Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда жексенбі күні бірнеше көше жабылады – карта

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.09.2021
Жазылу
Марафон аяқталып, көшелер ашылғаннан кейін қоғамдық көлік жұмысы қалпына келтіріледі

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында жексенбі, 26 қыркүйекте "Astana Marathon-2021" өтеді. Осыған байланысты бірқатар көше жабылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Astana Marathon

Марафон өткізуге байланысты 26 қыркүйекте сағат 7:00-ден 14:00-ге дейін жүгіру бағыты бойынша көлік қозғалысы толығымен шектеледі.

Осы уақыт аралығында жүгіру бағыты өтетін көшелер толығымен немесе ішінара жабылады. Жарыс екі қашықтық бойынша өтеді: 10 шақырым және 42,2 шақырым.

10 шақырымдық сайыстың бағыты: Рысқұлов – Қабанбай батыр – Орынбор – Мәңгілік Ел – Рысқұлов.

42,2 шақырымның бағыты: Рысқұлов – Қабанбай батыр – Орынбор – Мәңгілік ел – Қалдаяқов – Панфилов – Тәуелсіздік – Нәжімеденов – Нұрмағамбетов – Байтұрсынов – Қошқарбаев – Жұмабаев – Момышұлы – Абылай хан – Қажымұқан – Жұмабаев – Қошқарбаев – Қонаев – Қазақ радиосы – Достық – Мәңгілік Ел – Рысқұлов.

Сондай-ақ марафонды өткізу аясында сағат 07:00-ден 14:00-ге дейін 57 бағдардың қозғалыс бағыты өзгереді. Автобустар тізімін мына сілтеме арқылы өтіп көруге болады.

Бұған қоса жеті бағдардың қозғалысы тоқтатылады: №№ 15, 15а, 18, 32, 47, 50, 323.

"Жоғарыда аталған бағыттар бойынша қоғамдық көлік жұмысы көшелер ашылғаннан кейін қалпына келтіріледі", - делінген хабарламада.

Қала әкімдігі тұрғындар мен қонақтардан қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұрады.

"Алматы марафон"

Сондай-ақ осы жексенбіде Алматыда да марафон өтеді. Жүгіруді жаны сүйетін адамдар үшін мынадай қашықтықтар ұсынылған: 10, 21,1, 42,2 шақырым, "Экиден" командалық эстафетасы, 10 шақырым – скандинавиялық жүріс.

25 қыркүйек сағат 6.00-ден 26 қыркүйек 18.00-ге дейін марафон өтетін көшелерде қозғалыс ішінара тоқтатылады. Спортшылар жүгіріп өткеннен кейін жолдар ашылады, деп мәлімдеді марафон ұйымдастырушылар комитеті.

Марафон Республика алаңында басталып, сол жерде аяқталады. Сол себепті Сәтпаев көшесінде Желтоқсан көшесінен Назарбаев даңғылына дейін қозғалыстың екі жолағы да жабылады. Жолдарды жабу уақытымен толығырақ марафон сайтында таныса аласыз.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0