Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда бір күнде 8 мекеме карантин талаптарын бұзды

© Photo : СС0 Ди-джей в ночном клубе
Ди-джей в ночном клубе - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2021
Жазылу
Елорданың мониторингтік топтары тәулік сайын жүзден астам кәсіпкерлік нысанын тексереді. Бір ғана рейдтің өзінде карантин режимін бұзған ондаған мекеме анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтанда бір күнде 8 мекеме карантин талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Сарыарқа ауданында "EL classico" ойын клубы мен "Nirvana" түнгі клубы карантин талаптарын сақтаған жоқ. 

Алматы ауданының тәртіп бұзушылар тізіміне "Достар" ойын клубы, "Малена" және "Панаехали" барлары енді.

Сондай-ақ, Есіл ауданында орналасқан "Tequila" және "Ray Bar" барларында белгіленген жұмыс режимі ескерілмеді.

Байқоңыр ауданындағы "Панаехали" барында да карантин бұзылды.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға тапсырылды.

Айта кету керек, COVID-19 індетінің таралу қарқыны бәсеңдегеніне қарамастан елорда эпидемиологиялық жағдайды бағалау бойынша "қызыл" аймақтан шыққан жоқ. Сондықтан қала тұрғындары мен қонақтары санитарлық нормаларды қатаң сақтауы керек: маска режимі, әлеуметтік қашықтық, қол гигиенасы.

Азаматтар өздерінің де, өзгелердің де денсаулығын сақтау үшін коронавирусқа қарсы вакциналаудан өтуі керек, өйткені иммундау қауіпті вируспен күресудің жалғыз тиімді әдісі болып саналады.

Жаңалықтар
0