Таулы Қарабақ

Армения әскери техника жағынан неге көп шығынға ұшырады?

87
Таулы Қарабақтағы әскери қақтығыстан кейін сарапшылар ортасында және медиакеңістікте армян әскері пайдаланған ресейлік қару-жарақтың тиімділігіне қатысты пікірталастар басталды. Сонда, шынымен де, қару-жарақ тиімсіз болған ба?

Жоқ, әлде жеке құрамның дайындығы және жалпы қорғанысты ұйымдастыру жағынан қателік кеткен бе? 

Бүгінде кейбіреулер Арменияның жеңілісін ақтап, себебін "пайдасы жоқ" Су-30-СМ жойғыш ұшақтарынан, "соқырлау" С-300 зениттік зымыран кешендерінен және "тиімсіз" радиоэлектронды күрес кешендерінен іздеуге кірісті. Тіпті, ресейлік танкілер де "дұрыс емес" дейді. Армения басқа елдердің қару-жарағын алмағандай болып көрінеді. Мәселен, үндістандық "Swathi" радарлары бар. Ал әзербайжан әскері тек израильдік және түрік қару-жарағымен соғысқан. Соның ішінде "Байрақтар" да бар. Бұның барлығы "үлкен өзгеріске" себеп болды.

Негізгі дискурс: Қарабақ одақтастар мен әріптестеріне ресейлік қару-жарақты жеткізу жағын тағы қарастырып, өзгеріс енгізеді. Ондай пайымдаулар әскери-саяси басшылықтың стратегиялық қателіктерін көрсетпей, әлемдік қару-жарақ нарығындағы қиян-кескі бәсекелестікті жасырып отырған тәрізді.           

Негізі, Мәскеу Арменияға бірнеше әскери кредит берген. Бірақ одан кейінгі әскери құрылымды ұйымдастыру шараларына армян жағы өзі жауапты. Мысалы, әскери іс-қимылдар кезінде ресейлік С-300 зениттік зымыран кешендеріне мықты әуе қорғанысы жүйесінің жоқтығынан зақым келсе, онда $40 миллионға сатып алынған үндістандық Swathi радарлары қайда болған? Оның жарнамасына сәйкес, радар 20 шақырым шалғай жердегі миноменттік атысты анықтай алады.

Бұдан бөлек, артиллериялық снарядтар (30 шақырымға дейін) мен зымырандарды (40 шақырымға дейін) қадағалап отыруға қауқары бар. Сосын бір уақытта 7 бірдей нысанды бақылауға мүмкіндік береді. Бәлкім, әскерилер жаңа радарларды меңгеріп шығуға үлгермеген. Ресейлік техниканы пайдалану үшін де да машық қажет. Әрине, әскери салада ұйымдастырушылық жоғары деңгейде болуы шарт. Менмендікке де жол жоқ. 

1 желтоқсанда Әзербайжанның басшысы Ильхам Әлиев халқына үндеу жасап, Таулы Қарабақта армян әскерінің қанша техника жоғалтқанын тәптіштеп айтып берген. Ұзын тізімнің ішінде сан алуан қару-жарақтар бар. Соның барлығын жойған немесе соғыс олжасы ретінде қолға түсірген. Әзербайжан президенті зымыран кешендері, дүркін оқ атудың реактивті жүйелері, танкілер мен радиоэлектронды күрес құралдары туралы айтты.

Әрине, ол цифрларды әркім әрқалай қабылдайды. Әзербайжан армиясының шығындарын да жасырып қалған шығар. Дегенмен, жеті ауданның қайтарылғанын ескерсек, президентке жаудың шығындарын асыра көрсетудің қажеті жоқ. Армян техникасының біраз бөлігі жойылды. Демек, бұның барлығы - кескілескен ұрыстың шығындары. Алайда әскерилердің тастап кеткен техникасы да аз емес. Соның ішінде 79 танкі, жаяу әскердің 49 жауынгерлік машинасы, 104 зеңбірек пен миномет, "Шилка" атты 5 зениттік қондырғы, 93 арнайы автомобиль мен 270 жүк көлігі бар.

Мысалы, 79 танкінің өзі екі жарым танк батальонына жетеді. Шабуылда болсын, қорғаныста болсын, бұл – алып күш. Армян әскерінің адам сенбейтін "жомарттығына" екі себеп бар сияқты. Әскердің шегінуі стихиялық сипатта өрбіді, я болмаса, тыл жағынан қамтамасыз ету бойынша проблема туындап, жанар-жағармайды уақытында жеткізбеген. Содан әскери техниканың бәрі тоқтап қалған. Қалай болса да, ұйымдастырушылық жағын зерделеу керек. Бірақ ол мәселе Арменияның әскери-саяси басшылығы мен бас штабтың құзыретіне жатады.

87
Эмблема НАТО

Брюссель саммиті: НАТО-ның қорытынды коммюникесінде қандай мәселе қозғалды

10
Солтүстікатлантикалық альянстың маусымдағы саммиті аясында НАТО-ның қорытынды коммюникесінде әлемнің басты қаупі ретінде Ресей көрсетілген

Екінші орында Солтүстік Корея мен Иран, үшінші позицияда Беларусь Республикасы атап көрсетілсе, төртінші орынға Қытай жайғасты. Алайда НАТО-ға әлемнің тең құқылы, тәуелсіз елдерін іріктеп-сұрыптауға ешкім арнайы өкілеттік бөлген жоқ. Әрі десе альянс ғаламшар тұрғындарының небәрі 10 процентін ғана қамтып отырған ұйым екенін ұмытпау керек.

14 маусымдағы Брюссель саммитінің коммюникесінде "Ресейден төнген қауіп" мәселесіне оннан астам (9 – 15, 25, 46, 50, 54) тармақ арналған. Салыстыру үшін айтсақ, Корея мен Иран жайы жалғыз тармақта (51 және 52) аталса, "қытай қаупі" тек екі (55-56) тармақта көрсетілген.

Иран, Ауғанстан, Ливия, Югославия, Сирия аумағындағы соғыс әрекеттеріне қатысы бар альянстың "Ресейдің агрессивтік әрекеті еуроатлантикалық қауіпсіздікке қауіп төндіріп тұр" деген сыңайлы мәлімдеме жасауы жараспайтын қылық. Бірақ коммюникеде блок 25 жыл бойы Ресеймен әріптестік орнатып, өзінің халықаралық міндеттерін атқарып келе жатқанына қарамастан, "Ресей құндылықты, ұстанымды, сенім мен міндеттемелерді аяқ асты етіп келе жатқаны" жазылған.

Сонымен қатар аталған құжатта Мәскеу "өзі басып алған аумақтарды", яғни Украинаға Қырымды, Грузияға Абхазия мен Оңтүстік Осетияны, Молдоваға Приднестровьені қайтаруы керек деген пікір көрсетілген. Олай болмаған жағдайда Брюссельдің "қауіпсіздік саласындағы жағдай ушығатындай әрекеттерге көшетіні" айтылған.

Солтүстікатлантикалық альянс Ресейдің әскери қуаты артып жатқанына алаңдаушылық танытып отыр. Алайда альянс шекарасына Ресей бірінші болып жақындамағанын, НАТО ресейлік шекараға дейін әскерін орналастыруды кеңейткенін де ескерген жөн. НАТО – гуманитарлық ұйым емес, қауқарлы әрі қарулы альянс болғандықтан, Мәскеу мен Минсктің өз аумағын қорғау мақсатында сәйкес әрекетке көшуі заңды.

Жалпы НАТО-ның Ресейге қатысты айыптаулары әлі таусылар емес. "Ресей қарапайым қарулы күштердің тұрақтылықтан айыратын оқу-жаттығуларына көп мән беріп, ядролық қару саласында агрессивті әрекеттерін тоқтатпай отыр" деген мәлімдеме осыған дәлел. Бірақ әлемнің барлық елі өз аумағында әскери маневрге негізделген оқу-жаттығулар өткізсе, НАТО керісінше басқа елдердің аумағында осы шараларды қамтып келеді.

Ресей ядролық қару қолдану арқылы әлемнің ешбір еліне қысым көрсеткен емес немесе әскерді мұхиттың арғы бетіне жеткізу әдісімен Мексиканың солтүстігінде, Канаданың оңтүстігінде әскери маневр ұйымдастырып жатқан жоқ. Ресейлік оқу-жаттығулар тым ауқымды ма? Ендеше РФ территориясы әлем бойынша ең үлкен аумақты алып жатқаны белгілі. Сондықтан қорғануды қамтамасыз ету үшін сәйкес көлемде қару-жарақ пен техника қажет болатыны айқын.

НАТО коммюникесінде былай деп жазылған: "Украинадағы қақтығыс қазіргі жағдайда күн тәртібіндегі бірінші кезектегі мәселе болып отыр". Мәскеуге қатысты айыптаулар қоса ұсынылған. Алайда Ресей Украинадағы азаматтық соғыста өзін дауласушы тарап ретінде санамайды. 

Коммюникеде көңіл аударуға тұрарлық тағы бір тармақ бар: "НАТО-ға мүше мемлекеттер Беларусьте 2020 жылдың тамызында басталған оқиғалардың барысына қатты алаңдаушылық танытып отыр. Беларусьтің саясаты мен іс-әрекеті өңірлік тұрақтылыққа қауіп төндіріп отыр". Аймақтағы тұрақтылықты шайқалтатын қандай іс-әрекет жайлы сөз болып отыр? Альянс одан гөрі Франциядағы "сары жилеттердің" қарсылық акцияларына, АҚШ-тағы Капитолийге басып кіргендер жайына алаңдағаны жөн болар еді. Жалпы қаіргі уақытта еш себепсіз жұдырық сілтеуден, асыра айтылған айыптаулардан гөрі тең құқылы тараптар келіссөздер жүргізіп, ымыраға келуі әлем үшін әлдеқайда пайдалы болар еді.

10
Су-57

Су-57 жойғыш ұшағына қызығушылық танытқан елдер саны артты

32
Көп функциялы Су-57 жойғыш ұшағы Ресейдің әуе-ғарыш күштеріне 2020 жылдың желтоқсанында қабылданған болатын. Бесінші буынға жататын бірінші топтамалы жойғыш 2021 жылдың басында Оңтүстік әскери округке табысталды

Қазір машинаны модернизациялау жүріп жатыр. Нәтижесінде ұшаққа екінші кезеңдегі жетілдірілген қозғалтқыштар, жасанды интеллект пен бірқатар қару-жарақты орталықтан автоматты түрде басқару тетігі орнатылады деп жоспарланған.

Бесінші буынның Су-57 ұшағы әуедегі, жердегі және су үстіндегі кез келген нысанды жоюға арналған. Оның дыбыстан жоғары крейсерлік жылдамдығы, фюзеляжішілік қару-жарағы, радиотолқындарды жұтып қоятын жабыны және борттық жабдықтардың жаңа кешені бар.

Су-57 жоғары маневрлілігі және жауынгерлік сипаттамалары жағынан ерекшеленеді. 2024 жылдың соңына дейін Ресей ӘҒК 22 бірлік Су-57 алса, 2028 жылға дейін олардың әскердегі саны 76-ға жетеді деп көзделуде. Содан кейін Су-57Э Ресейдің шетелдік одақтастары мен стратегиялық серіктестеріне экспортталады.

Батыстық сарапшылардың есебі бойынша, ресейлік Су-57 ұшағын сатып алушылар кезегінде ондаған мемлекет тұр. Бұл жағдайға жақында ғана америкалық F-35 жобасының сәтсіздігі мен АҚШ әскери-әуе күштерінің бұл машинаны 2022 жылы іске қосудан бас тартуы да әсер етті.

Ресейдің өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуров жақында ғана 2021 жылы бекітілген кестеге сәйкес Су-57 құрылысы үдетілетінін мәлімдеді. Ұшаққа "Сатурн 30" жаңа қозғалтқыштары орнатылып, олар 2022 жылы әскерге жеткізіледі деп жоспарланып отыр. Бірінші кезең қозғалтқыштары (АЛ-41Ф1) көп дегенде бес машинаға орнатылады.

Сонымен қатар Су-57 жойғыштарының өндірісін үдету 2024 жылы да белгіленіп отыр. Қарулану мен авиониканың жаңа жүйесі аясында Су-57 планерінің конструкциясында да елеулі өзгерістер болады деп күтілуде.

Денис Мантуров ресейлік ұшқышсыз ұшу аппараттарының жүйесі Су-57 ауыр жойғыш ұшақтарымен бірлесе отырып жауынгерлік басқарудың әуе орталығына айналатынын атап өтті. Кейбір дереккөздер Су-57 кабинасынан бірнеше соққы жасаушы ұшқышсыз ұша алатын ұшақтарды басқару мүмкіндігі қарастырылып жатқанын жазды.

Су-57 жойғыш ұшағының жасанды интеллекті соғыс кезіндегі басқару жүйесіне кіріктірілген. Сондықтан басқарылатын жойғыш ұшақтың өзі адамның қатысуынсыз-ақ алдағы тапсырмалардың 90%-ін орындай алады. Бұл алдын ала орнатылған бағдарламаның арқасында мүмкін болады. Егер соғыс кезінде ұшқыш жараланса немесе көз жұмса, Су-57 ұшағының электронды "миы" нысандарға сәтті соққы жасап, автоматты режимде базаға қайта орала алады.

 Су-57
© Sputnik / Андрей Станавов
Алдағы уақытта Су-57 мен "Охотник" ұшқышсыз ұшатын аппаратын біріктіре отырып пайдалану мүмкіндігі де қарастырылып жатыр. Бұл екі машина да Сухой тәжірибелік-конструкторлық бюросында дайындалған. Бұл мақсат жүзеге асырылса, 20 тонналық "Охотниктер" басқарылатын Су-57 ұшағымен әуедегі және жердегі нысандардың көзін жойып, тапсырмалардың кең спектрін орындай алады.

Су-57 жойғыш ұшағының қауіпсіздік жүйесі де осал емес – оның радарлары, лазерлері, радиоэлектронды құралдармен күрес жабдықтары бар. Сонымен қатар әрекет ету қашықтығы сәйкесінше 195 және 400 километр болатын "әуе – әуе" К-77 және Р-37М зымырандарымен жабдықталған.

Соғыс кезінде Су-57 жойғыш, шабуылдаушы ұшақ немесе ауыр ұшқышсыз ұшу аппараттарына арналған әуедегі басқару орны қызметін атқара алады. Маневрлілігінің жоғары болуымен қатар, оның қарсыластың радарларына түсу мүмкіндігі төмен. Дыбыстан жоғары жылдамдықта әуеде ұзақ уақыт бойы ұша алатын бұл машинаның бортында шағын, орташа және үлкен қашықтыққа ұша алатын зымырандар бар.

Алжир бірінші болып 14 дана Су-57 жойғышына тапсырыс берді. Келісімшарт құны 2 миллиард долларды құрайды. Өз аумағында лицензиялық өндірісті дамытқысы келетін Үндістан да осы техниканың ірі экспорттаушысы болып отыр. Су-57 жойғышына Үндістан мен Алжирден басқа Қытай, Мьянма, Вьетнам, Малайзия, Иран және Түркия да қызығушылық танытып отыр. Соңғы мәліметтер бойынша бүгінде виртуалды кезекте Қазақстан, Эфиопия және Мысыр тұр.

32
(NaN:NaN / NaNMb / )

Путин мен Байденнің Женевадағы келіссөзі қалай өтіп жатыр тікелей эфир