Оқушы, қыс

Нұр-Сұлтанда кейбір сынып оқушылары үшін сабақ болмайды

49
Қалада автобустар қатынасы да кідіріп қалды. Таңертең аялдамада біраз адам жиналды. Аулада тұрған кейбір көлік қардан шыға алмай қалды

НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша — Sputnik. Ауа райына байланысты астанада кейбір сыныптар үшін сабақ болмайды.

"Ауа райының қолайсыздығы салдарынан 25.11.2021 екінші ауысымдағы 0-7 сынып оқушылары қашықтан оқу форматына көшеді", - деп хабарлады қалалық білім басқармасы. 

Елордада бір тәулікте жауын-шашынның айлық нормасы түсті. Қалың қарға байланысты көлік қозғалысы қиындады.

Қалада автобустар қатынасы да кідіріп қалды. Таңертең аялдамада біраз адам жиналды. Аулада тұрған кейбір көлік қардан шыға алмай қалды. Адамдар бір-біріне көмектесіп, көлік итерді. Ал такси қызметінің бағасы шарықтап кетті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от NUR-SULTAN (@akimat_nur_sultan)

Қазір ауа температурасы минус 8 градус шамасында, қар жауып тұр.

Бұған дейін синоптиктер Нұр-Сұлтанда бұрқасын жүріп, көктайғақ болатынын ескертті. 

Каникул күнтізбесі 2021/2022
© Sputnik
Каникул күнтізбесі 2021/2022
49
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, сыныптар, оқушылар, сабақ
Тақырып бойынша
Алматыда өзіне қол салған оқушының әкесі мәлімдеме жасады
Дүрбелеңге салынбаңыз: Нұр-Сұлтанда мектепте не болып жатыр
Полиция Қарағандыдағы мектепте болған жағдайға қатысты түсініктеме берді
Алматыда оқушының қазасынан кейін ұлдар мектепке юбка киіп келді
Қызылорда облысындағы мектепте қазандық жарылды – фото
Нұр-Сұлтан келбеті

"Өлгім келеді!": Нұр-Сұлтанда ұландықтар жас жігітті құтқарып қалды

54
Мән-жайды анықтау үшін 2003 жылы туған азамат Сарыарқа ауданының полиция басқармасына жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда ұландықтар көпірден секірмек болған жігітті құтқарды, деп хабарлады Polisia.kz.

Оқиға 3 желтоқсан күні кешкі сағат 21.30 шамасында болған. Патрульдік-бекеттік қызмет атқару барысында Ұлттық ұлан 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері өз еркімен өмірімен қоштасқысы келген жігіттің әрекетіне тосқауыл қойды.

Жас жігіт Есіл өзеніндегі көпірден секіргісі келген. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқару барысында әскери жасақ бастығы қатардағы Хәкімжан Сарбасов және патрульшілер Максим Рюмина және Роланд Арапиевпен бірге өзен бойын жағалап келе жатып, Сарыарқа көшесіндегі көпірден "Өмір сүргім келмейді, өлгім келеді" деген жігіттің дауысын естиді.

"Көпірден секіргісі келген жігітті көріп, біз дереу оған қарай асықтық. Ол "Radisson" қонақ үйінің қасындағы көпірде тұрды. Осы уақытта ол қоршаудың арғы жағына өтіп үлгерді", – дейді ұландық жауынгер Хәкімжан Сарбасов.

Әскери қызметшілер жігітпен сөйлесіп, оны бұл ойынан бас тартуға шақырды. Осы сәтте өтіп бара жатқан басқа да тұрғындар азаматтың оқыс қылық жасамауын өтінді.

Кейін ұтымды сәтті пайдалана отырып, әскерилер мен тұрғындар жігітті көпірдің арғы жағынан алып шықты. Бұдан соң оны жұбатып, әскери жасақтар бойынша кезекшіге тапсырды.

2003 жылғы азамат әрі қарай мән-жайды анықтау үшін Сарыарқа ауданының полиция басқармасына жеткізілді.

Оқи отырыңыз:

 

54
Кілт сөздер:
көпір, әскерилер, суицид
Астана қысы

"Қар дұрыс тазаланбайды": Көлгінов сынға жауап берді

704
Қала басшысы қар тазалауға өзге өңірден техника алынып жатқанын жеткізді. Желтоқсан-қаңтар айында бас қаланы тазартуға облыстардан коммуналдық қызметкерлер тартылады

НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан — Sputnik. Елорда әкімі Алтай Көлгінов қалада қар дұрыс тазаланбайды дейтіндерге жауап берді.

24 қарашада астанада қалың қар түсті. Он күн өтсе де, қаланың кейбір аудандарында, әсіресе, жаяу жүргінші жолында қар әлі тазаланбаған. Осыған байланысты астаналықтар коммуналдық қызметтер жұмысына шағымдануда. 

Алтай Көлгінов "Астана Тазалық" коммуналдық кәсіпорны жалпы көлемнің 40%-ін, ал қалғанын жеке мердігерлер тазалайтынын жеткізді.

"Қалыптасқан норматив пен ереже бар. Толассыз қар жауған кезде көлікке жүктеме артпас үшін магистралды жолдарды тазарту керек. Кейін әлеуметтік нысандар, жаяу жүргінші жолдары, аялдамалар тазартылады. Бұдан соң ғана қызметкерлер көшелерге кіріседі. Қарашада толассыз қар жауған кезде бұл жұмысқа 2 мың арнайы коммуналдық техника тартылды", - деді астаналық әкім.

Ол кейбір ресейлік қалалардағы жағдайды мысалға келтірді. Көрші елде жолдар A, B және C санаттарына бөлінген. 10-15 сантиметр қар түссе, А санаттағы жолды тазалауға 12 күнге дейін, ал В санаттағы учаскелерге 16 не одан да көп күн беріледі.

"Бізде алғашқы екі-үш күн қар тазаланады, кейін 3-5 күн немесе одан да көп уақыт оны шығаруға кетеді. Біздің климатты ескерсек, бұл өте үлкен жүктеме. Сондықтан қосымша техника алып, жеке құрылымдарды көмекке тарттық. "Астана Тазалықта" 2 мың адам жұмыс істеп жүр", - деді Нұр-Сұлтан әкімі.

Қала басшысы қар тазалауға өзге өңірден техника алынып жатқанын жеткізді. Желтоқсан-қаңтар айында бас қаланы тазартуға облыстардан коммуналдық қызметкерлер тартылады.

704
Тақырып бойынша
Биыл Қазақстанда қыс қандай болады – синоптиктер болжам жасады
Желтоқсанда ауа райы қандай болады – синоптиктер болжамы
"Қардан мысықпен қоса алып шықтық": құтқарушылар екі адамды қалай тапқанын айтты
Астана қалың қардың астында қалды – видео
Қыс қызығы: Харбинде мұз мүсіндер қалай жасалады – фото
Жусан операциясы

Сирияға кеткен мыңға жуық қазақстандықтың 600-і оралды Назарбаев

0
Қазақстанның тұңғыш президенті елге оралған 600 қазақстандықтың ішінде 33 адамға қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Сирияға кеткен қазақстандықтар туралы айтты.

"Qazaq. History of the Golden Man" ("Қазақ. Алтын адамның тарихы") фильмінде америкалық режиссер Оливер Стоунға берген сұхбатында Елбасы Ислам мемлекетінің* қызметі толығымен экстремистік идеологияға негізделгенін мәлімдеді.

"Құранда бір адамды өлтіру бүкіл адамзатты өлтірумен тең деп айтылған. Олардың мұсылмандықпен ешқандай байланысы жоқ, олар дінді өз мақсаты үшін пайдаланатын экстремистер. Бұл Исламның өзіне зиян тигізеді", - деді Назарбаев.

Қазақстанның тұңғыш президенті республикадан Сирияға бір мыңға жуық азамат кеткенін, олардың 600-і отанға оралғанын хабарлады.

"Біз 600 адамды қайтардық, оның ішінде 303 ер адам. Отыз үшіне қатысты тергеу жүргізіп жатырмыз. Жұмысы жоқ, қиыншылық көрген адамдар сол жерге кетті. Онда өмір керемет болатынына уәде береді. Сондықтан ол жаққа бүкіл отбасымен бірге барды. Өздерін ұрып-соғып, өлтірген кезде ғана жағдайды түсінді", - деді ол.

Сондай-ақ, Елбасы исламның және бүкіл әлемнің ірі орталықтарының бірі болып табылатын Сирияның қирауы мәселесіне қатысты өз өкінішін білдірді.

"Мен ол жерде болдым, керемет ғимараттарды көрдім... Олар біздің балалар көре алмайтын бүкіл адамзаттың тарихи, мәдени естелігін жойды", - деді Назарбаев.

2019 жылдың қаңтар айынан бастап ұлттық қауіпсіздік комитеті "Жусан" гуманитарлық арнайы операциясы аясында Сирия мен Ирактан қазақстандықтарды қайтару бойынша 5 арнайы операция өткізді.

Бұл арнайы гуманитарлық операцияның бірінші кезеңі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2019 жылдың 6 қаңтарында ұйымдастырылды.

ИМ* – Қазақстанда, Ресейде және басқа да бірқатар елде тыйым салынған террористік ұйым.

0
Кілт сөздер:
Назарбаев, Сирия, қазақстандықтар
Тақырып бойынша
Назарбаев өзінің арманы туралы айтты
Назарбаев Қазақстан Қырымға қатысты дауыс беруден неге қалыс қалғанын түсіндірді
Назарбаев Қазақстан жастарына үндеу жасады – видео
Қазақстан алдағы жүз жылда ешкімге соғыс ашпайды – Назарбаев
Назарбаев Горбачевтің кабинетінде қандай келеңсіз жайтқа куә болғанын еске алды