Дәрігерлер

Нұр-Сұлтанда екі медицина орталығына ескерту жасалды

76
Денсаулық басқармасы қазақстандықтар қандай жағдай болмасын медициналық көмекті толық көлемде алуға тиіс екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының денсаулық сақтау басқармасы екі жекеменшік мекеменің жұмысын сынға алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордадағы "Салауатты Астана" және "Шипагер" медицина орталықтарына ескерту жасалды. Оған тұрғындар тарапынан шағымның жиі түсуі себеп болған.

Денсаулық сақтау басқармасы жекеменшік медициналық мекемелердің басшыларына заңбұзушылықтарды жоюды тапсырды.

"Әрине, қалада қалыптасқан тұрақсыз эпидемиологиялық жағдай медициналық қызметтерді көрсету бойынша іс-қимыл алгоритмін қайта қарауға мәжбүрледі. Бірақ біздің азаматтар бұдан зардап шекпеуі керек және қандай жағдай болмасын медициналық көмекті толық көлемде алуға тиіс", -деп атап өтті қалалық басқарма.

Тағы оқыңыз: Коронавирус жұқтырған науқас ауруханадан шығаруды талап етті

Еске салсақ, қалада 186 мобильді бригада жұмыс істейді. Мобильді бригадалар коронавирус жұқтырған пациенттердің үйіне барып, ПТР-тест алады, науқастардың денсаулығын бақылайды.

Елорда әкімінің тапсырмасымен мобильді бригадалардың саны 100 бригадаға көбейеді. Осылайша олардың жалпы саны 300-ге жуықтайды.

76
Кілт сөздер:
медицина, Нұр-Сұлтан
Ashyq, әуежай

Нұр-Сұлтан әкімдігі қоғамдық орындарға барған науқастардың тізімін жариялады

1621
(Жаңартылды 12:41 24.07.2021)
Нұр-Сұлтанның коронавирус жұқтырған 18 тұрғыны "Ashyq" жүйесі арқылы жұмыс істейтін нысандарға кіруге тырысқан

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты Ashyq жүйесінде "қызыл" статусы бола тұра оқшаулау тәртібін бұзғандардың тізімін жариялады.

"Елордада 18 тұрғынға үйде оқшаулау тәртібін бұзғаны үшін Қазақстан ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікті көздейтін хаттама жасалды, тиісінше 87 510 теңге (30 АЕК) айыппұл салынды", - делінген хабарламада.

Әкімдік ПТР тесті оң нәтиже көрсеткендер қоғамдық орындарға барып, "Ashyq" жүйесі арқылы жұмыс істейтін нысандар қызметін пайдалануға тырысқанын атап өтті.

Оқи отырыңыз: Алматыда коронавирусты қасақана жұқтырмақ болғандар қашып құтыла алмады 

Елорда билігі үй карантиніндегі адамдарды оқшаулау шарттарын қатаң сақтауға шақырды.

"Эпидемиологиялық тәртіпті сақтау – әрбір адамның азаматтық міндеті. Бұл өзіңіз үшін ғана емес, балаларыңыздың  және бүкіл қоғамның денсаулығы, өмірі мен әл-ауқаты үшін жауапкершілік", - деп мәлімдеді әкімдік.

Нұр-Сұлтанда "қызыл" статусы бола тұра 14 күндік үй карантинін бұзғандардың тізімін әкімдіктің ресми сайтынан көруге болады.

1621
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Алтай Көлгінов

Нұр-Сұлтан әкімі: шұғыл шара қабылдау қажет

241
Қала басшысы құрылыс компаниясының өкілдерімен кездесіп, ұжымдарда вакциналау қажеттігі туралы ескертті. Екпе салынбаса, нысандардағы жұмысты тоқтатуға тура келетінін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде — Sputnik. Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов елорда тұрғындарына үндеу жасады. Оның айтуынша, санитарлық талаптарды сақтамау адамдардың өміріне қауіп төндіріп отыр. 

"Қала тұрғындары күн сайын жолда, жұмыста, туыстарымен және т.б. адамдармен араласады. Өкінішке қарай, бәрі бірдей қауіпсіздік шараларын сақтай бермейді. Санитарлық нормаларды және өзін-өзі қорғаудың қарапайым тәсілін ұстанбау қатерге бас тігумен тең. Мұндай жағдайда адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнеді. Бәріңізді шұғыл түрде екпе алуға шақырамын", - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Көлгінов вакциналау коронавирус жұқтырған жағдайда жансақтау бөліміне түсіп қалудан қорғайтынын айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алтай Кульгинов (@altay_kulginov_official)

Нұр-Сұлтан әкімі құрылыс нысандарында да вакциналау жүргізудің маңызын атап өтті. Ол екпе салғызбаған жағдайда нысандар жабылуы мүмкін екенін ескертті.

"Биыл жұмыс көп. Қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі, оқу орындардың, әлеуметтік нысандардың құрылысы және т.б. артады. Алайда ұжымдық иммунитет қалыптаспаса, құрылыс жұмысы тоқтатылады. Вакцинация арқылы ғана ұжымдық иммунитетті дамыта аламыз", - деді ол.

241
Тақырып бойынша
"Вакцина алмағанына өкінеді": денсаулық министрі халыққа үндеу жасады 
Антиваксерлер шенеуніктерге тап берді: Цой әйелдермен кездесуге неге шықпады
Денсаулық министрі балаларды вакциналауға қатысты сауалға жауап берді
Қазақстандықтарда таңдау бар ма – өңірлерде қандай вакцина қалды 
Қазақстанда коронавирустан қанша бала көз жұмды
Токио Олимпиадасындағы Қазақстан құрамасы

Олимпиаданың үшінші күні: қазақстандық спортшылардан кімдер сынға түседі

0
25 шілдеде Токиодағы Олимпиада ойындарында он төрт қазақстандық спортшы және су добы командасы бақ сынайды

НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. 25 шілде күні Токио Олимпиадасының үшінші жарыс күні басталады. Ұлттық Олимпиада комитеті бүгін сынға түсетін қазақстандық спортшылардың жарыс кестесін назарға ұсынды.

ҰОК Нұр-Сұлтан мен Токио арасындағы уақыт айырмашылығы +3 сағат екенін еске салды.

Қазақстан спортшыларының жарыс кестесі Нұр-Сұлтан уақытымен көрсетілген.

Стенд ату, скит. Әйелдер.

Әсем Орынбай, Зоя Кравченко

Басталуы: 06:00

Дзюдо. Ерлер.

Ерлан Серікжанов

Басталуы: 08:00

Теннис, жекелей сын. Әйелдер.

Ярослава Шведова, Юлия Путинцева

Басталуы: 08:00

Теннис, жекелей сын. Ерлер.

Михаил Кукушкин

Басталуы: 08:00

Семсерлесу. Ерлер.

Руслан Курбанов

Басталуы: 09:45

Нысана көздеу, пневматикалық винтовка. Ерлер.

Юрий Юрков

Басталуы: 10:00

Каноэ, слаломды есу. Ерлер.

Александр Куликов

Басталуы: 10:00

Каноэ, слаломды есу. Әйелдер.

Екатерина Смирнова

Басталуы: 10:50

Үстел теннисі. Ерлер.

Кирилл Герасименко

Басталуы: 12:30

Ауыр атлетика. Ерлер.

Игорь Сон

Басталуы: 12:50

Жүзу. Әйелдер.

Диана Назарова

Басталуы: 16:04

Бокс. Ерлер.

Зәкір Сафиуллин

Басталуы: 16:24

Су добы. Ерлер.

Қазақстан-Хорватия

Басталуы: 16:50.

0
Кілт сөздер:
жарыс, Токио Олимпиадасы
Тақырып:
Токио Олимпиадасы