Жаңалыққа қарсы насихат: батыс БАҚ-ының позициясы қандай?

CC0 / maxmann / Очки и газеты
Очки и газеты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Аудиторияға мейлінше кең әрі әрқилы жаңалықтарды жинақтау мен жеткізу төртінші билік өкілдерінің бір міндеті десек , батыстық БАҚ өз қызметін уақыт өткен сайын нашар атқарып келеді

"Россия сегодня" ХАА "Осьминог 2.0. Ресейдегі коронавирус" атты зерттеу ұсынды. Аталған жұмыс батыс (басқа да) БАҚ-тарындағы Ресейдің бет-бейнесіне арналған. Бұл жолы пандемия нысанға алынғанымен, "Үлкен жетілік" қана емес, ауру бастау алған Қытай медиасы да қамтылды.

Себебі, қытайлық медиа бойынша статистика батыс басылымдары жариялайтын ақпарат аясында өзгеше сипат алып келді.

Жилые дома и небоскребы делового центра Москва-сити - Sputnik Қазақстан
Батыс Нюрнберг трибуналының қорытындысын қайта қарауға әрекет жасауда - Ресей
Жалпы, "Осьминог 2.0" айтарлықтай жаңалық ашқан жоқ: батыстық БАҚ COVID-19 ауруын антиресейлік насихатты жалғастыруға арналған кезекті ақпараттық сылтау ретінде қолданған.

Бұл жолы да америкалықтар көш бастап тұр – қамтылатын аудиториясы бойынша жетекші америкалық БАҚ-тағы аталған тақырып бойынша жарияланымдардың 58%-і негативті сипатта болған. Одан кейінгі орында тұрған германиялық медиадағы көрсеткіш – 44%, канадалықтарда – 41%, британдықтарда – 38% құрап отыр.

"Жетіліктің" қалған үш мемлекетіндегі Ресейге қатысты негатив бойынша бұл көрсеткіш айтарлықтай төмен: Жапонияда – 33%, Италияда – 28%, Францияда – 21%.  

Оң сипаттағы ақпараттар үлесі тіпті нашар – 1-ден 5%-ке дейін. Бұл сатыда Италия ерекшеленіп тұр. Мұнда Ресей мен коронавирус жайлы позитивті сипаттағы жарияланымдар үлесі 9% құрап отыр. Алайда, пандемиямен күресте италиялықтарға Ресей көрсеткен көмектің (медициналық ресурстар мен дәрігерлер жөнелту) рөл ойнағанын түсіну қиын емес. Сол себепті БАҚ беттеріндегі жағымды мақалалардың құрауышы салыстырмалы түрде артық.

Брақ, бұл сандардағы басқа аспект қызықты болып тұр: олар ағымдағы жағдайдың ең өзекті геосаяси трендтерін айқындап тұр. Бір жағынан, ағылшын-сакстар антиресейлік шабуылдың шебінде тұрып, оның қозғаушы күші болып отырса, екінші жағынан, орыс фобиясына қатысты бейтараптылықты ұстануға тырысатын өз одақтастарын жоғалтуда. Әрине, бұл ақылға қонымды. Себебі, 2014 жыл алысқа ұзағалы қашан.

БАҚ еркіндігі бойынша резолюция қалай бұрмаланды - Sputnik Қазақстан
Видео
БАҚ еркіндігі бойынша резолюция қалай бұрмаланды
Сандар көрсеткендей, Германия ең алдымен өзі үшін қиын жағдайда тұр. Немістердің жетекші БАҚ-тарының антиресейлік белсенді позициясы мемлекеттік-саяси бағытқа қарсы келуде. Олай дейтініміз, Берлин Мәскеумен бірлескен жобаларды қорғап әрі дамытып қана қоймай, сатылы түрде АҚШ-тың жартылай басқыншылығынан құтылуға әрекет етіп жатыр. Алайда, медиа саласында жетекші басылымдардың ұлттық мүдде емес, вашингтондық "басшылардың" мүддесі үшін әрекет етіп жатқаны байқалады.

Нақты тақырыптарға келсек, антиресейлік-ковидтік насихат өз мазмұнымен ерекшеленбеді. Мұнда да бәз баяғы "хикая желісі" қолданылған. Яғни, Ресей кезекті рет құрдымға кетіп жатыр және ол бұрынғыдай әлем үшін үлкен қауіп төндіруде.

Негізінен, бұл елдегі жалпы жағдайға, отандық денсаулық сақтау саласына, пандемиямен күресте ресейлік билік әрекеттеріне қатысты сын сипатында болды. Жағдай ушығып, кез келген уақытта Ресейдің шаңырағы ортасына түсуі мүмкін деген болжамдар да жасалды. Ал, ғаламшарға қатысты қауіпке келсек, онда бұған қатысты да еш жаңалық ойлап таппаған: басты айыптау – Мәскеу пандемия туралы жалған ақпарат тарататын науқандар өткізуінен басталып, Ресейдің қол жуу аурудан сақтамайтыны туралы ақпарат таратып, адамзатты адастырып жатқанына дейін қамтылған.

Қытайлық БАҚ-та проблеманы жариялау сипаты өзгеше. Мұнда мәселе Ресейдегі коронавирус туралы позитивті жарияланымдардың 20% үлесінде немесе негативті жаңалықтардың жоқтығында емес. Басты ерекшелік аталған тақырыпта жазылған мақалалар санында болып тұр. Қарастырылған мерзім – наурыздан маусым айына дейінгі аралықта Қытайдың жетекші 5 медиаресурсында эпидемияға қарсы ресейлік әрекеттер жайлы 1 200-ден астам мақала шыққан. Салыстыру үшін айтар болсақ, бұл көрсеткіш Канадада – 238, Италияда – 371, Жапонияда 470 болса, америкалықтар 428 мақаласымен жалпы тізімнің бесінші орнында тұр.

Анықталғандай, үш айдың ішінде қытайлық БАҚ "Ресейдегі коронавирус" тақырыбы бойынша ғаламшардағы ең қуатты әрі мықты саналатын америкалық медиадан үш есе көп мақала жариялаған. Айта кету керек, қытайлық жарияланымдардың 80%-і бейтарап ақпараттық сипатта болған. Яғни, ақпараттық хабарламалар жайлы сөз болып отыр.

Строки памяти, лики Победы: крупные СМИ Казахстана запустили проект к 75-летию Победы   - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанның бірнеше БАҚ-ы Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған жобаны іске қосты
Бұл Қытайдың Ресей ісіне ерекше назар аударуынан болып отыр десек жаңылысқан болар едік. Мәселе қытайлық БАҚ-тың батыстағы әріптестеріне қарағанда әлдеқайда көп ақпараттар легін өткізетін тиімді жұмысы жайында болып отыр.

Бұл батыстағылардың ақпараттық көшбасшы мәртебесінен айырылып қалу үрейін растайды. Әрине, аудиторияға жеткізу үшін олар анекдотқа тән үлгіде болғанымен, астарында негіз бар.

Бір кездері батыс өз түсінігінде мінсіз көшбасшы әрі өзгелерге үлгі боларлықтай бұқаралық ақпарат құралдарын құрды. Идеологиялық және геосаяси қарсыластарына қарсы жүргізілген күресте сөз бен ақпаратты тарату еркіндігі батыстың басты артықшылығына айналды.

Бірақ, қазіргі жағдай мүлде басқаша. Уақыт өткен сайын батыс БАҚ-тарына мейлі ол Қытай болсын, Ресей болсын, ақиқатты айтатын медиамен тайталасу қиын болып барады. Америкалық және еуропалық саясаткерлердің "Кремль медиақармауы" туралы дүрлігуіне тоқтаусыз күлуге болады. Бірақ, RT пен Sputnik жаңалықтары Еуропаның танымал ақпараттық ресурстарына қарағанда оқырман тарапынан жиі байланыс алуда. Қытайлық 1 200 хабарламаға бір ғана бағдарда жазылған америкалық 450 мақаланың қарсыластығы да жоғарыда аталған процестің айқындығын растап тұр.

 

Жаңалықтар
0