Елорда тынысы

Нұр-Сұлтан комендатурасы тұрғындарға үндеу жасады

© REUTERS / TURAR KAZANGAPOVБлок бекеттегі полицейлер мен әскерилер
Блок бекеттегі полицейлер мен әскерилер - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2022
Жазылу
Сегіз нысан коменданттық сағатты бұзған, үш көңіл көтеру мекемесінің лицензиясын қайтарып алу мәселесі қаралып жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Елордада өткен тәулікте 9 қылмыс және 74 жол апаты тіркелді. 177 адам төтенше жағдай режимін бұзды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының комендатурасы.
"Елордада жағдай тұрақты. Түнгі сағат 23.00-ден бастап таңғы 07.00-ге дейін "коменданттық сағат" жалғасады. Қала периметрі бойынша 6 блокбекет тәуліктік режимде жұмыс істеп жатыр", - делінген хабарламада.
Бір тәулік ішінде қалада 9 қылмыс және 74 жол апаты тіркелген, екі адам жарақат алды. Сондай-ақ "102" пультіне 1732 қоңырау түсті. Олардың көбі анықтамалық сипаттағы хабарламалар.
Комендатура мәліметінше, бір күнде астанада 177 адам төтенше жағдай режимін бұзған. Оларға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылықтар кодексінің 476-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Процессуалдық шешімді сот қабылдайды.
Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтандағы блок бекеттер арқылы тауар өткізу тәртібі жарияланды
Бұдан бөлек, коменданттық сағатты бұзған 8 кәсіпкерлік субъектісі анықталды.
Есіл ауданында "Maestro" караоке клубы мен "KINGDOM" рестобары коменданттық сағатты елемей, азаматтарды қабылдаған. Кенесары көшесіндегі "Дыши" барында 35 адам болған. Барлық тәртіп бұзушы полицияға жеткізіліп, оларға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Қазір көңіл көтеру мекемелерінің лицензиясын кері қайтару мәселесі қаралып жатыр, деп хабарлады комендатура.
Елорда комендатурасы тұрғындарға коменданттық сағатты бұзбауды, тәртіп пен тыныштық сақтауды ескертті.
Жаңалықтар
0