Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанның инфекциялық ауруханаларындағы төсек орын 72 процентке толды

© Sputnik / Тимур Батыршин В палате больницы с коронавирусом
 В палате больницы с коронавирусом - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2021
Жазылу
Қазір ауруханаларда 2556 науқас ем қабылдап жатыр. Індетке шалдыққан 203 адам жансақтау бөліміне түскен

НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде – Sputnik. Елорданың инфекциялық стационарларында науқастар көбейіп, орындар 72%-ке толды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтты.

Медики в защитных костюмах везут на носилках пациента с коронавирусом  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2021
Қоғам
Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 77 адам қайтыс болды
Қазір ауруханаларда 2556 науқас ем қабылдап жатыр. Індетке шалдыққан 203 адам жансақтау бөліміне түскен. Өте ауыр хәлде – 70 науқас, ал 47 адам жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған, деп хабарлады Хабар 24.

Сондай-ақ коронавируспен күресуге 16 инфекциялық стационар тартылған. Бүгінде 1006 төсек бос, оның ішінде 62-сі реанимациялық орын.

Тимур Мұратов мобильді бригадалар күніне 2 мыңнан астам шақыртуға баратынын тілге тиек етті. Ал алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында 11 мыңға жуық науқас ем алуда. Бұдан бөлек астанада ковидті анықтайтын зертханалар саны артты.

Жаңалықтар
0