Елорда тынысы

Біртүрлі әрекет жасап, жұртты әбігерге салған астаналық ұсталды – видео

© Sputnik / Владислав ВодневМост через реку Ишим с правобережья на Левый берег столицы
Мост через реку Ишим с правобережья на Левый берег столицы - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2021
Жазылу
Астанада өзге көліктермен соқтығысқан жүргізуші ұсталды. Оның жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз — Sputnik. Нұр-Сұлтанда мас жүргізуші жол апатына себепкер болды.

Әлеуметтік желіде жол ережесін бұзған жүргізуші видеосы тарады. Ол көліктердің жолын кесіп, басып озған. Салдарынан Қарқаралы тасжолында апаттық жағдай туындады. Көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі - 777 MVD.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Астана Сергек 24/7 (@astana_sergek)

"7 тамыз сағат 20:10-да Қарқаралы бағдаршамында Lada Largus жүргізушісі Lada Xray көлігімен соқтығысты. Куәгерлердің айтуынша, апатқа Largus иесі жол ережесін өрескел бұзуы себеп болған. Ол өзін біртүрлі ұстады", - деді Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға орнына жеткен патрульдік полиция экипажы жүргізушінің құжатын тексерді. Тәртіп сақшылары көлік ішінде ішімдік иісі шыққанын алға тартты.

"Медициналық сараптама қорытындысы ер адам алкогольдік ішімдік ішкенін анықтады. Бұдан бөлек, жүргізуші куәлігінен айырылса да, рөлге отырғаны белгілі болды", - деді департаментте.

27 жастағы тұрғынға қатысты қылмыстық кодекстің 346-бабына сәйкес, қылмыстық іс қозғалды. Ер адам қамауға алынды, көлігі коммуналдық тұраққа қойылды.

Жаңалықтар
0