Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанның қай аудандарында жол төселеді

© Sputnik / Владислав ВодневРемонт дороги, разметка
Ремонт дороги, разметка - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2021
Жазылу
Ресми мәліметке сәйкес, соңғы екі жылдың ішінде 300-ге жуық көше жөнделді. Жол жөндеу жұмыстары елорданың барлық ауданын қамтыған

НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Елорда әкімі Алтай Көлгінов биыл қай жерде жаңа жолдар салынатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Құрылыс маусымы басталғалы қалада жолдарды жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Биыл 115 көше салып жөндейміз. 60 көше елді мекендерде орналасқан. Мысалы, Көктал-1 – 17 көше, Өндіріс – 9 көше, Агрогородок – 8 көше, сондай-ақ, Кирпичный, Теміржолшылар, Оңтүстік-Шығыс, Шұбардағы жолдар қамтылды", - деп жазды Көлгінов Instagram парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алтай Кульгинов (@altay_kulginov_official)

Қала басшысы биыл №27 көшеде (Ш.Бейсекова көшесінен Тұран даңғылына дейінгі учаске) 8 жолақты жол құрылысы аяқталады деп отыр. Оның жалпы ұзындығы - 3 шақырым. Ал Айтматов көшесінің (Е10 көшесінен Ұлы дала даңғылына дейінгі учаске) құрылысы аяқталғаннан кейін Тұран даңғылы, Мұхамедханов пен Е10 көшелеріне түсетін салмақ азаяды.

"Сондай-ақ, Е52 мен Е41 көшелерінің құрылыс барысымен таныстым. Бұл мәселе бойынша тұрғындар жүгінді. Көшелер құрылысы аталған аудандардың дамуына қосымша серпін береді. Сондай-ақ қала тұрғындарының өмір сүру сапасы артады. Жол жөндеу жұмыстары елорданың барлық ауданын қамтыды", - деп атап көрсетті әкім.

Ресми мәліметке сәйкес, соңғы екі жылдың ішінде 300-ге жуық көше жөнделді.

Жаңалықтар
0