Су асты аппараты

"Посейдон" кешенінің сынақтан қашан өтетіні белгілі болды

140
(Жаңартылды 10:39 28.05.2020)
26 мамырда Ресей қорғаныс-өнеркәсіп кешенінде "Посейдон" су асты аппаратының алғашқы ұшуы 2020 жылдың күзіне жоспарланғанын, әзірше жаңа жүйенің жекелеген тораптары мен агрегаттары сынақтан өтіп жатқанын хабарланды

Оны іске қосу алғашқы ұшқышсыз аппараттың тәжірибелі тасымалдаушысы, көп мақсатты "Белгород" атом су асты қайығының бортында өтеді. Ол "Посейдон" су асты аппаратына арнайы жасалып, 2019 жылдың сәуірінде суға түсірілді. Сынақтар 2021 жылға дейін созылды және сәтті аяқталған жағдайда "Белгород" пен "Посейдон" Ресейдің әскери-теңіз флотының құрамына кіреді.

Құрлықаралық ұшқышсыз қайықтардың бірінші штаттық тасымалдаушысы – әрі қарай жаздың басында суға түсіруді жоспарлап отырған "Хабаровск" атом су асты қайығы болады, содан кейін сынақ шамамен екі жылға созылады деп жоспарланып отыр. Бұл қаруды әзірлеу туралы Ресей президенті Владимир Путин 2018 жылғы жолдауында жариялады.

Ұшқышсыз су асты қайығы

"Посейдон" – бұл ядролық энергетикалық қондырғысы бар стратегиялық құрлықаралық су аппараты. Ол 1000 метрлік тереңдікте 10 мың километрге дейінгі қашықтыққа 185 км/сағат жылдамдықпен қозғалуға қабілетті. Сынақ "Посейдонның" қайталанбас сипаттамасы мен ұшқышсыз шексіз жүре алатынын растады.

Ұзындығы 24 метр, диаметрі шамамен 1,6 метр аппараттың әдеттегі немесе мегатонды термоядролық оқ-дәрілермен жарақтандырылуы мүмкін, ол авиатасымалдағыш топтарын, стратегиялық су асты қайықтарының базасын, жаудың жағалау инфрақұрылымын жоюға арналған.

Ұшқышсыз режимде "Посейдон" дамыған су асты қайықтарына, қарсыластың ракеталарына қол жетпейтін тереңдікте және жылдамдықта қозғала алады. Автономды басқару жүйесі ағынға қарсы шептерді немесе басқа қорғаныс жүйелерін табуға және жеңуге мүмкіндік береді.

Өткен жылдың ақпан айындағы Конгрестегі тыңдаулардың бірінде STRATCOM басшысы Джон Хайтен "Посейдон" жаңа қару-жарақ ретінде СНВ-III келісімшартындағы шектеулерге бағынбайтынын айтты. 

"Хабаровск" су асты кемесі

"Хабаровск" - Ресейдің ең үлкен әскери құпияларының бірі. Ашық дереккөздерден алынған мәліметтер бойынша, кеме жаңа ядролық энергетикалық қондырғымен жабдықталған және бортта алты ұшқышсыз "Посейдон" алып жүруге қабілетті.

Су сыйымдылығы 10 мың тоннаға жуық, жылдамдығы 32 узелге дейін, бату тереңдігі 500 метр, автономдығы 120 тәулікке жетеді, 100-ден артық адам сияды. "Хабаровск" су асты кемесінің негізгі сипаттамалары құпия сақталған. 

"Посейдон" - Ресейдің технологиялық аппараттарының ішіндегі жалғыз құрал емес.

140
Патрульный корабль Страж (Border and Offshore Submersible Sentry, BOSS)

Ресей бағасы қолжетімді BOSS субмаринасын экспортқа шығармақ

49
Ресейлік кеме құрастыру саласының ғылыми және технологиялық деңгейі стандарттардан тыс конструкторлық шешімдерді қолдануға мүмкіндік береді. Суүсті кемесі және субмарина функциялары бар "Страж" патрульдік су көлігі түрлі ел мамандарын таңғалдыра алады

Бұл жаңа кеме BOSS (Border and Offshore Submersible Sentry) атауымен экспортталады.

"Рубин" теңіз техникасының орталық конструкторлық бюросы субмарина мен су үстіндегі кеме қабілетін үйлестірген "Страж" патрульдік кемесін таныстырды. Озық техникалық сипаттамаларына, жоғары сенімділігіне, бортына зымыран-торпедалық қарудың кең түрін орналастыру мүмкіндігіне қарамастан салыстырмалы түрде арзан бағасы мен шағын көлемі BOSS-ты қорғаныс бюджеті аса үлкен емес көп мемлекет үшін тартымды етеді.

 Адмирал флота Касатонов фрегаты
© Sputnik / Александр Гальперин
"Рубин" КБ – субмариналарды жобалау ісінде әлемдегі көшбасшы мекемелердің бірі. Ол суасты кемелері мен түрлі топтағы аппараттарды құрастыру бойынша 120 жылдық тәжірибесі бар Ресейдегі суасты кемелерін құрастырудың конструкторлық бюросына жетекшілік етеді.

BOSS сыртқы пішіні бойынша 613-ші жобадағы дизельді-электрлі субмаринаны еске түсіреді. Ол конструкциясы сәтті шыққан және әлемде көп сатылған су көлігінің бірі. BOSS сипаттамалары да оған ұқсас: комплектациясына қарай ұзындығы 60-70 метр, су сыйымдылығы шамамен 1000 тонна, экипажы 42 адам. Ол басқарылатын зымырандармен, торпедалармен, ұшқышсыз ұшу аппараттарымен, артиллериялық қондырғылармен, тексеру топтарына арналған шағын көлемді жылдамдығы жоғары жүзу құралдарымен жабдықталуы мүмкін. Қару жүйесі, аспаптары мен жабдықтарын таңдау кезінде "Рубин" КБ мамандары субмариналар, суасты қайықтары мен ұшақтардағы сынақтан өткен және сенімді техникаға басымдық берді.

Технологиялық деңгейі жоғары қарсыластың кемелері мен жағалаудағы нысандары, жабдықталуы төмен пираттар, контрабандистер, браконьерлер су үстіндегі және астындағы жаңа патрульдік кеменің ықтимал нысаналары болуы мүмкін. Кеме барлау жүргізетін немесе ғылыми-зерттеу көлігі ретінде тиімді қолданылады.

Жаңа кеменің мүмкіндіктері мен міндеттерінің спектрін түсіну үшін 613 жобасына (НАТО жіктемесі бойынша – "Whiskey") қайта оралу керек. Қарапайым әрі сенімді субмаринаның су сыйымдылығы 1347 тонна, ұзындығы 76 метр болды және ол 200 метрге дейінгі тереңдікте 18,5 торапқа дейінгі жылдамдықта қозғала алды. Су астындағы максималды қашықтығы – 8500 миля (15 мың километрден астам). Негізгі қаруы: 533 милиметр калибрлі алты торпедалы аппарат. Оның төртеуі тұмсығында, екеуі артқы жақта орналасқан. Торпедалар ядролық жауынгерлік бөліктермен жабдықталуы мүмкін. Жауынгерлік жинақ 12 торпедадан немесе 22 минадан тұрды. Дербестігі – 30 тәулік. Экипажы – 52 адам.

613-ші жоба торпедалық ретінде әзірленгенімен зымыран қаруы бар алты модификацияланған субмарина құрастырылды. 613-ші жобаға жататын кемелерінің сериялық өндірісі кезінде құрастырудың ағынды-секциялық әдісі, автоматты дәнекерлеу және дәнекерленген тұстарды рентгенографиялық бақылау кеңінен қолданылды.

Кеңес флотына бес күн сайын ір субмаринадан беріліп тұрды. Жеті жыл (1950-1957) ішінде жалпы саны су сыйымдылығы орташа 215 дизель-электрлік суасты қайығы құрастырылды. Олар біруақытта торпедалық соққы жасап, барлыу жүргізіп, қарсылас орналасқан аумақта жедел және жайғасымдық қызмет атқара алды. Бұл 613-ші жобаның кемелері Кеңес Одағы ыдырағанға дейін қолданыста болуы оның сапасының мінсіздігін паш етеді.

613-ші жобаның көп нысаналы суасты қайықтары (шамамен 40 бірлік) шет мемлекеттерге –  Болгария, Куба, Индонезия, Мысыр, Сирия, Солтүстік Корея, Польша әскери-теңіз күштеріне жеткізілді. Қытайға техникалық құжаттарды тапсырылып, Шанхай мен Ханькоудағы зауыттарда 20-дан астам сүңгуір қайық құрастырылды.

Теңіздегі классикалық жауынгерлік патрульдеу – бұл белгілі бір аймақта суүсті кемелері мен сүңгуір қайықтардың ұзақ уақытқа созылатын маневрі. Олар кез келген уақытта соғыс жағдайында қарсыластың кемелеріне немесе жердегі нысандарына соққы жасауға дайын болуы керек. Патрульдік кеме өз елінің жағалауларынан қашықта зымыран, артиллерия немесе торпедалық соққыларға әрдайым дайын күйде жүреді. Сондықтан Ресей Федерациясы Қара, Беринг немесе Жапония теңіздеріндегі өз жағалауларында америкалық эсминецтердің пайда болуына тиісті түрде қатаң жауап береді.

Су астында партуль жүргізу қарсыласты, шекараны бұзғандарды немесе контрабандамен айналысатындары жасырын түрде бақылауға, тосыннан соққы жасауға мүмкіндік береді. Су тереңдігінде қарсыластың басым күштерін айналып өтуге болады және ешқандай дауылдан қауіп жоқ. Ал оның су үстіне көтерілу мүмкіндігі экипаждың таза ауамен тыныстауына мүмкіндік береді. Сонымен қатар экипаждар мен жағалау инфрақұрылымын дайындауға арналған оқу-жаттығу құралы бола алады.

49
суасты қайығы, архив

"Посейдон" Тынық мұхитқа шығуға дайындалып жатыр

56
Әскери-өнеркәсіптік кешендегі ақпарат көзі 5 сәуірде теңіздегі ұшқышсыз ұшу аппараттарының тасымалдаушысы "Посейдон" – 09852 жобасының эксперименттік атомдық суасты қайығы "Белгород" реакторы іске қосылғанын хабарлады

Субмарина сынағы қыркүйекте аяқталып, ол мұхиттағы қызметіне кіріседі. Қазір кеме құрылысының, монтаждау мен реттеу жұмыстарының сапасы, жүктеме кезіндегі бас энергетика қондырғысы, қауіпсіздік жүйесі тексеріліп жатыр.

"Посейдон" тасымалдағышы тұрақты үрде Тынық мұхиты флотындағы базалардың біріне орналастырылады. Алайда эксперименттік суасты қайығы әлем мұхитының кез келген нүктесіндегі міндеттерді орындай алады. Ресейдегі 2027 жылға дейінгі мемлекеттік қарулану бағдарламасы бойынша РФ осы сынды үш сүңгуір кеме салуды жоспарлап отыр.

Ресей президенті Владимир Путин "Посейдон" жүйесін әзірлеу туралы алғаш рет 2018 жылы жариялады ("Белгород" 2019 жылдың 23 сәуірінде суға жіберілді). Путин авиатасымалдағыш топтар, жағалау бекіністері мен қарсыластың инфрақұрылымы секілді мақсаттардың кең спектрін атап өтті. РФ президенті осындай құралдар арқылы "бірполярлы ойынның" ережелерін өзгертуге уәде берді. Сол шақта АҚШ шенеуніктері жаңа қаруға үреймен қарап, оны "техникалық тұрғыдан мінсіз" деп атады. Бүгінгі күні АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті 2М39 "Посейдон" континентаралық ядролық торпеданың пайда болуына ерекше алаңдаушылық білдіруде. 

09852 жобасының "Белгород" көпнысанды атомды суасты қайығы "Посейдон" жүйесі үшін арнайы бейімделген үшінші буынға жататын "Антей" 949А жобасының эксперименттік "реинкарнациясы" болып отыр. "Антейлер" о баста "Гранит" кемелерге қарсы зымырандарының тасымалдағыштары болатын. "Посейдон" – ұстап тұруға және тосқауыл болуға арналған ауқымды құрал. Терең суларда жүзуге қабілетті және ядролық энергетикалық қондырғысы бар стратегиялық континентаралық аппарат 1000 метр тереңдікте 100 торапты жылдамдықпен (185 км/сағ астам) 10 мыңға дейінгі жылдамдықты еңсере алады. Сынақтар кеменің мінсіз сипаттамаларын растады. Автономды "Посейдон" ықтимал қарсыластың субмариналары, торпедалары мен зымырандары үшін қолжетімсіз тереңдік пен жылдамдықта қозғала алады. Мұндай торпеданы мұхитта анықтау мүмкін емес. Ол төмен жылдамдықта дыбыссыз жүзе алады.

Автономды басқару жүйесі суасты қайықтарына қарсы қорғаныс жүйелерін анықтауға және тойтарыс беруге қабілетті. Ол қарсылас нысандарына қатысты дәлдік пен жойқын зиян келтіруге кепілдік бере алады. Ұзындығы 24 метр және диаметрі шамамен 1,6 метр болатын ядролық қозғалтқышы бар аппарат қарапайым немесе мегатонналық оқтұмсықпен жабдықталуы мүмкін. Мұндай қару тек Ресейде бар. 

Біраз бұрын АҚШ бастаған ұжымдық АҚШ НАТО әскерін шығыс аймаққа орналастыру және Шығыс Еуропада ЗҚҚ жаһандық жүйелерін құру арқылы Ресейдің стратегиялық ядролық күштерінің әлеуетін жоққа шығаруға тырысты. Олар тіпті "Томагавктер" мен орташа қашықтыққа ұшатын басқа да зымырандарды Ресей шекарасына жақын орналастырды. "Посейдон" континентаралық жүйесі "әріптестердің" есін жиғызды. Сондықтан бұл торпеда Американың стратегиялық қолбасшылығын (STRATCOM) 2019 жылдың ақпанында жүргізілген ерте сынақтар кезінде-ақ алаңдатып үлгерді. Конгресс тыңдалымында STRATCOM басшысы Джон Хайтен "Посейдонды" қаруланудың жаңа жүйесі ретінде СШҚШ келісімшартымен шектелмейтінін мәлімдеп, АҚШ-та оның баламасы әзірленіп жатпағанын еске салды.

"Белгород" алғашқы эксперименттік аппаратқа айналады. Континентаралық ұшқышсыз ұшу аппараттарының қалыпты тасымалдағыштары тобы "Хабаровск" (098531 жобасы) атомды сүңгуір қайығы бастайды. Субмаринаның негізгі сипаттамалары құпия сақтаулы. Ащық дереккөздердегі мәліметке сүйенсек, кемеге жаңа ядролық энергетикалық қондырғы орнатылған және ол алты ұшқышсыз ұшу аппаратын тасымалдай алады. Су сыйымдылығы шамамен 10 мың тонна болатын кеменің экипажы кемінде 100 адамнан тұрады. Ол корпусы бойынша "Борей" стратегиялық зымыран тасымалдағышына ұқсас.

Еске салсақ, орта және шағын қашықтыққа ұшатын зымырандардың көзін жою туралы келісімшарттан Ресей емес АҚШ бірінші болып шығып кетті де, 2020 жылы әскери бюджетті 750 миллиард долларға дейін ұлғайтты. Бұл басқа елдердің қорғаныс саласыдағы шығындарын біріктіргенде ғана қол жететін көрсеткіш.

56
Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшылары Тоқаевты құттықтап жатыр

0
Олар мемлекет басшысына зор денсаулық және бақыт тіледі, сондай-ақ бауырлас Қазақстан халқының одан әрі өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына қасиетті Рамазан айының басталуына орай шет мемлекеттердің басшыларынан және халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттар мен жеделхаттар келіп түсуде, деп хабарлайды Ақорда.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев жеделхатында Тоқаевқа ұзақ өмір, зор денсаулық және оның аса жауапты қызметіне табыс тілеп, бауырлас Қазақстан халқының өсіп-өркендей беруіне ниеттестік білдірген. Сондай-ақ ол екі ел арасындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өткен.

"Екі ел арасындағы тату көршілікке, жақын достыққа, өзара құрметке және қолдау көрсетуге негізделген стратегиялық серіктестік ортақ саяси ерік-жігеріміздің арқасында соңғы жылдары мүлде жаңа деңгейге көтерілгені күмәнсіз. Біздің табысты байланыстарымыз бен ұзақмерзімді серіктестігіміз одан әрі дами беретініне сенімдімін", – делінген Өзбекстан басшысының жеделхатында.

Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбделәзиз Әл Сауд және Сауд Арабиясы Корольдігінің тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман бен Әбделәзиз Әл Сауд өздерінің жеделхаттарында Қазақстан президентін қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, оған зор денсаулық және бақыт тілеген, сондай-ақ бауырлас Қазақстан халқының одан әрі өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірген.

Тағы оқыңыз: Рамазан-2021: маңызды 10 сұрақтың жауабы

Сонымен қатар Қазақстан президентіне Қатар әмірі Шейх Тамим бен Хамад Әл Тәни, Иордания королі II Абдалла, Оман сұлтаны Хайсам Бен Тариқ, Кувейт әмірі Шейх Наваф әл-Ахмад әл-Джабер Әс-Сабах, Кувейттің тақ мұрагері Мишаль әл-Ахмед әл-Джабер Әс-Сабах, Бахрейн королі Хамад бен Иса Әл Халифа, Марокко королі VI Мұхаммед, Египет президенті Әбдель Фаттах Әс-Сиси, Ирак президенті Бархам Салех, Палестина президенті Махмуд Аббас, Қатар шейхінің орынбасары Абдалла Бен Хамад Әл Тәни және Ислам ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы Юсеф әл-Осеймин өздерінің құттықтау хаттарын жолдады.

Биыл Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады. 8 мамырдан 9 мамырға қараған түн – қасиетті Қадір түні.

Пітір садақаның мөлшері жан басына 420 теңгені құрады.

0
Кілт сөздер:
Рамазан-2021, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Ақордада өткен кездесуде қырғыз президенті Тоқаевты таңғалдырды  
Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктегі ауыс-түйіс туралы айтты
Тоқаев жұмысын дұрыс атқармаған басшыны қызметінен босатуды бұйырды
Тоқаев кейбір салаларға қосымша қаражат бөлуді тапсырды