Елорда тынысы

Астанада вакцинация пунктеріне жеткізетін автобустар пайда болды

Жазылу
Елордада алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелерінде, сондай-ақ ірі сауда ойын-сауық орталықтарында жүзге жуық егу пункті жұмыс істейді

АЛМАТЫ, 23 тамыз — Sputnik. Елордада Сарыарқа ауданы тұрғындарын вакцинация пунктеріне жеткізетін арнайы автобустар ұйымдастырылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Вакцина алатын тұрғындарға ыңғайлы болу үшін Агроқалашық, Көктал-1, Көктал-2 аудандарынан емханаларға дейін арнайы автобустар жүретін болады.

Автобустардың жүретін уақыты мен орны туралы ақпаратты инспекторлардан білуге болады:

  • Агроқалашық инспекторы: Ержан Жұмағұлов – 8 701 527 98 99.
  • Көктал -1 және Көктал-2 инспекторы: Самат Топатаев – 8 702 818 88 01.

Қазіргі таңда Сарыарқа ауданындағы емханаларға 267 354 тұрғын тіркелген, ал олардың 253 812-сі коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алды.

Елордада алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелерінде, сондай-ақ ірі сауда ойын-сауық орталықтарында 100-ге жуық егу пункті жұмыс істейді.

Жаңалықтар
0