Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанның айналасында блок бекеттер қойылды

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуПлатный участок автомобильной дороги
Платный участок автомобильной дороги - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2022
Жазылу
Полиция қаладағы жағдайды толығымен бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді
НҰР-СҰЛТАН, 7 қаңтар – Sputnik. Елорданың айналасында алты блок бекет орнатылды, деп хабарлады Хабар 24 арнасы.
Блок бекеттер Қарағанды, Қосшы, Көкшетау, Павлодар, Қорғалжын мен Астарахан бағытында қойылды. Құқық қорғаушылар мен әскерилер кезекшілікке кірісті. Полиция қаладағы жағдайды толығымен бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді.
Ал әкімдік халықтан коменданттық сағаттың талаптарын орындауды сұрап отыр. 
"Қалада төтенше жағдай режимі енгізілген. Коменданттық сағат аясында сағат 23:00-ден 7:00-ге дейін далаға шығуға болмайды. Полиция күшейтілген режимге көшіріліп, адамдардың жеке құжаттарын тексеріп жүр. Қала тұрғындарын 23:00-ден кейін далаға шықпауға шақырамыз. Сондай-ақ халықтан адам көп жиналатын жерлерге бармауды сұраймыз", - дейді мамандар.
Айта кетері, бұған дейін елорда әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындары мен қонақтарды жағдай тұрақталғанша үйден шықпауға үндеген болатын.
Оқи отырыңыз: Қызылорда облысында терроризмге қарсы операция басталды 
Жаңалықтар
0