Әзербайжан Таулы Қарабақта қандай қарумен соғысты?

© Sputnik / Медиабанкке өтуЗенитный ракетный комплекс (ЗРК) 9К33М3 "Оса-АКМ" ВС Азербайджана
Зенитный ракетный комплекс (ЗРК) 9К33М3 Оса-АКМ ВС Азербайджана  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Таулы Қарабақтағы 44 күндік қақтығыс кезінде Әзербайжан әскері белорустық және ресейлік өндірістің қару-жарақтары - артиллерияны, жаппай оқ атудың  реактивті жүйелерін, танкілерді және КСРО заманындағы арсеналға жататын зениттік зымыран кешендерін пайдаланды

Түріктер мен израильдік ұшқышсыз ұшу аппараттары артиллерияға көмектесіп, барлау және соққы жасау аумақтарын анықтауға ықпал етті, жаудың соғысқа қарсы тұру рухын сындыратындай көптеген бейнематериал ұсынды. Әйтсе де, соғыс әрекеттерінің сәттілігін олар қамтамасыз ете алған жоқ.

Брошенная военная техника на дороге в Физули - Sputnik Қазақстан
Әлем
Әзербайжан Таулы Қарабақта қаза тапқан әскерилердің санын жариялады
10 желтоқсан күні Бакудегі Бостандық алаңында Таулы Қарабақтағы жеңіс құрметіне әскери шеру өтіп, оған 150 дана әскери техника қатысты.

Шеру қатарында белорустық және ресейлік әскери техника басым болды. Заманауи Т-90 С танкілері, БМП-3 жаяу әскерге арналған соғыс машиналары, БТР-82А броньді тасымалдаушылары, "Солнцепек" соққы жасау жүйелері, "Смерч" пен "Полонез" жаппай оқ атудың реактивті жүйелері, "Мста-С", "Акация", "Пион" секілді өздігінен жүретін артиллериялық қондырғылар қатарында 1970-ші жылдардағы қару-жараққа жататын "Оса" мен "Шилка" зениттік зымырндық кешендері тұрды.

Түрік өндірісіне жататын дөңгелекті броньді машиналар да таныстырылды. Бостандық алаңында көрермендер "УАЗ", "Урал", "КамАЗ" автомобильдерін де тамашалай алды. Олардың кейбірінің бортында "Байрактарлар" болды. Шеру аяқталар кезде Баку аспанында МиГ-29 жойғыштары мен Су-25 штурмдаушылары, ресейлік Ми-35 пен Ми-17 тікұшақтары ұшып өтті.

Әзербайжан армиясының шеру арсеналы қару қолданудың тиімділігі, әскери мамандарды даярлау сапасы, әскерлердің тактикалық және жедел дайындық деңгейі туралы тағы да ойлануға мәжбүрлейді. Әзербайжан армиясы қару-жарақтың сапасы жағынан айқын басымдыққа ие болған жоқ. Тау бөктерінде маневр жасау кеңістігі тарылады. Сондықтан, қорғанушы әскерлердің тактикалық дайындығы қарсыластың алыстан соққы жасау артиллериясы мен барлау құралдарынан маңыздырақ.

Қару-жарақты сауатты әрі тиімді пайдалану сол қарудың тактикалық-техникалық мүмкіндіктерінен маңызды рөл ойнайды. Қарабақта әзейрбайжандар LORA жедел-тактикалық зымыран кешенін бір рет – Акар өзенінен өтетін көпір бойында ғана қолданды. Алайда, Әзербайжан әскеріне тиесілі әуедегі шабуылға қарсы әрекет ететін "Оса" қондырғыларының бортында армяндардың ұшқышсыз ұшу аппараттарын құлатқанын білдіретін жұлдыздар жарқырап тұр.

Қарабақтағы бітімгершілік: Әзербайжан, Армения және Ресей қандай келісімге келді? - Sputnik Қазақстан
Видео
Қарабақтағы бітімгершілік: Әзербайжан, Армения және Ресей қандай келісімге келді?
Сол себепті, сыналар сағатта модернизацияланған әрі салыстырмалы түрде арзан "Оса" кешені 100 миллион доллар тұратын және әрбір зымыраны бір жарым миллионды құрайтын "Лоарадан" айтарлықтай тиімді екенін көрсетті.

Тектен-тек мұндай мысал келтіріліп тұрған жоқ. Себебі, армяндардың "Осасы" соғыс әрекеттері кезінде өзін жақсы көрсете алған жоқ. "Барактар" секілді ұшқышсыз ұшу аппараттары оларды оңай анықтап, көздерін жойды. Іс жүзінде барлығы керісінше болуы керек еді. Баку мәліметі бойынша "Оса" ЗЗК 40 кешені, "Тор" ЗЗК 5 бірлігі, "Куб" ЗЗК 4 бірлігі, "Застава" 14 зенитінің көзі жойылған. Бұл жерде қарсыласты жете бағаламау немесе өз мүмкіндіктерін асыра бағалау болған секілді.

Әзербайжандардың "Осасы" бұған дейін белорустық "Тетраэдр" кәсіпорнының көмегімен модернизациядан өткен болатын. Белорустық мамандар электроникасын жаңғыртып, зениттік змырын кешенін әлдеқайда қырағы етті әрі алыстан әрекет ету қабілетін арттырды.  Енді Т382 зымырандары 10 мың метр биіктікте 20 километрге дейінгі қашықтықта нысанды дәлдей алады.

Белорустар дәл осындай модернизацияны армяндарға да ұсынған болатын. Бірақ, Ереван бұл мәселеде ақша үнемдеуді қалады. Себебі, соңғы жылдары Ресей Арменияға "Бук-М1-2", "Тор-М2КМ" зениттік зымыран кешендерін жеткізіп, "Автобаза-М" радиотехникалық барлауға арналған жер үстіндегі кешендерімен қамтамасыз еткен болатын.

Ереван үшін "Мызғымас бауырластық" әзербайжан-түрік бірлескен әскери оқу-жаттығулар жайы құпия емес еді. Бұл шара Әзербайжан аумағында тұрақты өтіп, Нахичеван Автономдық Республикасын ғана емес, Гянджи Кюрдамир, Евлах сыртқы аумағын және Таулы Қарабаққа жақын басқа да елді мекендерді қамтыды. Сондықтан, жүйелі жауапты алдын ала әзірлеу керек еді.

Әскери дәрігерлер Таулы Қарабақ тұрғындарын қалай емдеп жатыр - видео - Sputnik Қазақстан
Видео
Әскери дәрігерлер Таулы Қарабақ тұрғындарын қалай емдеп жатыр - видео
Жауды жеңуге Бас штабтың жоспарларымен соғысқа дейін қам жасалады. 27 қыркүйекте Қарабақ аспанында израильдік және түріктердің ұшқышсыз ұшу аппараттары пайда болған кезде бұл ұзақ мерзімді қақтығыс өршуінің ықтималдылығы еді. Армян жағы бұған ширек ғасырдан астам уақыт дайындалуы керек еді.

Әрі қарайғы соғыс қимылдары Арменияға қарағанда Әзербайжанның технологиялық тұрғыдан дайындығы жоғары болғанын дәлелдеді. Әзербайжан әскері жаудың қорғанысындағы әлсіз тұстарын дәл тапты. Арямдардың логистикасы, тыл және бүкіл әскери ұйымдастырылуы жоғары деңгейде бола алмады.

Жаңалықтар
0