Елорда тынысы

Пәтер ұтысына тегін қатысу үшін не істеу керек – жеңімпазды анықтау ережесі

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуНовый дом, архивное фото
Новый дом, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2021
Жазылу
Нұр-Сұлтанда вакцина алғандардың арасында екі бөлмелі пәтер ойнатылады. Әкімдік жеңімпазды анықтау ережесін түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде – Sputnik. Екі бөлмелі пәтердің ұтысына қатысу үшін құжат толтырудың қажеті жоқ. Оған 25 маусым мен 31 тамыз аралығында вакцинаның бірінші компонентін алған 18 жастан асқан елорда тұрғындары автоматты түрде қатысады, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.  

Деньги в руках - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2021
Қоғам
Вакцинадан кейін миллион ұтып алған әйел ақшаны қайда жұмсайтынын айтты
"Ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін Birge платформасында арнайы рандомайзер сервисі орнатылған, ол жүлде иелерін вакциналаудан өткендердің ID генерациясымен таңдайды. Оны әзірлеуге IT-қауымдастық атсалысты. Бұл сервис денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктірілген", - делінген ресми хабарламада.

Ал пәтер ұтысының қорытындысы қыркүйек айының басында жарияланады. Ұтыс ойынына қаладағы кез келген вакциналау пунктінде екпе алғандар автоматты түрде қатысады.  

Айта кетейік, "MEGA Silk Way" СОО-ның вакциналау пунктінде екпе алғандар арасында автокөлік ұтысы өтеді. Оған қоса Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі апта сайын тікелей эфирде iPhone12 және басқа да бағалы сыйлықтардың ұтысын өткізіп тұрады.

Жаңалықтар
0