Төртінші буынды МиГ-31 ұшағының мүмкіндіктері

© Sputnik / Павел Львов / Медиабанкке өтуСамолет МиГ-31 во время учебно-тренировочных полетов, архивное фото
Самолет МиГ-31 во время учебно-тренировочных полетов, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Military Watch әскери сарапшылары ресейлік МиГ-31 әлемдегі ең ауыр және жылдам заманауи жойғыш-тосқауылдаушы ұшақ ретінде мойындайды

Бесінші буынды жауынгерлік ұшақтардың пайда болуына қарамастан, ресейлік төртінші буындағы ауыр МиГ-31 жойғыш-тосқауылдаушы ұшағы 20 шақырымнан астам биіктікте 2,83 Мах-қа дейінгі жылдамдықта үлкен зымырандық қаруды қолдана алады және ол әлі күнге дейін әлемдегі ең күшті әуе шабуылдаушысы болып саналады. Оның аналогы жоқ болғандықтан, ұшақ шетелдік сарапшылар үшін зор қызығушылық тудырады.

Самолет МиГ-31 во время учебно-тренировочных полетов, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қорғаныс министрлігі МиГ-31 ұшағы апатына байланысты мәлімдеме жасады
МиГ-31 ұшағының мүмкіндігі шексіз, орындайтын тапсырмасы да орасан. Батыс елдері Ресейдің әуе шекараларының беріктігін тексеріп, апта сайын барлау жүргізіп тұрады. Мәселен, 14 шілде күні Баренц пен Қара теңіз үстінен Ресей мемлекеттік шекарасына бағыт алып ұшып бара жатқан әуе нысандары тіркелді. Нысандарды анықтау және ұстау үшін Солтүстік флот пен Оңтүстік әскери округінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштерінің ұшқыштары көкке көтерілді.

Ресейлік жойғыш ұшақтардың жетекке алуымен Норвегия әскери әуе күштерінің Р-3C "Орион" ұшағы (Баренц теңізінің үстінде) мен АҚШ әскери-әуе күштерінің RC-135 және MQ-9A "Рипер", АҚШ әскери-теңіз күштерінің P-8A "Посейдон" (Қара теңіз үстінде) барлау ұшақтары бағытын өзгертуге мәжбүр болды.

МиГ-31 ұшағы Ресейдің полярлық шекараларын ұзақ уақыт және сенімді түрде қорғағаны белгілі. Сонымен қатар, екі жылдан астам уақыт бойы Қара теңіз аймағын (Ресейдің Оңтүстік әскери округі) бортындағы қуатты гипердыбыстық "Кинжал" зымырандарымен күзетті. Бұған дейін (11 шілде) АҚШ-тың RC-135 барлау ұшағы Жапон теңізінің бейтарап суларының үстінен Ресейдің мемлекеттік шекарасына жақындаған болатын. Осылайша, МиГ-31 және Су-35 ұшағының тиімді тандемі Ресей шекарасын бұзудың алдын алды.

Америкалық сарапшылар МиГ-31-ді ресейлік аэроғарыштық күштердің "ең жақсы аңшысы" деп атайды және оның жауынгерлік мүмкіндіктерін мұқият талдайды. Military Watch әскери сарапшылары ресейлік МиГ-31 әлемдегі ең ауыр және жылдам заманауи жойғыш-тосқауылдаушы ұшақ ретінде мойындайды. Бәлкім, бұл бастысы емес.

Зор үстемдікке ие

Батыстық мамандандырылған басылымдары Foxhunter-дің (НАТО-ның МиГ-31-ді атауы) супермүмкіндіктеріне арналған шолуларды үнемі жариялап тұрады. Military Watch журналы: әлемдегі бір де бір жойғыш-тосқауылдаушы ұшақ ең шапшаң қарсылас пен баллистикалық және қанатты зымырандар мен ғарыш аппараттарын жылдам басып алып, тез жоюға қабілетті емес деп жазады.  Гипердыбыстық зымырандары бар "Миг" ұшақтары санаулы минутта қону алаңынан көкке көтеріліп, әуе кемелері мен әскери нысандарына, жаудың командалық пункттеріне соққы бере алады (келесі жанармай құюға дейін 3000 шақырым ұша алады). Үш-төрт МиГ-31 жойғышы 1000 шақырымдық әуе кеңістігіне (ені 300 шақырымға дейін) бақылау жасау мүмкіндігі бар.

Самолет F-35A Lightning II - Sputnik Қазақстан
Америкалық F-35 ұшағының кілтипаны қандай?
МиГ-31БМ РЛС жүйесіндегі фазалы антенналық тормен жабдықталған және нысандарды 160 шақырымнан 320 шақырымға дейінгі (модификацияға байланысты) қашықтықта төмен, орта және жоғары биіктіктерде анықтай алады. Жауынгерлік машина 10 нысанаға дейін автоматты бақылауда ұстай алады және Р-33 және Р-37 зымырандарымен 200 шақырым, тіпті 300 шақырым қашықтықта бір уақытта жою үшін төрт немесе алты басым нысандарды таңдайды. Мысалы, МиГ-31М және МиГ-31БМ ұшағы Р-33С зымырандарын алтыға дейін тасымалдай алады. Бұл бір уақытта 6 нысананы жоя алатынын білдіреді.

Military Watch хабарлауынша, МиГ-31 үшін жасалған Р-37 зымыраны 400 шақырым қашықтағы АВАКС ұшақтары мен әуе командалық пункттеріне және танкерлерге соққы беруге қабілетті. МиГ-31 арсеналында қашықтықта жер үсті және нысаналы нысандарға жойқын соққылар жасай алатын Х-31 (НАТО классификациясы бойынша AS-17 Krypton), орта және қысқа қашықтыққа бағытталған зымырандар, радиолокациялық жетілдірілген (кемеге қарсы) зымырандары да бар. Олар жерүсті және суүсті нысандарына 250 шақырым қашықтықтан жойқын соққы жасай алады. "Кинжал" авиациялық кешені гипердыбыстық зымыранмен ықтимал қарсыластың қолданыстағы әуе қорғаныс жүйелерінің бәрін "мөлдір" етеді әрі нысандарға 2000 шақырымдық қашықтықтан жетеді. Жауынгерлік ұшақ белсенді және әлсіз радио кедергілерге де қарсы тұра алады. Сондықтан да АҚШ-та МиГ-31 жойғыштары ұшу кезінде өте қауіпті деп саналады.

АҚШ әскери-әуе күштері Қазақстан шекараларында да сақтық танытуы керек деп болжау қисынға келеді. Military Watch хабарлауынша, Қазақстанның әскери әуе күштері жойғыш ұшақтардың тірегі болып табылатын 32 ауыр жойғыш-тосқауылдаушы Су-27 және Су-30СМ ұшағымен қаруланған.  Қазақстандық МиГ-31 ұшақтарының кейбірі МиГ-31БМ деңгейіне дейін жаңғыртылып, Р-77 зымыранымен қатар шапшаң және алыс қашықтықтағы Р-33 зымырандарына қосымша жабдықталған.

Айта кетейік, осындай супер мүмкіндіктерінің бар болуымен МиГ-31 ұшағының экспорттық нұсқасының құны 2000 жылдардың басында шамамен 35 миллион долларды құрады. Салыстырмалы түрде алғанда бұл арзан болды.

"Мигті" қуып жету мүмкін емес

Пайдалану барысында жойғыш-тосқауылдаушы ұшақ бірнеше рет қайта жаңғыртудан өткізілді. Тіпті, конструкциясына түзету енгізіліп, заманауи жабдықтар мен қуатты қарулар біріктірілді. Нәтижесінде МиГ-31БМ тиімділігі МиГ-31-ге қарағанда екі есеге артты. Бұл ұшақтар тіпті Франца-Иосиф жеріндегі мұзды қону алаңына да қонды.

Истребитель Су-35С  - Sputnik Қазақстан
Су-35 ұшағы Сирия аспанында АҚШ барлау ұшағын бірнеше рет ығыстырды
Британдық Air Forces Monthly журналының хабарлауынша, модернизациядан кейін МиГ-31 жаңа радарлық режимдер мен жаңа зымырандарды қолдану арқасында тиімділігін едәуір арттырған. Ескі "Aргон-15A" жүйесін жаңа процессорлы "Заслон-АМ" отты басқаруы жаңғыртылған жүйесі алмастырып, жаңартылған радардың жойғыш нысандарын анықтау диапазоны 130 мильге (209 шақырымға) жетті.

Сондай-ақ, 24 әуе нысанын бақылау мүмкіндігі қамтамасыз етілді. Қалай болғанда да жаңартылған МиГ-31БМ истребителі әлемнің дамыған елдері үшін қол жетпейтін технологиялық шың болып қала берді. Мәселен, Пентагон мен Boeing 14 шілдеде модернизацияланған F-15EX ұшақтарын салу туралы келісімге қол қойды. Бұл әлемдегі ең ауыр және жылдам ұшақ. Оның жылдамдығы 3-Мах-қа дейін, ал жауынгерлік күйдегі салмағы 3,2 тоннаға дейін және ұзындығы 7 метрге дейінгі гипердыбыстық зымырандарды ұшыру мүмкіндігі бар (ал әзірге зымырандар жоқ).

Алайда, ресейлік МиГ-31БМ ұшағының максималды жылдамдығы – бұл 3 Мах-қа тең. Жауынгерлік пайдалы жүктемесі – 5 тоннаға дейін, ұшу кезіндегі салмағы 46,7 тоннаға дейін жетеді. "Миг" ұшағының 50% болаттан, 33% алюминий қорытпаларынан және 16% титаннан жасалған корпусы ұзақ мерзімдік динамикалық және жылу жүктемелеріне төтеп бере алады.

Америкалықтар өткен ғасырдың соңынан бері ресейлік технологияларды "қуып жетуге" тырысуда. Ал Ресей бірнеше жылдан бері басымдыққа ие авиациялық кешен ұзақ қашықтықтағы тосқауылдаушы МиГ-41 ұшағын жасап шығаруды қолға алуда. Бұл жақын ғарыш кеңістігінде тапсырма орындай алатын МиГ-31 жойғыш-тосқауылдаушысының лайықты ізбасары болады.

Жаңалықтар
0