Армения кемесі

Апатқа ұшыраған "Армения" кемесі: адам өлімі "Титаниктен" алты есе асып түседі

63
(Жаңартылды 11:56 30.04.2020)
1941 жылдың қарашасында немістердің шабуылынан суға батқан "Армения" кемесі Қара теңіз табанынан табылды

1941 жылдың күзінде Қырым жағалауына жақын жерде неміс ұшақтарының "Армения" ауруханалық кемесін қиратуы әскери қылмыс болып табылады, деп жазады әскери шолушы Александр Хроленко.

Іс жүзінде ешбір қаруланбаған кемеде он мыңға жуық адам болған. Олар жараланған Қызыл әскер сарбаздары, медицина қызметкерлері, әйелдер мен балалар еді. Осыншама адамның тек сегізі ғана аман қалды.

27 сәуір күні Ресей географиялық қоғамы "Армения" кемесі Қара теңіз түбінен табылды деп хабарлады. Кеме 1 500 метр тереңдікте, Ялта жағалауынан 15 миль (шамамен 28 шақырым) жерде жатыр. 

Үздіксіз ізденіс 35 жылдан астам уақытқа созылды. 1940 жылдардың аяғында Орталық әскери архивтегі "Армения" трагедиясына байланысты №19 іс зерттеушілерге қолжетімсіз болды. Жалғыз ғана географиялық анықтама 1991 жылы Қара теңіз флотының медициналық қызмет музейінен табылды. Онда Гурзуф поселкесіндегі Медведь тауының маңында болған әуе шабуылы туралы ақпарат жазылған. Алайда, теңіздегі үлкен тереңдіктер мен күрделі жер бедері іздеуді қиындатты.

Тіпті, "Титаник" пен "Бисмаркты" ашқан атақты америкалық Роберт Баллард өзінің барлық жоғары технологиялық жабдықтарымен "Арменияны" таба алмады. Әрине, көп жылдық ізденіс кемеде Қырым мұражайларының қазыналары қалғанымен емес, оған деген құрметпен борыш ретінде түсіндіріледі.

Санитарлық көліктің апатқа ұшырауы тарихтағы ең үлкен қайғылы оқиғалардың бірі болып саналады. Салыстыру үшін айтайық, "Титаниктегі" 1 500-ге жуық жолаушы, немістің "Бисмарк" кемесінде 2 100-ден астам адам опат болды. Ал "Арменияның" адам шығыны бірнеше есе көп (7-ден 10 мыңға дейін адам қаза тапқан, нақты көрсеткіш әлі анықталған жоқ). Осындай жағдайларын ескере отырып, санитарлық кеменің апатқа ұшырауы кітаптар мен фильмдерге лайық әрі оларды бүкіл адамзат білуі тиіс. Бұл әлемде екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен құрбандарын, фашистік Германияны жеңудегі Кеңес Одағының рөлін ұмытпау үшін керек.

Ешкім де ұмытылмайды

"Армения" санитарлық кемесінің корпусы қашықтан телебасқарылатын суасты көлігімен анықталғаннан кейін Новоресейлік әскери-теңіз базасының діни қызметкері Кирилл экипаж бен жолаушылардың қайтыс болған жерінде еске алу рәсімін өткізді. Сондай-ақ, әскери құрмет көрсетілді – суға гүл шоқтары қойылып, үш рет аспанға оқ атылды.

Теңіздегі жағдай мен қауіпті болжау мүмкін емес және теңіздегі соғыс одан да қатал. Егер кеме немесе қайық суық мезгілде жағадан алыс жерде апатқа ұшыраса, мұздай суда адамның тірі қалуы екіталай.

1941 жылдың қыркүйек айының соңында неміс әскерлері Перекопты басып алып, Қырымға кірді. Қызыл әскер Қара теңіз флотының басты базасы Севастопольге шегінді. Қараша айының басында артиллериялық шабуыл жасалып, қаланы қоршау басталды. Солай десек те, жаралылар мен әйелдерді және балаларды теңіз арқылы эвакуациялау мүмкін еді. Мұны жүзеге асыруды тәжірибелі капитан Владимир Плаушевскийдің басшылығымен "Армения" кемесінің экипажы қолға алды. Су ығыстыруы 6 мың тонна болатын ұзындығы 112 метрлік кеме бейбіт күнде 980 жолаушыға дейін тасымалдайтын.

1941 жылдың жазында "Армения" ауруханаға айналды. Ал тамыз айынан бастап Қызыл әскердің 15 мың жаралы жауынгері Қырымнан Үлкен жерге 15 рейспен тасымалданды. Соғыс жылдарында осылайша түрлендірілген кемелер Қара теңіздегі 412 мыңнан астам адамды эвакуациялады (құтқарды).

Медициналық кеме соңғы сапарына Севастопольден 6 қарашада шықты. Ол Туапсе қаласына 300-ге жуық жаралы жауынгерді, төрт әскери госпитальдің медициналық қызметкерлері мен бірнеше мың бейбіт тұрғынды жеткізуі тиіс еді. Түнде Ялтадан "Арменияға" тағы жүздеген адам мініп, 7 қараша күні таңертең екі күзет қайығымен бірге Кавказға бет алды.

Қырым жағалауынан 15 миль қашықтықта кемеге Люфтваффе Heinkel-111 (басқа ақпарат бойынша – Junkers 87) ұшағы шабуыл жасады. Қара теңіз флотының Күзет қайықтары мен көлік палубасындағы төрт зениттік зеңбірек кемені бомбалар мен торпедалардан құтқара алмады. Соққының күштілігі мен қираудың шапшаңдығы соншалық, "Армения" төрт минут ішінде су астына кетті. Мыңдаған адамның арасынан сегіз адам ғана аман қалды.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде халықаралық құқық заңы Қызыл крест ұйымының белгісі бар ауруханалық кемені атуға тыйым салды. Бірақ неміс ұшқыштары мұндай ережелерді елемеді. Гитлер әскері Қызыл әскер мен бейбіт тұрғындарды жою үшін соғыс жүргізді. 

"Армения" картада қалады

Балтық жағалауындағы зауытта жасалып, 1928 жылы іске қосылғаннан кейін "Армения" Қара теңіздегі ең үздік алты жолаушылар кемесінің қатарына енді. Жылдамдығы 14,5 узелмен (шамамен 27 км/сағ) жүретін әдемі әрі сенімді кеме 96 адамнан тұратын үлкен экипажпен ұзақ сапарларға (4 600 мильге дейін) шығатын. 

"Армения" кемесінің табылған корпусы әскери жерлеу орны деп жарияланатын болады. Солтүстік ендік бойынша 44 градус 15 минут, шығыс бойлық бойынша 34 градус 17 минут координаттық нүктелері теңіз картасына енгізіледі. Содан кейін осы маңнан өтетін Ресей әскери-теңіз күштерінің барлық кемесі жалауларын түсіріп, құрбан болғандарға әскери құрмет көрсетеді.

2020 жылғы экспедиция қорытындысы "Арменияның" соңғы күнін толық қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Ресей географиялық қоғамының суасты зерттеулер орталығы қазірдің өзінде кеменің тағдыры туралы деректі фильм түсіріп жатыр.

63
Кілт сөздер:
соғыс, Жеңіс күні, Ұлы Отан соғысы
бітімгерлер

Таулы Қарабақтағы қақтығыс: бітімгершілік операциясының рейтингі қандай?

28
Таулы Қарабақта Ресей әскери қызметшілерінің болуы қақтығысты соғыс жолымен шешу ықтималдығын нөлге дейін төмендетеді. Бұл Әзербайжан мен Армения басшыларына келіссөздер үстеліне жайғасуға, ал жергілікті тұрғындарға үйлеріне қайтуға мүмкіндік береді

Ресей ӘҒК әскери-көлік авиациясының ұшақтары Оңтүстік Кавказдағы тұрақтылықтың жаңа сенімді кепіліне айналған 15-ші мотоатқыштар бригадасының бөлімшелері мен жабдықтарын жөнелтуді жалғастыруда. Операция басталғаннан кейін Армения Республикасының аумағынан төрт мыңнан астам босқындар Степанакерт және Таулы Қарабақтың басқа да елді мекендерге қайта оралды. 19 қарашада бітімгерлердің күзетімен қамтамасыз етілген 27 автобуспен 1 200-ден астам адам үйлеріне қайтты.

Таулы Қарабақтағы ең күрделі гуманитарлық мәселелерді шешу үшін ведомствоаралық әрекет ету орталығының құрамында Ресейдің ТЖМ шоғырландырылған жасағы және гуманитарлық миналардан тазарту, медициналық, көліктік және сауда-тұрмыстық қамтамасыз ету, соғысушы тараптарды татуластыру сынды бес мамандандырылған құрылым жұмыс істейді.

"Солтүстік" және "Оңтүстік" қауіпсіздік аймақтарындағы бақылау бекеттері, патрульдеу және полиция қызметтері көзге оңай түседі. Ресейдің бітімгерлері Лачин дәлізі бойынша азаматтық көліктердің қауіпсіз қозғалуын қамтамасыз етіп, қару тасымалының жолын кесу мақсатында автокөлік құралдарын тексереді.

Ресей ФҚҚ Әзербайжанның батыс аудандары мен Нахичеван Автономдық Республикасы арасындағы көлік хабарламасын Арменияның қамтамасыз етуін жүзеге асыратын болады. РФ үкіметі бітімгерлердің жұмысымен байланысты шығындардың барлығын көтереді. Мұндай операцияның құны жылына жүздеген миллион долларды құрағанымен, Оңтүстік Кавказ қауіпсіздігін ақшамен өлшеуге болмайды.

Ресейдің бітімгерлік күштері посткеңестік кеңістіктегі Абхазия, Оңтүстік Осетия, Тәжікстан, Приднестровьеде қауіпсіздікті нығайту үшін де көп жұмыс жасады. Соған қарамастан, жақында ғана Таулы Қарабақтағы қайғылы оқиғалар ТМД елдері арасындағы қарулы қақтығыстардың әлеуеті әлі де бар екенін көрсетті. Әлемдегі бейбітшіліктің солқылдақтығына мысал келтіру үшін алыс шетелді сөз етудің қажеті жоқ.

Молдованың жаңадан сайланған президенті Майя Санду Ресейдің әскери қызметкерлерін Приднестровьеден шығару қажеттілігі туралы бағдарламалық мәлімдеме жасады. Приднестровьеде Ресей әскерінің жедел тобы орналасқан. Оның басты міндеттерінің бірі – Колбасна елді мекенінің маңындағы ескі оқ-дәрілердің 20 мың тоннадан астам үлкен және өте қауіпті арсеналын күзету.

Арсеналды сол тұрған орнында жою мүмкін емес. Оны шығару да қиынға соғады. Себебі, оған шамамен 2 500 вагон қажет болады. Бірақ, қару-жарақтың 57%-і тасымалдауға жарамсыз. Егер, орыстар кетіп қалса, Молдовадағы жағдай ушығып, тікелей мағынада жарылысқа алып келуі мүмкін.

Орталық Азия бағытындағы бітімгершілік күштердің тиімділігіне мысал келтірген жөн секілді. Ресей, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан 1993 жылы өңірлік тұрақтылықтың негізіне айналған Ұжымдық бітімгершілік күштерді (ҰБК) құру туралы шешімге қол қойған. Сол кезде ҰБК құрамына Ресей Қарулы Күштерінің 201-ші мотоатқыш дивизиясы және Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан бөлімшелері кірді. Сол жылы бітімгершілік күштердің арқасында Тәжікстандағы қарулы қақтығысты басып-жаншып тастау мүмкін болды. Ресей ФҚҚ шекара қызметінің жедел тобы республикада қалды да, 2005 жылы Тәжікстандағы 201-ші мотоатқыштар дивизиясы негізінде 201-ші Ресей әскери базасы құрылды. Яғни, бұл бітімгершілік базасы болатын.

Ресей Федерациясы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі ретінде халықаралық қауымдастықтың басқа мүшелерімен бірге ғаламшардағы бейбітшілік үшін жауапкершілікке жауап береді. Ол жекелеген миссиялар, БҰҰ күштері және ҰҚШҰ контингенті құрамында посткеңестік кеңістіктегі және алыс шетелдегі ұлтаралық және ішкі қақтығыстардың алдын алады және жоюға атсалысады.

Ресей бітімгерлерінің тәжірибесі мол. Сондықтан БҰҰ-дағы әскери бақылаушылар саны бойынша Ресей Федерациясы алғашқы ондыққа еніп отыр.

Мұндай миссиялар шартты түрде екі түрге бөлінеді. Бірі бітімгершілік болса, екіншісі - бейбітшілікке мәжбүрлеу. Қақтығыс аймағындағы жағдайға байланысты бітімгершілік күштердің бірінші кезектегі міндеттері мен әрекеттеріне өзгертулер енгізілуі мүмкін. Осылайша, 2008 жылы тамызда Грузия-Осетия жанжалы аймағындағы бейбітшілікті ұстап тұру операция Грузияны бейбітшілікке мәжбүрлеу операциясына айналды.

Ресей әскери қызметкерлері 1992 жылдан бастап, анығырақ, БҰҰ-ның Югославиядағы бітімгершілік операцияларында күрделі халықаралық тәжірибеге ие бола бастады. Онда Ресей контингентінің саны 1600 адамға жетті. Осы тектес мәселелер кейінірек Ангола, Либерия, Мозамбик, Кот-д'Ивуар, Руанда, Бурунди, Эфиопия, Судан, Чад Республикасы және Орталық Африка Республикасында да шешілді.

Әрбір миссия әр жағдайдың күрделілігіне қарай нақтыланып, олар бойынша тиімді шешімдер қабылданады. Әскери қызметшілер бөтен елдегі "тұрақсыз әлемнің" жағдайына тез бейімделіп, барлық кезде әскери дайындықта жүруі керек.

Ресей бітімгерлері осы жылы БҰҰ-ның тоғыз миссиясында қызмет етіп жатыр: Батыс Сахарада (MINURSO), ОАР (MINUSCA), Конго Демократиялық Республикасында (MONUSCO), Кипрде (UNFICYP), Суданда (UNISFA), Косовода (UNMIK), Оңтүстік Суданда (UNMISS), Таяу Шығыста (UNTSO), Колумбияда (UNVMC). Оның ішінде Судандағы БҰҰ мен Африка одағының операциясы ауқымды болып отыр. Ол жақта 20 мыңнан астам әскери қызметші жұмылдырылған. Экзотикалық географиясына қарамастан, бұл өмірге әркез қауіп төндіретін ауыр жұмыс. Жыл сайын ғаламшарда 100-ге жуық бітімгер қаза табады.

28
ауған әскерилері

Ауғанстан хроникасы: тәлібтер қаруланып, америкалықтар еліне қайтып жатыр

17
АҚШ әскерлері Ауғанстаннан шығарылып жатқан уақытында елдің солтүстік және оңтүстік провинцияларында үкіметтік қарулы күштер мен тәлібтер арасындағы қақтығыстар жалғасуда

Сонымен бірге, террористік топ қару-жарақпен жабдықталу және оның технологиялық деңгейін арттырып, ұшқышсыз ұшу аппараттарының соңғы үлгілерін және түнде көру мүмкіндігі бар снайперлік мылтықтарды белсенді қолданып жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев
© Photo : Официальный сайт президента Казахстана
"Талибанмен"* 2020 жылдың 29 ақпанындағы келісімшарт талаптарын орындау мақсатында АҚШ кезең-кезеңімен өз әскерін Ауғанстан Ислам Республикасының (АИР) аумағынан шығарып жатыр. АҚШ Қорғаныс министрі міндетін атқарушы Кристофер Миллер 17 қарашада 15 қаңтарға дейін мұсылман елінде бүгінгі 4 500 сарбаздан 2 500 әскери қызметкер қалатынын мәлімдеген болатын. Ал, өз кезегінде тәлібтер әскери белсенділігін арттырып, 2001 жылдың қазанында Ауғанстанда басталған АҚШ-тың әскери операциясы мен ауқымды шығынының мәнсіздігі мен жүзеге аспағанын айқындап отыр.

Ауғанстанның солтүстігіндеі Фарьяб провинциясының губернаторы Накибулла Файк дүйсенбі күні "Талибанның"* түнде нысанды дәл көздей алатын үздік снайперлік винтовкалармен қаруланғанын мәлімдеді. Содырлар барлау жүргізу үшін шетелде шығарылған ұшқышсыз ұшу аппараттарын да пайдаланады. Террористік топтың мұндай жаңашылдықтары үкіметтік қарулы күштерге үлкен қауіп төндіріп, көрші елдердің мазасын кетіріп жатыр және ауған халқының бейбіт өмірін тағы да көзден бұлбұл ұшырып отыр.

Ауғанстан қақтығыстар салдарынан күн сайын жараланған және өлтірілген ондаған әскерилер және полицейлерінен айырылып жатыр. Бұл қалыпты жағдайға айналғаны соншалық, жүздеген адамның өмірін жалмаған ауқымды теракт қана елді елең еткізеді. Оқиғалар легі ислам еліне бейбіт өмір жақын уақытта келеді деген үміттің мардымсыз екенін көрсетіп тұр.

Тәлібтер 18 қарашада Баглан провинциясының солтүстігіндегі қауіпсіздік күштеріне шабуыл жасап, екі ауған сарбазы көз жұмды. Сол күні Фаряб провинциясындағы жол бойындағы мина жарылуынан қауіпсіздік күштерінің бес қызметкері, соның ішінде уездік полиция басшысы Сафар Мохаммад Бидар қаза тапты. Дәл осы провинциядағы шекаралас Кайсар уезінде үкімет қарулы күштері шабуыл барысында 39 тәлібті өлтірді.

Бір күн бұрын тәлібтер солтүстік-шығыста орналасқан Бадахшан провинциясындағы бақылау-өткізу бекетіне шабуыл жасауы салдарынан 12 полиция қызметкері қаза тауып, он заң қызметкері жараланды. Елдің көптеген провинциясында қақтығыстар өтті. АИР Қорғаныс министрлігі Кундуз провинциясының Дашти-Арчи уезіндегі әуе шабуылы кезінде 37 "Талибан"* содырының өлтірілгені туралы хабарлады, Сол сияқты, Герат провинциясындағы қақтығыста алты, Забулда тағы он тәліб көз жұмды.

Ауғанстан қауіпсіздік күштері операциялардың 96%-ін шетелдік әскери қызметкерлердің қолдауынсыз өздігінен жүргізіп жатқанын ескеру керек. Шетелдәк әскерилердің АИР-дегі жұмысы барған сайын пайдасыз сипатта болып келеді. Ақылға қонымсыз жағдайды австралиялық серіктестердің 2009-2013 жылдары Ауғанстанның 39 азаматын (тұтқын содырларды) негізсіз өлтіргені үшін өкініш білдіруі өршіте түсті. Австралия қарулы күштерінің қолбасшысы генерал Ангус Кэмпбелл осы іс үшін Ауғанстаннан кешірім сұрап, арнайы жасақтың құрамындағы күдікті 25 әскери қызметкерді жауапкершілікке тартуға уәде берді.

Егер, Австралияның артынан тағы бірқатар ел осы мойындау эстафетасын жалғастырып, нақты сандарды жария етсе, әлем дүр сілкінер еді. Себебі, БҰҰ мәліметі бойынша, соңғы он жылдың өзінде соғыс әрекеттерінің салдарынан 100 мың ауған азаматы жараланды.

Зорлық-зомбылықтың белең алуы және Ауғанстанда халықаралық террористердің шоғырлануы НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергтің АҚШ пен альянс әскерін елден мерзімінен бұрын шығаруға қарсы мәлімдеме жасауға итермеледі. Вашингтон жоспарына қарсы шығудың бұл әрекеті АИР-дағы ахуал тәлібтердің уысына ығысып, жағдай ушыққан сәтте еуропалықтардың Ауғанстандағы соғысқа қайта оралғысы келмегендіктен туындап отыр. Бір қызығы, күні кеше ғана Столтенберг АИР президентімен НАТО миссиясын талқылап, халықаралық терроризммен күресте қол ұшын созуға және ауғандық қауіпсіздік күштері үшін оқу-жаттығу мен консультациялар жүргізуге дайын екенін мәлімдеді.

Өз тарапынан Орталық Азия мен Еуроодақ ауғандықтарды оқ атуды тез арада доғаруға шақырып жатыр. Себебі, бұл Ауғанстанды өңірлік экономикалық процестерге қосу, ірі инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін қажетті басты талаптың бірі. Ресей АИР-дың Шанхай ынтымақтастық ұйымының толық құқылы мүшесі болу ниетін қолдайды. Кабул Душанбе, Минск, Ташкент және басқа елдермен екіжақты ынтымақтастықты сәтті дамытып келеді.

Жақында ғана ауған астанасында Пәкістанның премьер-министрі Имран Хан президент Ашраф Ганимен "Талибанмен"* екіжақты қарым-қатынас пен бейбіт келіссөздерді талқылады. Нью-Дели де бұл бағытта белсенділік танытып отыр.

Өзара бәсекелес болып табылатын Үндістан мен Пәкістан Ауғанстанға бақылау жүргізуді иемденуде сақтық танытып, америкалықтар кеткен соң өз ықпалын арттыруға ниеттеніп отыр. Бұл "үшбұрышты қарым-қатынаста" ара-тұра от шығып жатады. Бұрынырақ Пәкістан әскерінің ресми өкілі генерал Бабар Ифтихар "үндістандық дипломаттар Ауғанстанда түрлі террористік әрекеттерге бақылау жасап отыр" деген мәлімдеме жасап, оларды Пәкістанға қарсы шабуыл жасау мақсатында содырларға қаржылай көмек көрсетіп жатыр деп айыптады. Ауғанстанның сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Көрші елдердің мұндай жіті назары Ашраф Гани әкімшілігін ауқымды азаматтық соғыс мәселесін талқылауға мәжбүрлейді.

Қалай болған күнде де, Ауғанстандағы оқиғалар ондаған жыл бойы көрші елдердегі саясатқа, экономикаға, қауіпсіздікке және миллиардтаған адамның өміріне ықпал етіп келеді.

* – Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым.

17
Нұр-Сұлтан қаласының қысқы көрінісі

Қазақстанда 25 қарашада қандай маңызды оқиғалар болады

0
Sputnik Қазақстан 25-28 қараша аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

25 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХ съезі. Шара аясында парламент мәжілісінің сайлауына партиялық тізім мен партияның сайлауалды бағдарламасы бекітіледі деп жоспарлануда (тіркелу: +7 702 364 46 51, +7 707 555 36 92 телефондары немесе электронды пошта арқылы @nurotan.kz. Баспасөз орталығы Қонаев көшесі-4, "Қазмедиа орталығы" ғимаратының 21 қабатында орналасады.

11:00 – "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-ның онлайн-брифингі. Samruk Aqparat баспасөз орталығының алаңында 2020 жылғы 9 айлық жұмыстың қорытындысы туралы айтылады. Спикер ретінде "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Қарабаев қатысады. Сұрақ қою үшін алдын ала press@kmg.kz поштасы немесе +7 701 055 25 22 нөмірі арқылы тіркелу қажет. Шараны Youtube-тегі арнайы парақшадан көруге болады.

12:00 – Sputnik Қазақстан халықаралық мультимедиялық баспасөз орталығында өтетін жасыл энергияның ұлттық стандарттарын әзірлеу және Қазақстанда жаңартылатын энергияны дамыту перспективалары туралы онлайн брифинг. Спикерлер: ECOJER аймақтық экологиялық бастамалар қауымдастығының атқарушы директоры Рамазан Жампейісов; ECOJER бас директорының кеңесшісі Дәурен Сағидулла; жаңартылатын энергетика саласындағы сарапшы, стратегиялық бастамалар орталығының серіктесі Жәнібек Байдулла. Онлайн брифингтің трансляциясы Sputnik Қазақстан сайты мен YouTube каналында көрсетіледі. Сұрақтарды +7 (747) 2207401 (WhatsApp) немесе a.nurgazinova@sputniknews.com поштасына жіберуге болады.

15:00 – Sputnik Қазақстанның халықаралық мультимедиялық баспасөз орталығында "Пандемия кезіндегі тұрмыстық жанжал: "16 күн зорлық-зомбылықсыз" халықаралық акциясының басталуы туралы онлайн-брифинг. Спикерлер: Дағдарыс орталықтары одағының басқарма төрағасы Зульфия Байсақова; "Жан-Сая" дағдарыс орталығының заңгері Сабира Тамаева; психолог Маржан Ізтілеуова. Instagram желісінде тікелей эфирден көрсетіледі. Спикерлерге сұрақтар +7 (747) 2207401 (WhatsApp) нөмірі немесе a.nurgazinova@sputniknews.com мекен-жайы арқылы қабылданады.

16.30 – Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында "Қазақстан Республикасындағы балалар спортының дамуы және оны кеңінен насихаттау әдістері туралы" баспасөз конференциясы. Спикерлер: спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Жарасбаев, ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығының директоры Тастанбек Есентаев, "Хабар" телеарнасының директоры Динара Бисембина, "Мен – чемпионмын" балалар спорттық қозғалысын дамытуға жәрдемдесу қайырымдылық қорының директоры Евгений Сазанов. Трансляцияны Youtube пен Facebook-тен көруге болады.

Нұр-Сұлтан

19.00 – "Тұйғындар" хореографиялық қойылымы, "Наз" халық биі ансамблі (Мәңгілік ел даңғылы, 55/2).

19.00 – "Приношение Бетховену" концерті ("Астана Опера" театры!. 

19.30 – Гала-балет. Дирижер – Арман Оразғалиев ("Астана Опера" театры, Үлкен зал).

Алматы

15.00 – "Уақыт кеңістігіне саяхат" көрмесінің баспасөз туры. Шараны Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі Қазақстандағы Гете институтымен бірлесіп ұйымдастырады ("Көктем-3" шағын ауданы, 22/1).

28 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

18.00 - Композитор Петр Чайковскийдің 180 жылдығына арналған "Жан мен музыка үндестігі" концерті. Солист – "Астана Опера" театрының жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Майра Мұхамедқызы ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).   

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

0
Кілт сөздер:
Қазақстан, оқиғалар