Елорда тынысы

"Енді көпір керек": Нұр-Сұлтанда Тәуелсіздік көшесінің бөлігі пайдалануға берілді

© Sputnik / Владислав Водневжол
жол - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2021
Жазылу
Ұлы Дала даңғылынан Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейінгі учаске бұл аудандағы кептелістің азаюына мүмкіндік береді, дейді әкімдіктегілер

НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Елордада Ұлы Дала даңғылынан Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейінгі Тәуелсіздік көшесінің (№38) бөлігі салынып, пайдалануға берілді, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

"Тәуелсіздік көшесіндегі осы учаскеде жол өткелінің ашылуы көлік қозғалысын жақсартуға және қолданыстағы көше-жол желісін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Бұл сондай-ақ жалпы Нұр-Сұлтан қаласының жол желісінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді", - делінген хабарламада.

Нысанды толығымен аяқтау, оның ішінде көшенің барлық учаскесінде жол жүруді қамтамасыз ету осы жылдың соңына дейін жоспарланып отыр.

Қала тұрғындары жаңа жолдың ашылғанын сүйіншілеп әлеуметтік желіде жариялаған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Астана Сергек 24/7 (@astana_sergek)

Ондағы комментарийлерде тұрғындардың бұл аудандағы кептеліс аз да болса азаяды деп жазып жатыр. Онда "бес жыл бойы салып біте алмай жатқан көпірді аяқтаса енді", "иә, көпір керек" деген пікірлер де бар.

Жаңалықтар
0