Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда көлік картасы жоқ жолаушылар автобустан түсірілмейді

© Sputnik / Абзал КалиевЛюди на остановке
Люди на остановке  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2022
Жазылу
Бейсенбі, 6 қаңтарда Нұр-Сұлтандағы барлық автобус штаттық режимде жүреді
НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Елордада автобустар штаттық режимде жүреді, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға City Transportation Systems компаниясы.
"Барлық автобус штаттық режимде жүреді, ал интернеттің жоқтығына байланысты жол ақысын төлей алмайтындар автобустан түсірілмейді. Ештеңе өзгерген жоқ", - деді Sputnik Қазақстан тілшісіне CTS компаниясының баспасөз хатшысы Науат Азанбаева.
5 қаңтарда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша кешкі сағат 17.00 шамасында қазақстандықтар интернеттің жоқтығынан қызмет пен тауарлардың ақысын банк картасымен төлей алмай қалды, адамдар қолма-қол ақша алу үшін банкоматтарға кезекке тұрды.
Еске сала кетейік, елдегі тәртіпсіздіктерге байланысты Қазақстанның барлық аумағында төтенше жағдай енгізілген болатын, қаулы Ақорда сайтында жарияланды.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда төтенше жағдай енгізілді 
Жаңалықтар
0