Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда вакцина салдырғандар арасында тағы үш iPhone12 ойнатылады

© Sputnik / Владислав ВодневАйфон және бетперде
Айфон және бетперде - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2021
Жазылу
IPhone12 және басқа да бағалы сыйлықтардың ұтысын әкімдік апта сайын, жаздың соңына дейін өткізеді

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Елордада вакцина алғандар арасында ойнатылатын жүлделер саны артты.

28 шілдеден 6 тамызға дейін (қоса алғанда) вакцина салғызғандар арасында тағы үш iPhone12 ойнатылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.  

Ұтысқа қатысу үшін "Абу Даби Плаза", "Керуен", "Сарыарқа" сауда ойын-сауық орталықтарында немесе №2, 9 және 14 қалалық емханаларда вакцина алу қажет. Ұтыстың тікелей эфирі 7 тамызда өтеді. Тіркелудің қажеті жоқ.

Ұтыс ойынының жеңімпаздары Birge платформасында орнатылған арнайы рандомайзер сервисі арқылы анықталады. Ол жүлде иелерін вакциналанғандардың ID нөмірі арқылы таңдайды.

Айта кетсек, Нұр-Сұлтанда вакцина алғандар арасында апта сайын бағалы сыйлықтар ойнатылады. Тағы екі iPhone12 және басқа да бағалы сыйлықтардың төртінші ұтыс ойыны 31 шілде қала әкімдігінің Facebook пен YouTube-тегі парақшаларында тікелей эфирде өтеді.

Тағы оқыңыз: Пәтер ұтысына тегін қатысу үшін не істеу керек – жеңімпазды анықтау ережесі

Төртінші ұтыс ойынына 24 шілде мен 30 шілде аралығында вакцина салдырғандар қатысады.

IPhone12 және басқа да құнды сыйлықтардың ұтыс ойынын әкімдік апта сайын, жаздың соңына дейін өткізеді.

Сонымен қатар 25 маусым мен 31 тамыз аралығында вакцинаның бірінші компонентін алған 18 жастан асқан тұрғындардың елордада екі бөлмелі пәтер ұтып алу мүмкіндігі бар. Ұтыс ойындары демеушілердің көмегімен өткізіледі.

Бұдан бөлек "MEGA Silk Way" сауда ойын-сауық орталығында екпе салғызған адамдар арасында автокөліктің ұтысы өтеді.

Жаңалықтар
0