Стрела аэромобильді броневигі

Ресей әскері ерекше бронды автокөлікпен толықты

143
(Жаңартылды 17:42 21.07.2020)
Ресей әскерінің бронды автомобильдерінің ерекше топтамасы "Стрела" туындысымен толықты. Ол сағатына 155 шақырымға жылдамдығын үдетіп отыр

Мобильділік – РФ және оның одақтастарының қорғану қабілеттілігін нығайтатын әрі соғыс жағдайында орыс қаруының басымдылығын айқындайтын қасиеттің бірі болып отыр.

"Әскери-өнеркәсіптік компания" атты дайындаушы кәсіпорынның бас директоры Александр Красовицкий "Стрела" бронды автомобилінің Ресейде баламасы жоқ. Техниканың АК-74, АКМ автоматтары мен ДСВ винтовкаларының оғына шыдамды баллистикалық қорғанысы бар. Минаға қарсы қорғаныс броневик дөңгелегі астында мина немесе тротил эквивалентінде екі келіге дейінгі қуаттылығы бар түрлі жарылғыш заттары жарылған уақытта экипаж өміріне қауіп төнбеуін қамтамасыз етеді. Машина салмағы – 4,7 тонна. Бұл Ми-8 (Ми-17) тікұшағының сыртқы аспасы арқылы тасымалдауға мүмкіндік береді. Салыстыру үшін айта кетсек, "Тигр" бронды автомобилі екі есе ауыр және тротил эквивалентінде 600 грамға дейінгі жарылысты көтере алады.

Күшті жарылғыш құрылғылардан "Стрела" сырт жағынан заманауи броньмен және корпус геометриясымен қорғалған және жарылыс толқынының соққысын бәсеңдету мақсатында ішіне жұмсақ орындықтар орнатылған. Сирияда заманауи жаңа бронды автомобильдерін қолдану мұндай конструкцияның сенімділігін көрсетті. Жарылыс кезінде адам қазасы орын алған жоқ.

"Стрела" бронды жеңіл автомобилі арнайы бөлімшелердің жедел-қызметтік жұмысына, баллистикалық қорғаныстың жоғары деңгейін қамтамасыз етумен адамдар және түрлі жүкті тасымалдауға арналған. Салонға жүргізушіні қоса есептегенде сегіз адам сыяды. Қаруландыру мен арнайы жабдықтың модульдік кешендерін орнату қарастырылған. Соғыс көлігі тек ресейлік материалдардан дайындалған. Өндіруші компанияның беделі әлемдегі ең қарқынды броневиктің жоғары сапасы мен оның халықаралық нарықтағы экспорттық әлеуетін қамтамасыз етеді.

"Стрела" әскери қызметшілерге ұнауы ықтимал. Себебі, жоғары мобильділік бөлімшелердің әскери тұрақтылығының негізі болып табылады. Егер броневик тас жолда сағатына 155 шақырымды еңсерсе, ойлы жерде 80 км/сағ жылдамдықпен қозғала алады. Аталған әскери көліктің конструкциясында қолданылған тораптар мен агрегаттар ресейлік автоөнеркәсіп өндірісінде де қолданылуы мүмкін. Сонда, Ресейде геологтар, туристер мен балықшылардың арманына айналған автокөлік пайда болады.

Арнайы техникалар бәсекелестігі

Соғыс кезінде бронды автокөліктерді қолданудың келешегі зор. Түрлі санаттағы және мүмкіндігі әртүрлі машиналар әскерге алдағы мәселені бірыңғайластыра шешуге, қарсыласты соққы күші әрі маневр арқылы жеңуге мүмкіндік береді. Сондықтан, халықаралық қару-жарақ нарығында бронды көліктердің көптігі тектен тек емес. Мысалы, Stryker (АҚШ), LAV (Канада), (Швейцария), VBCI (Франция), Boxer (Германия – Голландия), Pandur (Австрия), Pars (Түркия). Бұл секторда миллиардтаған доллар айналымда жүр және Ресей де көш бастап тұрған елдің бірі. 2010-2017 жылдар аралығында жалпы сомасы 1,48 миллиард долларға 1 206 ресейлік машина сатылған. Жаңа бронды автомобильдері ресейлік қорғаныс позициясын одан әрі нығайта түспек.

"Стреланың" бәсекелестері аса қуатты емес. Салыстыру үшін сипаттамасы ұқсас бірнеше броневикті қарастырып көрейік.

RenaultSherpa II тактикалық автомобилі жолсызда жүру кезіндегі миссияға арналған. Түрлі құрауыштары бар және түрлі санаттағы соғыс модульдерін тасымалдайды. Sherpa II броневигі 4,7 литрлік турбодизельдік 215 күштік қозғалтқышпен жабдықталған және сағатына 120 километрді бағындырады.

Израильдің Plasan компаниясынан шыққан SandCat броневигі жарылыстан қосымша қорғанысты қамтамасыз ететін амортизациялаушы орындықтар қойылған патрульдік автомобиль. Корпусындағы алты порт жүріс барысында десанттың жеке қаруынан оқ атуына мүмкіндік береді. SandCat автокөлігінде қуаттылығы 330 л.с. сегіз цилиндрлі 6,7 литрлік қозғалтқышпен қамтылған. Бронды машинаның максималды жылдамдығы 120 км/сағ. ТМД кеңістігінде мұндай броневиктер Әзербайжан, Қазақстан және Түркіменстанда бар.

Австралия әскеріне тиесілі Hawkei бронды автомобилінің баллистикалық қауіптен қорғаныс деңгейі жоғары. Жарылысты жұту жүйесі мина қаупін төмендетеді. Броневикте қашықтықтан басқаруға арналған қару-жарақ станциясы орнатылған (5,56 мм, 7,62 мм және 12,7 мм калибрлі пулеметтер, 40 миллиметрлік гранатометтер мен танкіге қарсы зымырандар). Hawkei алты цилиндрлі дизельдік қозғалтқышпен қамтылған және сағатына 130 километр жылдамдықпен қозғала алады.

GeneralDynamics компаниясының Flyer жеңіл бронды машинасы АҚШ әскерінің арнайы операцияларына қолбасшылық ету үшін дайындалған. Барлау, рейд, шабуыл, эвакуация және тағы басқа миссиялар үшін қолданылуы мүмкін. Flyer 360 градусты қамтитын қару жүйесімен жабдықталған. Машина мұнарасында 12,7 калибрлі пулемет орнатылған. Броневик сағатына 135 километрмен қозғалуға мүмкіндік беретін 150 л.с. қуаттылығындағы 1,9 литрлік қозғалтқышпен жабдықталған.

Тағы оқыңыз: Путин Керчьте жаңа десанттық кемелердің құрылысын бастап берді – видео

ParamountGroup оңтүстік африкалық әскери-өнеркәсіптік тобының туындысы саналатын Mbombe-4 жеңіл бронь машинасының ең жаңа үлгісі БАӘ-дегі IDEX-2019 көрмесінде таныстырылды. Ішіне 10 адам сыяды. Дөңгелек формуласы 4х4. Патрульдеу міндеттерін атқара алады және әскери операцияларға қатыса алады. Автомобиль корпусы 14,5 мм калибрлі оқ-дәрілерден және шет жақтан жарылған минадан қорғай алады. Сағатына 140 километрге дейін жылдамдықпен қозғала алатын бұл броневик 457 л.с. қуаттылығы бар қозғалтқышпен жабдықталған. Дәл осы бронды машина ресейлік "Стреланың" ең жылдам бәсекелесі болып отыр.

"Әскери-өнеркәсіптік компания" дөңгелекті бронь техникасын шығаратын ресейлік ірі өндіруші. Бронь машиналарын РФ құрлықтағы әскеріне және 40-тан астам елдің әскеріне жеткізеді. Компанияның танымал жобаларының ішінде "Тигр" бронды автокөліктері мен "Бумеранг" платформасы бар. Барлық өнім қатаң соғыс жағдайында тексеріледі және келісілген мерзім ішінде кепілдендірілген қызмет көрсетіледі.

Айта кету керек, қанша жылдан бері бронь техникасын сәтті дайындаумен айналысып келе жатқан "ӘӨК" кәсіпорнында осал дүние шықпасы анық. Сондықтан, "Стрела" соғыста және халықаралық қар-жарақ нарығында оң сипатқа ие болмақ.

143
Кілт сөздер:
Ресей
Тақырып бойынша
Ресей Сириядағы әскери базаларын не үшін кеңейтпекші
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Ресей мен Қытайды не үшін жазалағысы келеді?
Архивтегі фото

ШЫҰ қорғаныс министрлері шекараға жақындаған тәлібтер жайын талқылады

43
"Талибан"* жасақтары әзірге Кабулға басып кіріп, Ауғанстанның заңды үкіметін құлатуға қауқарлы емес

Алайда шекараны бақылауда ұстау тәлібтерге елде экономикалық  және энергетикалық блокада ұйымдастыруға мүмкіндік беріп отыр. Бұл Ислам республикасы үшін қырғи-қабақ соғыспен тең ауқымды залал келтіретіні анық. Сәрсенбіде Душанбеде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдерінің қорғаныс министрлері ауған дағдарысын тоқтата алатын әскери-саяси шаралар іздестіріп көрді. Алайда іргелес жатқан елдердің мүдделері әр алуан болуы бұл мәселені тез әрі қарапайым жолмен шешуге кедергі келтіруде.

Ауғанстан президенті Ашраф Гани отставкаға кетсе, тәлібтер шабуылды тоқтатуға уәде етті. Бұл осыған дейін 7 мың қылмыскерді босатуды талап еткен содырлардың ақылға қонымсыз кезекті шарты болып отыр. Ауғанаралық бейбіт келісімдер құрдымға кетіп бара жатқандықтан, бүгінде "Талибанның"* уәдесіне ешкім сенбейді. Тәлібтердің саяси кеңседен айтылған мәлімдемелері шынайы болып жатқан оқиғалармен үйлеспей отыр. Саяси басшылық бас штаб ретінде саналатын қозғалыстың әскери комиссиясына бақылау жүргізбейді.

Соңғы екі айда содырлар өткен 20 жылдағыдан да көп аумақты басып алды. Енді тәлібтер Кандагар, Герат, Кундуз сынды ірі қалаларды нысанаға алды. Кабулдан 15 километр қашықтықта соғыс жүріп  жатыр. Сонымен қатар "Талибан"* Ауғанстан шекарасының барлық дерлік периметріне бақылау жүргізіп отыр. Ал бұл жағдай қазіргі үкімет проблемасын жеңілдетпейді.

Тәлібтердің бағаналарды жарып тастауына байланысты бас қалада электр жеткізу желісінің жұмысында ақау пайда болды. Шекара маңындағы кеден бекеттері де тәлібтердің қолында болғандықтан азық-түлік жеткізу қиындауы мүмкін. Ауғанстандағы әскери-гуманитарлық апат Орталық Азия елдеріне де қауіп төндіріп тұр.

Түрікменстан мен Өзбекстан содырлар үшін шекарадан кіру мүмкіндігін шектеді. Тәжікстан мен Қырғызстан бас сауғалаған ауған босқындарын әзірше қабылдап жатыр. БҰҰ мәліметі бойынша Тәжікстандағы ауған босқындарының саны екі есе артып, шілденің басында 3 000 адамға жеткен. Ауғанстандағы азаматтық соғыс салдарынан жүз мыңдаған босқынның қоныс аударуы басталып, халықаралық терроризм Орталық Азияға қарай ығысуы мүмкін.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Ауғанстанның солтүстігіндегі жағдайдың ушығуына қатысты алаңдаушылық танытып отыр. 28 шілдеде Душанбеде Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Беларусьтің (бақылаушы ел) әскери делегацияларының қатысуымен ШЫҰ қорғаныс министрлерінің кеңесі өтті. Онда аталған елдердің мүдделері әр түрлі болып отыр.

Ресей "жихад" Ауғанстан аумағынан тыс етек жайған жағдайда ҰҚШҰ мүшелерін қорғауға дайын екенін тәлібтерге ескертті. Ал "Талибан"* Орталық Азия елдерінің шекарасына ешқандай қауіп төніп тұрмағанын жеткізді.

Көрші жатқан Ауғанстандағы жағдайға байланысты Тәжікстанның қауіпсіздігіне қатер төнетін болса, Ресейдің 201-ші базасы тәжік еліне әскери өмек көрсетеді. Бұл туралы Душанбеде РФ қорғаныс министрі Сергей Шойгу мәлімдеді.

Ауғанстандағы тұрақсыздық аясында Тәжікстан Республикасының жай-күйі қатты алаңдатып отыр. Ұзындығы 1 344 километр болатын тәжік-ауған шекарасы толыққанды техникалық күзет құралдарымен қамтылмағанын, оңтүстік аумағы шекараны бұзып өтуге қолайлы екенін де ескеру керек. Әрине, бұл аймақты террористердің Орталық Азияға өтуіне айқара ашылған қақпа демесек те, көңіл аударуға тұрарлықтай қауіп бар.

Жалпы Душанбе шекарасын нығайту үшін аянып жатқан жоқ. Бұл ретте Тәжікстанның Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше екені, көрші елдердің әскери және әскери-техникалық көмегі де маңызды рөл атқарды. Әйтсе де Душанбе ауған жеріндегі жағдайдың ең нашар сценарий бойынша өрбуіне дайындалып жатыр. Сондықтан "Шекара-2021" оқу-жаттығулары форматында әскер дайындығын пысықтап, 1023 броньді техниканы, 3167 арнайы техниканы, 447 артиллериялық қондырғыны, 45 ұшақ пен тікұшақты, 234 әуедегі шабуылға қарсы қорғаныс құралын дайындықта ұстап отыр.

Сонымен қатар Ресей, Өзбекстан мен Тәжікстан әскері 5-10 тамызда Хатлон облысында ықтимал қарсыластың көзін жою бойынша бірлескен операциялар жүргізеді. Тәжік шекарасына жақын Харб-Майдон полигонында 1 500 маман мен 300 әскери техниканы жұмылдыру арқылы Ресей, Өзбекстан мен Тәжікстан әскерінің оқу-жаттығуы басталады.

Көрші елдер мен әріптестер Ауғанстанды тағдырдың тәлкегіне жалғыз қалдырып кетті деуге болмайды. Алайда түрлі бағытты ұстану Ауғанстан Ислам Республикасы үкіметіне тәлібтер және басқа да террористік топтармен күресте ауқымды нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік бермей отыр.

Ауғанстанның ұлттық әуе корпусы тәлібтерге қарсы күресте ресейлік өндірістің Ми-35 тікұшақтарын тиімді қолданып келеді. НАТО  бас хатшысы Йенс Столтенберг 27 шілдеде Ауғанстан президенті Ашраф Ганиге қаржыландыру, азаматтық қатысу және ауған қауіпсіздік күштерін даярлау бойынша қолдау көрсетуді жалғастыра беретінін жеткізді. Ақ үй ауған қауіпсіздік күштеріне қолдау көрсету мақсатында 2022 жылы Конгрестен 3,3 миллиард доллар қаражат бөлуді сұрады. Оның ішінде 2 миллиард доллар ауған әскерін жабдықтау және техникалық қызмет көрсетуге жұмсалуы керек.

Түркия тәлібтерді ықтимал қарсылас ретінде көреді. Себебі тәлібтер түріктердің Кабулдағы әуежайды күзетіп қалуына қатысты үлкен қарсылық танытты. Сондықтан Түркияның сыртқы істер министрлігі кеше Ауғанстан босқындарын қабылдамайтынын жеткізді: "Түркия Еуроодақ шекарашысына немесе босқындарды орналастыратын лагерьге айналмайды".

Қытай мейлінше бейтараптылықты ұстануға тырысып жатыр. Ол тәлібтерді "Әл-Каида"* және басқа да террористік топтармен байланысын үзуге шақырды. Бейжің шетелдік содырлар саны көп Бадахшандағы жағдайға шын алаңдаушылық танытты. Жалпы Бейжің елдің ішкі мәселесіне араласпауға және бейбітшілікті реттеуге атсалысуға уәде етті.

"Талибанға"* және Ауғанстандағы дүрбелеңге қолдау көрсетті деген күдікке ілінген Исламабадтың да тәлібтермен "ойыны" жақсы аяқталмауы ықтимал. The News International басылымы ауған тәлібтері Пәкістан территориясын трансшекаралық шабуылдар, қаражат жинау, жас азаматтарды өз қатарына қосуға үндеу және жараланған содырларды емдеу үшін қолданды деп жазды.

* – Қазақстан Республикасында тыйым салынған террористік ұйым

43
Автомат, архивтегі фото

Биыл Ауғанстандағы қақтығыстан 3 мыңнан астам бейбіт тұрғын жараланды БҰҰ