Елорда тынысы

Лифтіге кірген астаналықтың ерсі әрекеті видеоға түсіп қалды

© Sputnik / Владислав ВодневКабина лифта, кнопки
Кабина лифта, кнопки - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2021
Жазылу
Оқиға Сарыарқа ауданындағы тұрғын үй кешенінің бірінде болған. Жігіт полиция бөлімшесінде видео арқылы қала тұрғындарынан кешірім сұрады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Елорда полициясы лифт есігіне бірнеше рет түкірген ер адамды ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Әлеуметтік желіде тараған видеода үш жігіттің лифтіге кіргенін көруге болады. Ортада тұрған біреуі тоқтамай, есікке түкіре бастайды. Ал лифт ашылғаннан кейін бәрі күле бастайды. Жейде киген біреуі сол үйде тұратын адамға ұқсайды. Видео анықтамасында "Нұр-Сұлтан, Медина тұрғын үйі" деп көрсетілген.
Қалалық полиция департаменті осы оқиғаның астанада болғанын растады.

"25 қараша түнгі уақытта үш жігіт Сарыарқа ауданындағы Ақан сері көшесінің бойында орналасқан "Медина" тұрғын үй кешенінде үш жігіт лифтіге кірген. Біреуі есіктің ойығына түкіре бастады. Ол 22 жастағы қала тұрғыны болып шықты", - дейді полицейлер.

Жас жігіт әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық") бойынша жауапқа тартылды. Оған сәйкес, 5 айлық есептiк көрсеткiш (14 585 теңге) мөлшерiнде айыппұл салу немесе 10 тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алу жазасы қарастырылған.

Бұзақы мас болған. Сол үшін тағы 14 585 теңгенің айыппұлын арқалады. Ол полиция бөлімшесінде видео арқылы қала тұрғындарынан кешірім сұрады.

Жаңалықтар
0