кілт

Елордада жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады

345
(Жаңартылды 17:30 11.10.2021)
Әкімнің айтуынша, жеңілдетілген әлеуметтік несиелендіру елорданың жас мамандарына арналған

НҰР-СҰЛТАН, 6 қазан – Sputnik. Елордада жастарға арналған "Elorda Jastary" арнайы тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады. Қуанышты жаңалықты Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

Әкімнің айтуынша, жеңілдетілген әлеуметтік несиелендіру елорданың жас мамандарына арналған.

"Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласында "жетім балалар" санаты бойынша тұрғын үйге кезегінде тұрған денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік, мәдениет және спорт салалары, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары, полиция департаменті, төтенше жағдайлар қызметкерлері, коммуналдық кәсіпорындардың бейінді қызметкерлеріне арналған", - деп жазды Көлгінов Instagram парақшасында.

Жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасын іске асыруға "Отбасы банк" мен 2021-2023 жылдарға арналған "Elorda Jastary" бағдарламасы көмектеседі.

Бағдарламаның шарттары қандай:

  • Жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасына 35 жасқа дейінгі (35 жасты қоса алғанда, жұбайының/зайыбының жасы маңызды емес) жастар қатыса алады.
  • қалада кемінде бір жыл тіркеуде тұруы қажет,
  • "Отбасы банкте" жинақ шоты бар болуы керек,
  • бағдарлама үміткерінің жеке тұрғын үйі болмауға тиіс (соңғы 5 жыл ішінде),
  • ресми жұмыс өтілі бір жылдан кем емес болуы шарт.

Осылайша, аталған тұрғын үй бағдарламасына қатысушы тұрғын үй сатып алуға 18 млн теңгеге дейін қарыз ала алады (жылдық 5% жеңілдікпен). Сатып алынатын тұрғын үйдің құны шектеусіз. Қарыз 25 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

Өтінімдерді қабылдау 14 қазанда басталады, qatysu.zhilfond.kz порталында жүзеге асырылады.

Оқи отырыңыз: 

 

345
Кілт сөздер:
тұрғын үй, баспана, Алтай Көлгінов, жастар
Нұр-Сұлтанда қаржыгерлер аллеясы ашылды

Елордада қаржыгерлер аллеясы ашылды

57
Сонымен қатар соңғы 100 жылдағы қаржы-бюджет жүйесінің қалыптасуы мен дамуы туралы деректі фильм жарыққа шығады

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен қаржы министрлігінің 100 жылдығына орай қаржыгерлер аллеясы ашылды.

Қаржы министрлігі ғимаратының жанына 100 көшет отырғызылды, ол енді елорданың жасыл қорын толықтырады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Қаржыгерлер аллеясының ашылу салтанатында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев аллеяның ашылуы министрлік мерейтойына арналған іс-шаралар легінің бастауы болғанын атап өтті.

Нұр-Сұлтанда қаржыгерлер аллеясы ашылды
© Photo : Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі
Қаржыгерлер аллеясы

Осылайша, жақын арада әр жылдары министрлікті басқарған тұлғалар туралы бірнеше жарияланым ұсынылады. Сондай-ақ, соңғы 100 жылдағы қаржы-бюджет жүйесінің қалыптасуы мен дамуы туралы деректі фильм жарыққа шығады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, Тәуелсіздік күні қарсаңында үздік қызметкерлер қалыптасқан дәстүр бойынша "Қаржы саласының үздігі" медалімен, бірқатар мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталады.

Қаржы министрлігінің ақпаратынша, тәуелсіздік жылдарында министрлікке 14 адам басшылық еткен.

Оқи отырыңыз: 

57
Кілт сөздер:
Қаржы министрлігі, Нұр-Сұлтан
Жедел жәрдем көлігі

Нұр-Сұлтанда "Номад" кешенінің күмбезі әйелдің үстіне құлады видео

132
Қазір әйелге операция жасалды. Ол бас жарақатымен жансақтау бөлімінде жатқаны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан — Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынына "Номад" тұрғын үй кешенінің  шатырының шыны күмбезі құлады.

Елордалық денсаулық сақтау басқармасы әйелдің көптеген жарақатпен ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.

"Ми жарақатын алған әйел №2 көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілді. Қабылдау кезінде оның жағдайы ауыр болды. Жедел түрде ота жасалды. Қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр", – деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне басқарманың баспасөз қызметі.

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиға туралы хабар түспегенін айтты. Бүгін Нұр-Сұлтанда қатты жел болды. Тұрғындар шатырдағы күмбез мерекелер мен іс-шаралар кезінде жалға берілетінін жеткізді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Астана | Нур-Султан (@eto_astana_detka)

Полиция департаменті аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

"Қатты жел салдарынан металл күмбез құлап, 56 жастағы әйел жарақат алғаны анықталды. Аталған факті бойынша "Есіл" аудандық полиция басқармасы қылмыстық кодекстің 306-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Металл құрылымдары Сығанақ көшесіндегі бизнес-орталық шатырынан құлады.

Биыл ақпан айында "Номад" тұрғын үй кешені қаптауының бөлігі құлап, аулада тұрған көлікке зақым келген болатын.

132
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, әйел, видео
Түрікменстан президенті Тоқаевқа арғымақ аттарын көрсетті

Түрікменстан президенті Тоқаевқа арғымақ аттарын көрсетті

139
(Жаңартылды 21:03 24.10.2021)
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовтің шақыруы бойынша мемлекеттік сапармен Ашхабадқа барды

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Түрікменстанға мемлекеттік сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Гурбангулы Бердімұхамедовпен бірге Ахалтеке жылқысына арналған кешеннің ипподромын аралап көрді, деп хабарлайды Ақорда.

Түрікменстан президенті Тоқаевқа арғымақ аттарын көрсетті
Іс-шара барысында президенттер шабандоздардың өнерін тамашалады

Мемлекет басшысына Түрікменстан президенті арғымақ аттарын көрсетті. 

Іс-шара барысында олар шабандоздардың өнерін тамашалады.

Түрікменстан президенті Тоқаевқа арғымақ аттарын көрсетті
Мемлекет басшысына Түрікменстан президенті арғымақ аттарын көрсетті

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовтің шақыруы бойынша мемлекеттік сапармен Ашхабадқа барды.

Сапар барысында екі ел делегациясының шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздері өтеді, деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында.

Токаев прибыл в Ашхабад с государственным визитом
Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовтің шақыруы бойынша мемлекеттік сапармен Ашхабадқа барды

Тараптар қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігінің жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық мәселелерді қарастырады.

139