Елорда тынысы

Бір тәулікте 8 қылмыс, 83 жол апаты болды: комендант астаналықтарға үндеу жасады

© REUTERS / TURAR KAZANGAPOVЕлорда
Елорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.01.2022
Жазылу
Қала комендантының мәліметінше, жалпы алғанда елордада жағдай тыныш
НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Нұр-Сұлтанда бір тәулікте 8 қылмыс, 83 жол апаты тіркелді, салдарынан екі адам зардап шекті.
Бұл туралы Нұр-Сұлтан коменданты Ержан Сәденов мәлімдеді.
"Сондай-ақ, 464 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Олардың арасында 183-і – тұру ережелерін бұзу, 36-сы – қоғамдық орындарда ішімдік ішу және 18-і – халықтың көші-қоны саласындағы құқықбұзушылықтар. Еске салсақ, қала периметрі бойынша тәулік бойы 6 блокбекет жұмыс істейді", - деді Сәденов.
Оның мәліметінше, төтенше жағдай режимі енгізілгеннен бері елордада 200-ден аса адам ұсталды. Оның ішінде 28 адам әкімшілік қамауға алынды.
Төтенше жағдай кезінде желіде жалған хабарламалар тарады, олар өшірілді. Сәденов тұрғындардан тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрайды.
Оқи отырыңыз: Алматыдағы президент резиденциясы тәртіпсіздіктен кейін қандай күйге түсті – видео
Жалған ақпарат таратудың 3 фактісі анықталды. Барлық дерек бойынша қылмыстық істер қозғалды.
"Жалған ақпарат таратуға жол берілмейтінін ескертемін. Төтенше жағдай кезінде Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген", - деп толықтырды комендант.
Ол төтенше жағдай кезінде құқыққа қайшы іс-әрекет жасау жағдайды ауырлататын мән-жай саналатынын және анағұрлым қатаң жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салып, коменданттық сағатты бұзбауға шақырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.
Жаңалықтар
0