Елорда тынысы

Нұр-Сұлтан "қою қызыл" аймақтан шықты - қаланың бас санитар дәрігері

© Photo : Пресс-служба акимата Алматы Модульдік инфекциялық стационар
Модульдік инфекциялық стационар - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2021
Жазылу
Ауруханаларда төсек-орын жүктемесінің 70%-тен асуына байланысты қала "қою қызыл" аймаққа өткен болатын

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан "қою қызыл" аймақтан "қызылға" өтті. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігер Сархат Бейсенова мәлімдеді. 

Оның айтуынша, инфекциялық стационарларға түсіп жатқан адам саны сәл азайған.

"Қаладағы эпидемиологиялық жағдай әлі де нашар. Бес айдан бері қала "қызыл" аймақтан шықпай келеді. Ал соңғы 13 күнде инфекциялық ауруханалардағы төсек-орын жүктемесінің 70%-тен асуына байланысты "қою қызыл" аймаққа өтті. Кешегі күннен бері төсек-орын жүктемесі 69 процентті құрады. Осылайша елорда қайтадан "қызыл" аймаққа өтті", - деді ол Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінде өткен брифингте.

Сархат Бейсенова қаладағы эпидемиологиялық жағдай маусымның екінші жартысында коронавирустың "дельта" штамы тарала бастағанда күрт төмендегенін атап өтті.

"Жыл басынан бері вирус жұқтырудың 55 проценті маусым-шілде аралығында тіркелді. Шілде айындағы вирус жұқтырудың көрсеткіші мамыр айынан 2,4 есе, маусым айынан 2,3 есе асып түсті. Шілде айында пандемия басталғалы бері ең көп вирус жұқтыру көрсеткіші тіркелді. Ол 100 мың адамға шаққанда 915,9 құрады.  Тәулігіне вирус жұқтырудың орташа көрсеткіші шілде айында 1200 адамға дейін жетті. Соңғы 19 күнде 1500 жағдай тіркелді", - деді ол.

Тұрғындар вирусты саябақ, сауда орталығы, базар сияқты қоғамдық орындарда жұқтырып алып жатыр.

Оқи отырыңыз: Бір тәулікте 149 қазақстандық коронавирус пен пневмониядан көз жұмды

 

Жаңалықтар
0