Елорда тынысы

Полиция хабарландыру сайты арқылы 12 млн теңге пайда тапқан астаналықты ұстады

© Photo : Youtube/OLX КазахстанСмартфон с иконкой сервиса объявлений
Смартфон с иконкой сервиса объявлений  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2021
Жазылу
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктінің осы тектес басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек — Sputnik. Нұр-Сұлтанда криминалды полиция қызметкерлері аса ірі көлемде алаяқтықпен айналысқан елорданың 22 жастағы тұрғынын ұстады.

Ер адам OLX хабарландырулар сайты арқылы Ресейде есепте тұрған машиналарды бір тәулікке жалға алып, басқа адамдарға сатқан.

"Жас жігіт осы әдіс арқылы 7 адамды 12 миллион теңгеге алдап соқтs", - деп хабарлады Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктінің осы тектес басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Жаңалықтар
0