Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда қобызшы қыз наразылық акциясына шықты - видео

© Sputnik / Абзал КалиевКіші Талдыкөл
Кіші Талдыкөл - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2021
Жазылу
Видеодан оның көл орнындағы бульдозердің алдына жайғасып, мұңлы күй ойнап отырғанын көруге болады

НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек - Sputnik. Музыкант және суретші Әйгерім Оспан Кіші Талдыкөлді құрғатуға наразылық білдіріп, жалғыз өзі қарсылық акциясына шықты.

Видеодан оның көлдің орнын топырақпен жауып жатқан бульдозердің алдына жайғасып, қобызбен мұңлы күй ойнап отырғанын көруге болады.

Видео авторының айтуынша, айналада көлді құрғату жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ретроспектива столицы (@fading.tse)

Бұған дейін қалалық белсенділер Кіші Талдыкөлді құтқарауға үндеген. Көлдердің біразы құрғатылып, орнына жаңа нысандар салынып жатыр. Мұндай шара көлдің экожүйесіне кесірін тигізеді, деп есептейді олар.

Экобелсенділер Нұр-Сұлтанның бас жоспарында Кіші Талдыкөлдің жоқ екеніне алаңдаушылық білдірген. Ал жергілікті әкімдік болса көлді сақтауға уәде берген болатын, деп мәлімдеді SOS Taldykol тобының белсенділері.

Бүгін әкімдіктегілер Кіші Талдыкөл экологиялық қауіп төндіріп тұрғанын, суының өте лас, шаруашылық мақсатты пайдалануға келмейтінін хабарлаған.

 

Жаңалықтар
0