандар саны артып, ауруханаларда өрт жиіледі. Бұдан бөлек Вашингтон парламент сайлауына бақылау жүргізу бойынша БҰҰ миссиясына 5,2 миллион доллар бөлетін болды.

Бірақ РИА Новости сауалнамасына жауап берген барлық сарапшы АҚШ-тың Ирактан түбегейлі кетуі туралы сөз қозғалмағанын айтты.

"Вашингтон бұл стратегиялық алаң үшін ұзақ күресті. Сондықтан әскерді шығару туралы мәлімдеме саяси астары бар әрекет болуы мүмкін. Себебі америкалық сайлаушыларға берген уәдені орындау керек. Ирак қоғамының пікірі де маңызды. Жергілікті саясаткерлер Мұстафа әл-Каземиге қысым көрсетіп жатыр. Елдегі саяси ахуал да мәз емес", - дейді Ресейдің халықаралық істер жөніндегі кеңесінің сарапшысы Елена Супонина.

"Жеті жыл бұрын АҚШ Иракқа қайта оралған кезде терроризммен күрес ақиқатқа айналды. Америкалықтар ДАИШ-ты* жеңуде үлкен рөл атқарды. Әрине, олар қолданған әдістерге қатысты біршама сұрақ туындайды. Ал қазір Ирак билігінің өзі америкалықтардың елден кетуін сұрады", - дейді шығыстанушы және публицист Андрей Онтиков.

Алайда Шығыстану зерттеулері орталығының ғылыми қызметкері Данила Крылов АҚШ әскери қызметкерлері бірден үйлеріне қайтуы екіталай екенін айтты. "Бір араб елінен екінші араб еліне қарай орын ауыстыруы ықтимал. Сирияға қарай бағыт алуы мүмкін. Ресейдің қорғаныс министрлігі Ирактағы америкалық әскерилер Сирия базаларына тұрақтап жатқанын бірнеше рет айтқан болатын", - деді сарапшы.

Америкалықтардың көбі өздері терроризммен күресіп, басқа өңірге назар аудармаған шақта Қиыр Шығыста Қытай өз қауқарына мінді деп санайды. Енді АҚШ үшін бұл ел нағыз қауіпке айналды.

*Қазақстан Республикасында тыйым салынған террористік ұйым

0