Елорда тынысы

Бухарестте "Қазақстан" атауын иеленген орын пайда болды

© Photo : Сайт акимата Нур-СултанаНұр-Сұлтанда румын ақыны Михай Эминескудың бюсті орнатылды
Нұр-Сұлтанда румын ақыны Михай Эминескудың бюсті орнатылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.09.2021
Жазылу
Нұр-Сұлтанда "Бухарест" сквері, Бухарестте "Қазақстан" саябағы ашылды

НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек – Sputnik. Бүгін Бухарестте "Қазақстан" атты саябақ ашылды, ал Нұр-Сұлтанда румын ақыны Михай Эминескудың бюсті орнатылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Өткен жылы Есіл ауданының әкімдігі мен Бухаресттің №1 ауданының мэриясы мәдени ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Румын жағы Бухаресттің орталығындағы гүлзарды Қазақстан астанасының құрметіне атап, онда Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай, бюстін орнатты. Қазақстан тарапы "Зеленый квартал" тұрғын үй кешені ауданындағы скверге "Бухарест" атауын берді.

Іс-шараға мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Румынияның Қазақстандағы, Қырғызстандағы және Тәжікстандағы төтенше және өкілетті елшісі Мадалина Лупу, сондай-ақ қоғам қайраткерлері мен елордалық зиялы қауым өкілдері қатысты.

"Біз үшін Абай шығармашылығы қаншалықты құнды болса, румындар үшін Михай Эминеску шығармашылығы да сондай маңызды деуге болады.Бүгінгі іс-шара екі ел арасындағы мәдени байланыстарды дамытудың жарқын үлгісі", - деп хабарлады Ақтоты Райымқұлова.

Өз кезегінде Мадалина Лупу бұл тек Румыния мен Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл Орталық Азия үшін маңызды оқиға екенін атап өтті.

"Орталық Азия өңірінде румынның ұлттық ақынының сквері мен бюсті бар Қазақстаннан басқа бірде-бір ел жоқ. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Румыния алғашқы елдердің қатарында ҚР егемендігін мойындады. Қазақстан-Румынияның Орталық Азиядағы негізгі әріптестерінің бірі. Қазақстан астанасында Эминеску бюстінің ашылуы - біздің халықтарымыздың бір-бірін жақсы танып, дипломатиялық қарым-қатынастардың жаңа деңгейге көтерілуіне жақсы серпін береді", - деп атап өтті Мадалина Лупу.

 

Жаңалықтар
0