Әскери роботтар өндірісіндегі серпіліс

© Photo : Министерство обороны РФ / Медиабанкке өту"Уран-6" робототехника кешені
Уран-6 робототехника кешені  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейдің қорғаныс министрлігі суасты, жердегі, әуедегі, ғарыштағы секілді түрлі соғыс ортасында пайдалануға арналған роботтандырылған жүйелерді сынақтан өткізіп жатыр. Ресей жоғары технологиялық қаруландыру саласында өз бәсекелестерінен озуды көздеп отыр

Ресей полигондарындағы маневрлер жазғы оқу-жаттығу кезеңінде максималды қарқынға ие. Осы жылдың маусымы мен шілде айлары әскерге жаңа роботтандырылған қарулану жүйесін енгізуді қарастыратын технологиялық серпінмен қызықты.

Ресейде Әскери-теңіз флоты күні аталып өтті - Sputnik Қазақстан
Видео
Ресей Әскери-теңіз флоты күнін қалай атап өтті
20-26 шілде аралығында Қара теңізде SeaBreeze – 2020 НАТО әскери-теңіз оқу-жаттығулары кезінде ресейлік эксперименттік суасты роботтары мен суасты мониторингке арналған гидроакустикалық аппаратурасының сынақтары өтті. Жаңа роботтандырылған жүйелер маңызды әскери және экономикалық нысандарды теңіздегі шабуылдан сәтті қорғай алатынын көрсетті.

Ресей қорғаныс министрлігі 21 шілде күні "Уран-6" минасыздандыру роботтарын әскерге жеткізу туралы шешім қабылдады. Аталған минасыздандыру кешені миналанған бөгеттерде өткел жасауға арналған.

"Армата" ауыр шынжыр табанды платформадағы Т-14 танкі шілде айының басында ұшқышсыз режимде тексерілді. Бұл ашық цифрлық архитектураның арқасында мүмкін болып отыр.

Орталық әскери округтің әскері 29 маусым күні Шұбаркөл полигонында "Маркер" роботын қолдану арқылы оқу-жаттығулар өткізді. Аталған кешен алға қойылған міндеттерді сәтті орындай алды. Айта кету керек, бұл робот болашақта соғыс әрекеттерін жүргізу модельдерін құрушы конструктор ретінде ұсынылған және ол құрлықтағы роботтар, ұшқышсыз авиация, арнайы тағайындамадағы жасақтың ықпалдастығы үшін негіз болмақ. Роботтандырылған "Маркер" платформасын әзірлеу және сынақтан өткізу 2021 жылы аяқталады.

Ресейдің қорғаныс министрлігіне тиесілі роботтандырылған кешендердің кейбіріне тоқталып өтейік.

Нысаналы алаң іспеттес SeaBreeze

Ресейдің әскери мамандары Қара теңізде түрлі ортаға бейімделген әрі қарсыластың нысандарын анықтауға бағытталған робот-техникалық кешендерді сынақтан өткізді. Sea Breeze-2020 НАТО әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы өткен шақта біруақытта ресейлік әскери-техникалық эксперимент мәні жайлы айтып берді. Ресейлік автономды суасты аппараттары әлеуетті қарсыластың шағын габаритті робот-техникалық кешендері мен ірі нысандарын анықтауы керек болатын. Аппараттардың бірі шеткі шолудың гидролокаторын және көпсәулелі эхолотты қолданса, екіншісі анықталған мақсатты нысандарды қадағалап отырды. Ресейлік кешендер "кездесу нүктесінен" нысан сипаттамасы мен координаттарын, фото және видео жолдай алады.

АҚШ ӘТФ 6-шы флотының қолбасшысы Джин Блэктің айтуынша, әуедегі және кемедегі (қайықтағы) шабуылға қарсы қорғаныс пен тыйым салу операцияларын пысықтауға бағытталған. Осы сценарийдің арқасында Қырым маңындағы бейтарап судағы НАТО әскери нысандары Ресей ӘТФ роботтандырылған кешендері үшін таптырмас "нысанға" айналды.

Тағы оқыңыз: Азов пен Каспийде жаңа ұшақ-амфибия пайда болады

2017 жылдан бері Қара теңіз флотының негізгі эксперименттік алаңы – "Виктор Чероков" роботтандырылған кемесі. Осы уақыт аралығында ресейлік суасты роботтандырылған жүйелерінің суүсті, әуе және жағалаудағы барлау және соққы жасау кешендерімен өзара әрекеттесудің айтарлықтай әлеуеті қалыптасып үлгерді.

Соғыс шебіндегі "Уран-6"

РФ қорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес, 2020 жылы 20-дан астам "Уран-6" көпфункционалды роботтандырылған минасыздандыру кешені жекелеген инженерлік-саперлік жасақтар мен бригадаларға жеткізіледі. Жаңа техниканың бірінші партиясы 10 шілде күні Батыс әскери округінің 20-шы гвардиялық әскерінің саперлер полкіне жеткізілген болатын.

"Уран-6" кешені қашықтықтан басқару режимінде жергілікті аумақты жаппай минасыздандыруды жоғары сенімділік деңгейінде қамтамасыз етеді, жаяу әскерге қарсы миналанған аумақта жүретін жол дайындайды. Яғни, адам өміріне қауіп төндіретін аумақтағы әрекеттерге әскери қызметшілердің араласуын болдырмайды және инженерлік бөлімшелердің мүмкіндіктерін мейлінше кеңейтеді.

Тапсырмаға байланысты машинаға тралдардың бірі орнатылады. Әскери робот-сапер салмағы шамамен 6 тонна және тасымалдауға арналған платформамен бірге жеткізіледі. "Уран-6" 3-4 минут ішінде платформадан түсіп, оған қайта көтеріле алады.

"Уран-6" кешені Пальмир, Алеппо, Дейр-эз-Зор секілді Сирия қалаларын минадан тазалау кезіндегі соғыс жағдайында тексерілген және содан кейін жаңа функциялар енгізілді. Келешекте саперлер роботтандырылған кешендердің арқасында миналанған алқаптар мен елді мекендерді тазалаумен шектелмей, нығайтылған нысандарды басып кіруге қатыса алады және жасырын миналау жүргізе алады.

Миномет 2С4 Тюльпан - Sputnik Қазақстан
Әлеуеті зор әлемдік қару туралы айтылды
Келешектен келген "Маркер"

Ресейдің қорғаныс министрлігі үшін дайындалатын "Маркер" платформасы соғыс робот техникасы саласындағы айтарлықтай қызықты жоба екені сөзсіз. Келешекте "Маркердің" жасанды интеллекті оған өз бетінше шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Яғни, дербес, машиналар тобымен немесе бөлімшеде әскери қызметшілермен бірге бағдарды есептеуге, соғыс әрекетінің уақытын болжауға, қару-жарақ шығынын анықтауға мүмкіндігі бар.

"Маркер" роботты-технологиялық платформасы дәлдігі жоғары оқ атуға арналған жабдыққа ие болды. Бұған дейін соғыс роботы Орталық әскери округтің оқу-жаттығуларына қатысқан болатын. Әйткенмен де, жоба жақында аяқталмайтын көрінеді. Құрастырушылары болып табылатын Келешекті зерттеулер қоры және "Андроидты техника" ҮЕҰ машинаны шынайы соғыс жағдайында тексеру әзірде жоспарда жоқ екенін айтуда. 2021 жылдың маусым айына қарай бес машинадан құралған топтама ең үздік функционалды қамтиды деп болжанып отыр. Платформа модульдік қағида бойынша дайындалған және пайдалы жүктемені жедел өзгертуге, жүйелерді модернизациялауға мүмкіндік береді.

Пайдалы жүктеме ретінде бір уақытта бірнеше қарулану кешенін орнатуға болады. Бұл жағдайда ұшқышсыз ұшу аппараттарының модулі автономды режимде ұшқышсыз ұшатын аппараттардың бүтіндей бір топтамасын іске қосуды қамтамасыз ете алады.

Жақын келешекте ресейлік робот тірі сарбаз секілді дауыстап пәрмен орындай алуы ықтимал. Сынақ кезінде мұндай мақсат алға қойылып отыр.

РФ қорғаныс министрлігінің роботтары әуе және ғарыш кеңістігін сәтті қамтып жатыр. Алайда, құрлықтағы "Маркер" әскерге тек сынақ пен эксперимент үшін келетіні белгілі. Бұл робот – болашақтағы әскердің авангарды. Қазірдің өзінде әлемде оның баламасы жоқ.

Жаңалықтар
0