Есіл өзеніндегі көпір

Нұр-Сұлтанда TikTok-қа түспек болған жас жігіттерді полиция ұстап әкетті видео

645
Үш жігіт таңғы сағат бесте Қабанбай батыр даңғылында орналасқан көпірдің аркасына мініп алған

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтанда TikTok-қа видео түсірмек болған жас жігіттер "Қараөткел" көпірінің аркасына шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, оқиға 26 шілде күні болған. Үш жігіт таңғы сағат бесте Қабанбай батыр даңғылында орналасқан көпірдің аркасына мініп алған. Осы уақытта оларды ешкім байқамайды деп ойлаған. Бірақ TikTok "жұлдыздарының" әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sputnik Казахстан (@sputniknewskz)

Оқиға орнына бірден полиция экипажы аттанды. Тәртіп бұзғандар 19 және 21 жаста. Оларға айыппұл салынған жоқ. Полиция ондай әрекеттің қаншалықты қауіпті және тиісті жазаның бар екенін түсіндірді. Осыдан кейін үшеуі де босатылды.

Ал жас жігіттер көпірдің аркасына не үшін шыққанын түсіндірді. Олар TikTok-қа видео түсіргісі келген. Бірақ жоспары іске аспай қалды.

Айта кетейік, экстремалдар "Қараөткел" көпірінің аркасына жиі шығып тұрады. Мәселен, шілденің басында үш жасөспірім үстінде күнге қыздырынып жатқан. Оларды альпинистік құрал-жабдықтармен түсіруге тура келді.

645
Лесная поляна

Нұр-Сұлтанда қала маңына қатынайтын автобус іске қосылады

8
Жаңа бағыттағы автобустар аптаның барлық күні қатынайтын болады, бұл Қосшы қаласының қоғамдық көлігінің жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік береді

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Елордада "Лесная поляна" елді мекені – Назарбаев Университеті" бағытында қала маңына қатынайтын жаңа маршрут іске қосылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

"25 қыркүйектен бастап Қосшы қаласы тұрғындарының өтініші бойынша "Лесная поляна" елді мекені – Назарбаев Университеті" бағытындағы №323 қала маңына қатынайтын жаңа маршрут іске қосылады", - делінген хабарламада.

Маршруттың қозғалысы "ЭКО-Маркет "Минимаркеті" аялдамасынан басталады, ары қарай Қарқаралы тасжолы – Қабанбай батыр даңғылының бойы, ал соңғы пункт – "Назарбаев Университеті".

Жаңа бағыттағы автобустар аптаның барлық күні қатынайтын болады, бұл Қосшы қаласының қоғамдық көлігінің жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік береді.

"Жолаушылар қоғамдық көлікте маска режимін сақтауды ұмытпауы керек. Автобусқа бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Жолақысы қолма-қол ақшасыз жүзеге асырылады", - деді әкімдіктегілер.

Оқи отырыңыз:

8
Кілт сөздер:
автобус, Нұр-Сұлтан, қоғамдық көлік
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда тағы 100 электрлі автобус пайдалануға беріледі
Нұр-Сұлтанда тағы бір автобус жолағы іске қосылады
Нұр-Сұлтанда көлік қозғалысы тәртібіне өзгеріс енгізіледі
Автомобильное движение

Нұр-Сұлтанда көлік қозғалысы тәртібіне өзгеріс енгізіледі

30
(Жаңартылды 08:05 23.09.2021)
Бірнеше көше қиылысында солға бұрылуға тыйым салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар бағдаршамда қосымша секциялар пайда болады

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтанның бірнеше көшесінде көлік қозғалысы тәртібі өзгереді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлайды. 

"Қаланың 5 учаскесінде көліктің кері бұрылуына арналған алаңдар іске қосылады. Оның үшеуі Оңғарсынова көшесі бойынша, біреуі Назарбаев орталығы ауданында Бөкейхан көшесі бойында, тағы бірі №76 мектебі ауданында Керей-Жәнібек хандар көшесі бойында болады", - делінген хабарламада.

Мәңгілік Ел даңғылы – Ұлы дала даңғылы (Бөкейхан көшесінен қозғалыс кезінде), Тәуелсіздік даңғылы – Нәжімеденов көшесі (Қалдаяқов көшесінен), Түркістан көшесі – Керей Жәнібек хандар көшесі (Алматы көшесінен) қиылыстарында солға бұрылуға тыйым салу жоспарланып отыр.

"Сондай-ақ бағдаршамның қосымша секцияларын орнату бойынша жұмыстар белгіленген: Қорғалжын тас жолы бағытында оңға жылжу кезінде Айтматов көшесі – Мұхамедханов көшесінің қиылысы, Мәңгілік Ел даңғылының қиылысы – Бұқар Жырау көшесінің қиылысы солға Түркістан көшесіне қарай, Сарыарқа даңғылы-Сейфуллин көшесінің қиылысы қолданыстағы "+" жарық сигналы қосымша секцияға солға ауыстырылады", - деп хабарлады әкімдіктегілер.

Жоғарыда аталған жоспарланған іс-шаралар қыркүйек айының соңына дейін іске асырылатын болады.

Айта кетейік, аталған өзгерістерді Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі полиция департаментімен бірлесіп жолдардың өткізу қабілетін арттыру және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жоспарлап отыр.

Жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілері қырағы болып, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

30
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, жол, жаңа тәртіп
портфель ұстаған адам

"Айына 643 мың теңге алады": сенатор мәслихат басшыларының жалақасын жариялады

20
(Жаңартылды 11:36 23.09.2021)
Сондай-ақ сенат депутаттары тексеру комиссия мүшелерінің жалақысын көтеру керек деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Сенаторлар жергілікті мәслихат хатшылары мен тексеру комиссияларының мәртебесін ғана емес, жалақысын да көтеруді талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Депутат Мұрат Бақтиярұлының айтуынша, бұл мәселе көптен бері көтеріліп келеді. Бірақ әлі күнге дейін шешілген жоқ.

"Біз өңірлерге іс-сапармен шыққанда жергілікті мәслихаттардың мәртебесін көтеру бойынша әлі де шешімін таппаған мәселелердің бар екеніне куә болдық. Атап айтқанда, үкіметтің 2021 жылғы маусымдағы қаулысына орай, жергілікті деңгейде қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілердің жалақысы екі еседен артық көтерілген. Алайда барлық деңгейдегі мәслихат хатшыларының еңбекақысы сол бұрынғы қалпында қалып қойды. Ондай жағдай 2016 жылы да болған", - деді Бақтиярұлы сенаттың жалпы отырысында.

Осы орайда ол мәслихат хатшыларының жалақысын да жариялады.

Оның айтуынша, аудандық деңгейдегі мәслихат хатшысы аудандық мәслихат аппарат басшысынан екі есе, ал бөлім басшысынан 50 процентке төмен жалақы алады.

"Мысалы, Қызылорда облысында аудандық деңгейде мәслихат хатшысы 200 мың теңге, ал мәслихаттың аппарат басшысы 453 мың теңге, бөлім басшысы 302 мың теңге алады. Ал облыстық деңгейде мәслихат хатшысы 467 мың теңге, мәслихаттың аппарат басшысы 634 мың теңге, ал бөлім басшысы 400 мың теңге жалақы алады. Мәслихат хатшыларының аппарат қызметкерлерінен төмен жалақы алуы лауазымдық иерархия қағидаларының сақталмауына әкеліп соғуда", - деп атап өтті Бақтиярұлы.

Сондай-ақ сенат депутаттары тексеру комиссия мүшелерінің жалақысын көтеру керек деп санайды.

"Тексеру комиссиялары төрағаларының жалақысы тек 33 процентке, тексеру комиссиясы мүшелерінің жалақысы 17 процентке ғана көбейді. Ал басқа мемлекеттік қызметшілердің жалақысы екі немесе одан көп есеге өсті. Бұл ретте тексеру комиссиясының мүшелері өз өкілеттіліктеріне сәйкес, жергілікті атқарушы органдарының жұмысына баға беріп, тиімділігінің тәуелсіз қорытындысын әзірлейтінін атап өткен жөн", - дейді Бақтиярұлы.

Бұдан бөлек, сенаторлар мәслихаттарға қол жинау және петиция жасау құзіретін беруді ұсынды.

Олар үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, мәслихат хатшылары мен тексеру комиссияларының мәртебесін ғана емес, жалақысын да көтеруді сұрады.

Оқи отырыңыз: 

20
Кілт сөздер:
жалақы, сенатор, мәслихат
Тақырып бойынша
Аймағамбетов мектеп директорларына жалақы төлеу жүйесі өзгеретінін мәлімдеді
Министр қай өңірде орташа жалақы 321 мың теңгеге дейін өсетінін айтты
Ең төменгі жалақы 60 мың теңгеге дейін көтеріледі – жолдау
2022 жылы зейнетақы мен ең төменгі жалақы қанша болады