Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда әуежай мен вокзалда вакциналау пункті ашылды

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуВакцинация добровольцев против COVID-19
Вакцинация добровольцев против COVID-19  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.09.2021
Жазылу
Елордада вакцинаның 3 түрі бар: ресейлік "Спутник V", отандық QazVac және қытайлық Sinopharm VeroCell

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Елордада "Нұрлы Жол" теміржол вокзалында және Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда коронавирусқа қарсы вакциналау аймағы ашылды.

Осы пункттерде екпенің бірінші және екінші компонентін алуға болады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгінгі таңда елордада вакцинаның 3 түрі бар: ресейлік "Спутник V", отандық QazVac және қытайлық Sinopharm VeroCell.

"Жалпы, қалада бірінші компонентпен контингенттің 66%-тен астамы қамтылған. Осы жұмысты жақсарту және халықты көбірек қамту мақсатында біз вакциналау пункттерін тағы екі ұйымда – азаматтар көп жиналатын жерлерде ашамыз", - деп атап өтті басқарма.

"Нұрлы Жол" теміржол вокзалындағы вакциналау аймағы 4-қабатта, әуежайда 1-қабатта халықаралық және ішкі терминал арасындағы өткелде орналасқан. Күн сайын сағат 10:00-ден 20: 00-ге дейін жұмыс істейді.

"Коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау процесі халыққа қолайлы болу үшін барлық шара қабылданды. Азаматтар екпенің көмегімен ғана пандемияны жеңе алатынын есте сақтаса екен дейміз. Біз инфекцияны жеңуге жақындап қалдық деуге болады, бірақ вирус әлі де бар. Барлығы өзіміздің қолымызда –коронавирус ауруын таратпау азаматтық міндетіміз", - деп атап өтті ведомство.

Қазіргі уақытта қала бойынша сауда және ойын-сауық орталықтары және сауда үйлері жанында 5 вакциналау пункті орналасқан: "Керуен", "Хан Шатыр", "Азия Парк", "Абу Даби Плаза" сауда ойын-сауық орталықтары және "Евразия" сауда орталығы. Вакциналау пункттері медициналық мекемелерде де орналасқан. Барлығы 84 вакциналау пункті, сондай-ақ еңбек ұжымдарын вакциналау үшін көшпелі бригадалар жұмысын жалғастыруда.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0