Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда вакцина салдырғандар арасында үлестірілетін жүлделер саны артты

© Sputnik / Владислав ВодневВакцинация в ТРЦ "Мега" в Нур-Султане
Вакцинация в ТРЦ Мега в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2021
Жазылу
Енді 28 шілдеден 6 тамызға дейін (қоса алғанда) вакцина салдырғандардың арасында тағы үш iPhone12 ойнатылады

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтанда вакцина салдырғандар арасында ойнатылатын жүлделер саны артты, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Тағы екі iPhone12 және басқа да бағалы сыйлықтардың төртінші ұтыс ойыны 31 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі (Facebook, YouTube) парақшаларында тікелей эфирде өтеді.

"Төртінші ұтыс ойынына 24 шілде мен 30 шілде аралығында вакциналанғандар қатысады. Бұл ұтыс ойынына медициналық мекемелердегі, СОО/СҮ-дегі вакциналаудың барлық пункті қатысады. Ұтыс ойынына қатысу автоматты, құжат толтырып, тіркелудің қажеті жоқ", - делінген хабарламада.

Енді 28 шілдеден 6 тамызға дейін (қоса алғанда) вакцина салдырғандардың арасында тағы үш iPhone12 ойнатылады. Аталған ұтыс ойынына "Абу Даби Плаза", "Керуен", "Сарыарқа" сауда ойын-сауық орталықтарында және оларға бекітілген БМСК ұйымдарында – №2, 9 және 14 қалалық емханаларда вакцина алған адамдар қатысады. Бұл ұтыс ойынының тікелей эфирі 7 тамызда өтеді.

IPhone12 және басқа да құнды сыйлықтардың ұтыс ойынын әкімдік апта сайын жаздың соңына дейін өткізеді.

Birge платформасында  ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы рандомайзер сервисі орнатылған, ол жүлде иелерін вакцина салдырғандардың ID нөмірі арқылы таңдайды. Оны әзірлеуге IT-қауымдастық та қатысты. Вакциналанғандар бойынша сервис денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктірілген.

Елордада екі бөлмелі пәтер ұтысқа тігілді

Айта кетейік, елордада вакцина алғандар арасында екі бөлмелі пәтер де ойнатылады. Осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін алған 18 жастан асқан қала тұрғындарының елордада жылжымайтын мүлікті ұтып алу мүмкіндігі бар. Бұл ұтыс ойынына вакциналаудың барлық пункті қатысады: медициналық мекемелер, СОО-лар және сауда үйлері. Айта кету керек, ұтыс ойындары демеушілердің көмегімен өткізіледі.

Сондай-ақ "MEGA Silk Way" СОО вакциналау пунктінде вакцинаның  бірінші компонентін алғандар арасында автокөлік ұтыс ойыны өтеді.

Елордада өткізілетін ұтыс ойындары азаматтарды екпе алуға ынталандыру, осылайша өз денсаулығын да, жақын және айналасындағы адамдардың денсаулығын сақтау үшін ұйымдастырылады. Себебі, басты мақсат — ұжымдық иммунитетті дамыту және карантинге дейінгі режимге оралу. Ұжымдық иммунитеттің үлесі 60%-тен асуы керек.

Жаңалықтар
0