Елорда тынысы

Дүрбелеңге салынбаңыз: Нұр-Сұлтанда мектепте не болып жатыр

© Photo : Пресс-служба департамента полиции Алматы Полицейские с собакой обследуют школу на предмет взрывных устройств
Полицейские с собакой обследуют школу на предмет взрывных устройств - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2021
Жазылу
Елордадағы №29 мектепте жоспарланған оқу-жаттығу өтіп жатыр. Полиция бұл аумақта көлік қозғалысы шектелуі мүмкін екенін ескертті

НҰР-СҰЛТАН, 9 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда терроризммен күрес жөніндегі жедел штаб "Нұр-Сұлтан-Антитеррор-2021" оқу-жаттығуын өткізіп жатыр.

Горький көшесі, 22 мекенжайында орналасқан №29 орта мектептің аумағындағы оқу-жаттығу бүгін сағат 8:00-де басталды, ол 13:00-ге дейін жалғасады.

"Іс-шараның мақсаты – білім беру ұйымдарында терактіні жою дағдыларын тәжірибе жүзінде қолдану", - деп хабарлады Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқу-жаттығулар жауынгерлік жағдайларға барынша жақындатылғаны аталып өтті.

"№29 орта мектептің аумағында көлік қозғалысын шектеу шаралары қарастырылған", - деп толықтырды полиция.

Тәртіп сақшылары астаналықтарды өткізіліп жатқан іс-шараға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырды.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0